2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Анатомия пәні және маңызы. Клиникада және медицина практикасында анатомия



Pdf көрінісі
бет2/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

1. Анатомия пәні және маңызы. Клиникада және медицина практикасында анатомия 
пәнінің маңызы. Анатомиялық тексерістердің шаралары және әдістері.
АНТИПЛАГИАТ.РУ – 81,47 % 
Анатомия - адам ағзасының құрылысын, пішінін, атқаратын қызметін және оның 
қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылым болып табылады. Грек тілінен 
аударғанда – “аnаtome” – кесемін деген мағынаны білдіреді. Кесу немесе сою анатомия 
ғылымының негізгі зерттеу әдістерінің бірі.
Адам анатомиясының негізгі міндетіне - адам ағзасындағы көзге көрінетін және 
көрінбейтін мүшелердің даму заңдылықтарын ашу және мүшелердің қалыпты жағдайын 
патологиялық күйінен ажыратуға көмектесу. Сондықтан да анатомия пәні – медицина 
ғылымының негізгі бір саласы болып табылады.
Бұрында ескі сипаттамалық анатомия тек адам құрылымын сипаттаумен ғана айналысты. 
Оларды атқаратын қызметіне байланыссыз зерттеді де, организмнің даму заңдарын ашуға 
ұмтылмады, яғни метафизикалық ғылым болды. Қазіргі кездегі анатомия үшін сипаттау 
құрылымды зерттеудегі әдістердің біріне айналып отыр. 
Қазіргі анатомия тек қана фактілерді сипаттамайды, сонымен қатар оларды 
қорытындылап, организмнің қалай құрылғанын айтып қана қоймай, оның неліктен бұлай 
құрылғанын белгілеп, организмнің, оның мүшелері мен жүйелерінің құрылысы мен даму 
заңдылықтары қандай екенін анықтауға ұмтылады. Онымен қатар ол организмнің ішкі 
және сыртқы байланыстарын зерттейді. 
Адам организмі бүкіл өмір барысында өзгермей, бір қалыпта қатып қалған жүйе емес. Ол 
пайда болғаннан өлгенге дейін, яғни бүкіл өмір барысында өзгеріп отырады. Сонымен 
қатар, адам жануарлардың кейбір түрлерімен туыстық белгілері байқалатын ұзақ мерзімді 
эволюцияның өнімі болып табылады. Сондықтан анатомия ересек адамның құрылысын 
зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге адам организмінің тариха даму барысында қалай 
қалыптасып, дамығанын да зерттейді. 
Яғни, осыған байланысты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет