30.01. – 04.02.2023ж. күндері аралығында біздің практикамыз мектептегі психологиялық қызметтің негізінде болды. Практика барысында мектеп психологының жұмысының жүгі қаншалықты ауыр екендігін міндеттері мен құқықтарына қарап түсіндік деуге болады. Нәтижесінде мектеп психологы келесі бағыттар бойынша атқаратынын білдім: психологиялық-педагогикалық диагностика; денсаулық сақтау шаралары; түзету-дамыту жұмыстары; психологиялық-педагогикалық кеңес беру; басқару процестерін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; психологиялық алдын алу және тәрбиелеу; әдістемелік жұмыс. Мұғалімнің мектептегі басты міндеттерінің бірі тек өз пәнін түсіндіру емес, сонымен қатар оқушы тұлғасын қалыптастыру екенін аңғарып, дұрыс меңгеру үшін практика барысында оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің міндеттерін толықтай талқылап, қарастырдық.
3-апта
06.02. 2023 1.02.2023
3 апта тапсырмалары бойынша конференция жасап, оларды толықтай талқыладық. Конференцияда психологиядағы негізгі зерттеу әдістері бақылау ж\е эксперимент және де қосалқы зерттеу әдістері сауалнама, тест, анкета, әңгіме әдісі ж\е тағы да басқаларымен таныстық. Бұл әдістер жайлы толық ақпарат, олардың түрлері, қай жағдайларда қолданылатындығы жайлы толық біле алдық. Теория жүзінде талқылап, өмірмен, мектеппен байланысын анықтадық. Мысалы, қарапайым мектеп қабырғасында Сауалнама әдісін пайдалану арқылы көптеген сауалдарға шешім тауып, дұрыс қолдану ережесімен таныстық. Осы үйренгендерімді болашақта іс-жүзінде қолданарым анық деп нық сеніммен айта аламын.
4-апта
13.02. 2023 18.02.2023
4-аптаны психикаға толық арналған апта деуге болады. Себебі, психикалық процестер ұғымы, түрлері мен сипаттамасы, психикалық күйлер ұғымы, сипаттамасы және түрлері, психикалық қасиеттер ұғымы, сипаттамасы және түрлері және психикалық процестерді толық зерттедік. Ұғымдармен танысып, біліп, олардың сипаттамасымен және де түрлерімен танысып болған соң, осы аптаның практикасы ретінде тест әдісімен, оның түрлерімен таныстық. Бұл психологияда адамның жеке басында психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белігілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Апта қорытындысы бойынша, біз осы жолы педагогтың өмірінде психологияның алатын орны ерекше екендігін, қарапайым тест әдісімен оқушы жағдайына баға беру мүмкіндігін игердік.