2 орта мектептің 10 –сынып оқушысы Жексембет Амалсұлудың «Өлеңім өрмегім»



Дата06.01.2022
өлшемі13,4 Kb.
#12613
Байланысты:
амалсұлу титулка




2 орта мектептің

10 –сынып оқушысы

Жексембет Амалсұлудың

«Өлеңім өрмегім»

атты жыр жинағы



Ілияс Жансүгіровке арнау
Біз қазақпыз ақынын ардақтаған,
Жырыңмен сусындап айбаттанам..
«Алашым» деп аһ ұрған ақын бабам,
Мен өзіңе жырымды арнап бағам
Алашым арқау болған арман жырға,

Ақынның бәрі сендей арманшыл ма?...

Табиғат тылсымына тіл бітіріп,

Желмен ұшқан мақсатың арман шыңға ...


Жүрегіңмен сүйіпсің Алаш елін,

Әділеттің аңдапсың ара, шегін.

Ар-намысын қорғапсың қазағыңның,

Азаматтық ісің ол аға сенің.


Жырларың шежіресі Жетісудың,

Өрлік боп өрілген пәк жатыр-ау мұң ...

Өмірді өлең қылып өткен жүрек,

Неткен кең, неткен дарқан ақыл-ауқым...


Жаз соңы соғады ғой күз кезеңге,

Қарамас қайсар шындық жүз дегенге.



Табамын жырларыңнан жанға демеу,

Жалғанда Құлагерді іздегенде.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет