Сабақтың тақырыбы: Деректерді сұрыптау Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата14.01.2023
өлшемі146,69 Kb.
#61266
түріСабақ
Байланысты:
9 сынып инф 11


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік графика

Педагогтың аты-жөні




Күні

05.12.2022

Сынып: 9

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Деректерді сұрыптау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.4- растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Деректерді сұрыптау ұғымымен танысу.

Көптеген оқушылар:

Деректерді сұрыптау түрлерін анықтау.

Кейбір оқушылар:

Деректерді сұрыптауды қолданудың қажеттілігін тұжырымдау



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой сергіту
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

  • Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта,

топта, ұжымда).
«Өкіл» әдісі
Оқушылар басқа топтан келген өкілдерге өткен сабақта берілген өз мектептері туралы құрған мәліметтер қорын түсіндіріп береді.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.









Сабақтың ортасы



Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)

  • Күнделікті өзіңе керекті ақпаратты қалай сұрыптап, реттеп отырасың?

  • Үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуде деректерді сұрыптауды қаншалықты маңызды деп ойлайсың?

  • Дерекқормен жұмыс жасауда сұрыптауды қандай мақсаттарда қолданады?

Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.
Практикалық жұмыс
1-тапсырма. Төменде «Әлемдегі ең биік ғимараттар мен құрылыстар» реляциялық дерекқорының бір бөлігі берілген (7-сурет). Осы деректер бойынша:

    1. Ең биік құрылысты;

    2. Елімізде орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың санын;

Құрылыстардың салынуы жағынан ең ескісі мен ең жаңасы бойынша реттеңдер.



Дескриптор
Реляциялық деректер қорында мәліметтерді сұрыптайды.


2-тапсырма. А-дан Я-ға және Я-дан А-ға дейін сұрыптау әдісімен деректер базасын реттеу

  1. «Атауы» бойынша әліпби ретімен сұрыпта.

  2. «Биіктігін» өсу бойынша ретте.

  3. «Жыл» бойынша кему ретімен ретте.

Дескриптор
Алфавит әдісі бойынша дерекқорын сұрыптайды.
Оқушылардың жұмыстарын бағдаршам арқылы бағалау. Бағдаршам суреті салынған плакат, стикерлер.

Мұғалімді тыңдайды





Сабақтың соңы

  1. Мәліметтерді сұрыптау дегеніміз не?

  2. Excel-де деректерді сұрыптау және іріктеу командасы менюдің қай бөлімінде орналасқан?

  3. Excel кестелерінде сұрыптау қалай орындалады?

  4. А-дан Я-ға дейін және Я-дан А-ға сұрыптаудың қандай ерекшелігі бар?

  5. Сұрыптау (Сортировка) қандай мақсатта қолданылады?

  6. Сұрыптау (Сортировка) диалогтік терезесінде сұрыптау қалай жүзеге асады?


«Сенім ағашы» әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып ағашқа жапсырады

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

  1. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мыңөзен бар. Олардың ішінде Ертіс,

Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу сияқты 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады. (Укипедия). Төмендегі кесте.

    1. Excel программасына кестені енгіз. Оны өз қалауыңша форматта. Өзендердің ұзындығы бойынша диаграммасын құрыңдар.

1.2 тапсырма. Өзендердің арасында Қазақстан аумағынан ағып өту ұзындығы бойынша ең қысқасынан ең ұзынына қарай сұрыпта.
1.2. Өзендерді ұзындығының артуы бойынша сұрыпта.











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет