2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Мидың қатты қабығының қойнаулары



Pdf көрінісі
бет199/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

Мидың қатты қабығының қойнаулары


1) Жоғарғы сагиталді қойнау, sinus sagittalis superior, үлкен ми сыңары аралығының 
жоғарғы шекарасының көтеріңкі бөлігінде орналасады. 
2) Төменгі сагиталді қойнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми сыңарасының төменгі бөлігін 
көлбей орналасып, тік қойнауға келіп құйылады. 
3) Көлденең қойнау, sinus transversus, шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасқан. Ол ең ірі 
қойнаудың бірі болып табылады. Төбелік сүйегінің емізік бұрышында ол сигматәрізді 
қойнауына, sinus sigmoideus, ұласады. 
4) Тік қойнау, sinus rectus, мишык шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы 
сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына құйылады. 
5) Үңгірлі қойнау, sinus cavernosus, бұл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. 
Көлденең бөлігінде ол үшбұрыштәрізді болады, оның үш қабырғасы ажыратылады: 
жоғарғы, төменгі және ішкі.
6) Сына-тобелік койнау, sinus sphenoparietalis, жұп, сына сүйегінің кіші қанатына медиалді 
түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді. 
7) Жоғарғы тасты қойнау, sinus petrosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып 
табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау 
мен көлденең қойнауын байланыстырады. 
8) Төменгі тасты койнау, sinus petrosus inferior, үңгір қойнауынан шығып, шүйде сүйегі 
мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. 
9) Негіздік өрім, plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. 
Төменгі тасты қойнаудың бірнеше дәнекер тінді веналық тамырларының жабылуы 
арқылы құрылады. 
10) Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең 
койнаудан шығып, 2-ге тармақталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді 
қойнауға құяды. 
181.Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалдық маңызы 
88,55% 
Жұлын ми сұйықтығы ми қарыншалары мен субарахнаидальды кеңістікті толтырып 
тұратын организмнің спецификалық сұйық ортасы. Ересек адамдарда ликвор орташа 
мөлшері 110-115 мл құрайды. Жалпы мида ликвордың таралуына тоқталсақ, әрбір 
қарыншада 15 мл, 3 ші, 4 ші қарыншада сильвиев өзегімен бірге 5 мл ликвор сұйықтығы 
бар, жұлында 75 мл, ал балаларда 40-60 мл құрайды. Жалпы оның көп бөлігі торлы қабық 
асты кеңістікте, аз мөлшері ми қарыншаларында болады. Ми жұлын сұйықтығы түссіз, 
мөлдір сұйықтық. Бас ми жұлын ауруларында түсі, қысымы өзгеріп отрады. Жалпы ми 
жұлын сұйықтығының түзілуінен тоқталатын болсақ, бізде ол безде клеткалардың 
белсенді секреция жолы арқылы ми қарыншаларының тамырлы өрімдерімен түзіледі. Бұл 
тамырлы өрімдер бүйір, 3ші және 4ші ми карыншаларында орналасқан мидың жұмсақ 
қабатының туындысы болып табылады. Жалпы осы ми жұлын сұйықтығының айналымы 
бізде үнемі жүріп отырады, ол бүйір қарыншаларнан Монро тесігі арқылы 3 ші 
қарыншаға, одан Сильвиев суқұбырынан өтіп, 4 ші қарыншаға су құяды. 4 қарыншадан 
Можанди және жұп Люшка тесіктері арқылы субарахнаидальды кеңістікке барады. Ми 
мен жұлынды қоршап жатқан суарахнаидальды кеңістікте ликвор бас пен омыртқаның 
қозғалысы, сонымен қатар тыныс алу, ми пульсациясына байланысты әртүрлі бағытта 


баяу айналады. Жалпы ми жұлын сұйықтығы көктамыр құбырлары бойындағы торлы 
қабықтың айналдырылған қапшықтарынан құрылған пахин түйіршіктері арқылы қайта 
сіңіріліп отырады. Негізгі қызметтеріне тоқталсақ, ол мидың сыртынан қоршап тұрып, 
шайқалулардан,ұрудан қорғайтын қосымша механикалық қорғаныш қызметін атқарады. 
Сонымен катар, ми тіндерінде осматикалық қысымды бір деңгейге ұстап тұрады, ми 
құрылымында алмасуыды қалыпқа келтіру арқылы миды қоректендіріп отырады. 
Сонымен қатар орталық жүйке жүйесін әртүрлі бөлімінің белсенділігін өзгертетін 
тұрақтандырғыш молекулалар тасымалдайды. Мидың жасушалары мен қан 
жасушаларының арасын байланыстырып отырады, нейрондарды тіршілік әрекеті 
нәтижесінде пайда болған керексіз заттардан тазартады. Ми нейрондарын бір бірімен 
гормондары әртүрлі метоболиттер яғни адреналин,серотонин, гистомин деген секілді 
солар арқылы байланыстырып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет