2. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы



бет1/3
Дата07.06.2023
өлшемі40,5 Kb.
#99350
  1   2   3
Байланысты:
Ата-аналарға арналған тренинг


Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып- білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.
Осындай формада мектеп психологымен бірлесіп өткізілген ата-аналар жиналысының үлгісін сіздермен өткізсек.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
2. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы
Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.
Сіздің бойыңыздағы қасиеттер сәйкес келе ме, жоқ па анықтау мақсатында шағын психологиялық тест жүргізіп көрейік. (ауызша тест)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет