гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп аталады. Гепарин - қанды ұйытпай сұйық қалпында сақтайтын зат. Базофилдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат - гистаминді бөліп шыгарады.
Эозинофильдер
гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады жэне кұрамында гистамині көп өлі базофил түйіршіктерін қармап алып қорытады. Сондықтан да эозинофилдердің саны аллергиялык әсерленіс кезінде көбейіп кетеді жэне канда гистамин өте көбейеді. Эозинофил белоктан тұратын уытты заттарды (токсиндерді) залалсыздандЬірады, антитән калыптастыруга катысады, плазмоген (фибринолизин) жасайтын затты бөліп шыгарады.
Лимфоциттер
иммунитет қалыптастырып, бүкіл денедегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттарды, жасушаларды жоятын арнайы жасушалар жоне плазмалық антитәндер бөліп шығарады.
Т-лимфоциттер
сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан орі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп аталатын уш түрлі тіндерге бөлінеді. Киллер - өлтіруші жасуша ісік жасушаларын, адам денесіне жат агзалар мен тіңдерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет жасуша. Ол сондай-ақ медиатор - лимфокин бөліп шыгарады, Лимфокин озге жат жасушаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, макрофагтардың әсерін күшейтеді. Хелпер - көмекші жасуша, В-лимфоцитпен өрекеттесіп, оны плазмалық антитэн шыгаратын жасушага айналдырады. Антитэн антигенмен эрекеттеседі. Супрессор - қысым көрсетуші (реттеуші) жасуша. Ол В-лимфоциттің жэне Т -киллер реакциясы күшейіп бара жатса тежеп отырады. Т -лимфоциттер арасында иммунитетті ұзартатын еске сактау жасушалары да бар.
В-лимфоциттер
жілік майында түзіліп, ішек пен буйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтық тіндерінде , бадамша бездерінде одан әрі дамиды. В-лимфоциттер мен Т -лимфоциттер өзара әрекеттескен соң иммунды глобулиндер (антитәндер) шығарады (гуморалдык иммунитет).
Лимфоциттер жасушалардың креаторлық байланысын сақтауға қатынасады, яғни басқа жасушалардың генетикалық қызметін реттейтін информация жеткізетін макромолекулаларды тасиды.