5
Хантәңірі
g. hantaniri@mail.ru.
2015— Қой жылы, сенбі, 14 наурыз
Озық тәжірибе— ортақ қазына
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға
моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып,
композициялық панно жасау;
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақ
тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін
арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың
бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық
мақсаты:
өз
бетінше
жұмыс
істеу
дағдысын
қалыптастырып,
шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік
мақсаты:
оқушыларды
төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық
талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі -
иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: биология - гүлдердің
түрлері, құрылысы; математика; бейнелеу өнері
- композиция құру, түстерді таңдау; тарих -
бисердің пайда болу тарихы.
Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған
бұйымдар
үлгілері,
сызбалар,
кітаптар,
журналдар, плакат.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су
моншақтар, бисер, картон, сым темір, қайшы,
бисер салатын ыдыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен
амандасу,
сабаққа
дайындығын
тексеру,
оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен
міндеттерімен таныстыру
4.
Жаңа
тақырыппен
таныстыру,
сумоншақпен (бисерлермен) гүл тоқу.
Бисердің шығу тарихы: Бисер тоқу өнері
ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан
халық шығармашылығының және әшекей
бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен
жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті
жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша,
шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді
де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар
ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан
жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет
елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде
халық шығармашылығының осы түрі жаңа
өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті,
шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті
талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына
Сабақтың тақырыбы: Әшекейлі ағаш
беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Сабақтың
мақсаты.
Білімділік
оқушыларға әшекейлі ағаш беттеріне өң
беру және күйдіру әдістері жайлы мағлұмат
беру.
Дамытушылық. Пирография техникасы
туралы оқушылардың ой- өрісін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды шеберлікке,
ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Аралас.
Сабақтың әдісі. Баяндау, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі. Электр күйдіргіш
құрал,
оқулық,
ағаштан
жасалған
бұйымдар.
Пәнаралық байланыс. Физика, биология,
сызу, сурет.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру
Сыныпқа кіру, оқушылармен сәлемдесу,
сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші
арқылы оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру
Құрастыру арқылы бұйымдар жасау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ағашты күйдіріп әрлендіруді кейінірек
пирография деп атады, өйткені ол кезде
ағашты бұлай өңдеу әлі кеңінен тарай
қойған жоқ еді. Күйдіруге арналған
аппараттар
жетілдірмеген
болатын.
Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен
платина ине қыздырылатын. Иненің
қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер
бензинді ауық-ауық басқышпен үрлеп
тұруға мәжбүр болады. Алайда техникалық
қиындықтарға қарамастан, пирография
дамуын жалғастыра берді.
Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан
кейін пирография ағашты көркемдеп
өңдеудің ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісіне
айналды. Оны сондай-ақ былғары, сүйек,
қатырма қағаз т. б. материалдарды өңдеуге
қолданды. Қарапайым электр күйдіргіш
бәсеңдегіш трансформатордан, реостаттан,
тұтқадан және штифт деп аталатын
ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.
Реостаттың орнына /ЛАТР/ қолданған
жақсы. Ол жұмыс істеуге қолайлы және әр
түрлі өнді- ашық сарыдан қара қоңыр түске
дейін күйдіруге мүмкіндік береді. Күйдіруге
жұмсақ жапырақты ағаштарды- көк терек,
жөке, қандыағаш, теректі қолдану тиімді.
Егер күрделі суретті күйдіріп салу керек
болса, оны көшірме қағаздың көмегімен
ағашқа түсіреді. Оюды әдетте алдын
ала жасалған суретсіз, мәнерлі таңбалы
штифтермен
орындайды
/76-сурет/
Сынау тақтайшасындағы күйіктің қажетті
үндестігін тапқаннан кейін, бұйымдағы
оюды тікелей күйдіруге кіріседі. /77-
суретке қараңдар/. Алдымен неғұрым ірі
элементтерді күйдіреді. Содан кейін штивтті
ұсақтауларына ауыстыру керек. Ең соңғы
аяқтау кезеңінде нүктелерді жүргізеді.
Электр күйдіргішпен жұмыс істегенде,
техника қауіпсіздік ережесін ұмытпау керек.
Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға
болмайды. Штифттерді аппарат тоқтан
шығарылғаннан кейін ғана ауыстырады.
Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу
керек. Күйдірілген суретті бояуға болады.
Ол үшін акварель, гуащь, майлы бояулар,
темпер, тушь, анилин бояуларын қолданады.
Ағаш
бұйымдарды
әшекейлегенде,
күйдірген жерді тыс көбейте бермеу керек.
Сурет ықшамды әрі ұстамды болуы тиіс.
Сарамандық жұмыс.
Электрмен күйдіру әдістерін орындау.
Ағаш бетіне өрнек түсіру.
Қорытынды, бекіту сұрақтары.
Ағашты күйдіру әдістері қандай.
Нәзік
әшекей
қапсырмалы
ойма
әшекейден несімен ерекшеленеді.
Ағашқа кесік із түсірудің негізгі
талаптары.
Үйге тапсырма беру.
Ерлан УСТЕнБаЕв,
№3 Кеген орта мектебі
технология пәнінің мұғалімі.
Бисерден бұйым жасау технологиясы
болады. Схемамен жұмыс істегенде есте
сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра
білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер
тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы
әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты.
Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі
күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті
пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі
ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық
көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.
Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа
қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді.
Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның
үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық
температурасынан селитра еріп, өзен құмына
араласып, сұйық әйнек болып аққан екен.
Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек
дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер
бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен
жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің
Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар
біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың
ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға,
кобальт,
мыс,
марганец
қосу
арқылы
египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті
әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де,
әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет
елімен байланысты. Оның атауы арабтың
«Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан,
мағынасы «жалған маржан». Рим империясы
Египет елін басып алғанда әйнек өндіру
Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін
Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік
жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші
шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы
мәлім бола бастады.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар,
жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған
сәндік
киімдерге
жапсырылған
немесе
түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ
киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады.
«Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып
келетін жібек жіппен лескімен орындалады.
Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша,
өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау
тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар,
мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді
көрінеді.
Жаңа сөздер:
Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы
түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3 мм түтікше
тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар
(түйме, ілгек, жіптер, композиция)
Композиция - бірнеше заттың көркем
жиынтығы және құрастыру
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу
жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-
саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс
орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе
ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы
керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға,
түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей
жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге
салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге
салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес
қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен
жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін
орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек.
Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп
соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат
сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың кең
тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни
сым темір бисердің қуысынан параллельді
өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап
көрейік.
Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар:
себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары
түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей
себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз,
яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші
қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ
екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ
ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша
жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып
тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель
тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға
пайдаланады.
Сабақты бекіту:
Енді
оқушылардың
бисер
туралы
түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып
қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты:
қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап
беру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Моншақ дегеніміз не?
3.
Бисердің
стеклярустен
қандай
айырмашылығы бар?
4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау
керек? т. б.
Қорытынды. Қорыта келгенде, жұмыстың
(композицияның) жасалуында біліктілікті,
білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен
шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге
тапсырма беру.
Шынар МҰхаТаЕва,
“а. нүсіпбеков атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру
және күйдіру әдістері
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас
құрмалас сөйлем
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімділік:
Түсіндірмелі салалас сөйлемнің жасалу
жолын түсіндіру, алған теориялық білімдерін
практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау
жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
ә) дамытушылық: ойлау қабілеттерін,
сөйлеу тілін дамыту, ой қорытып, нақты шешім
жасауға үйрету.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа
баулу; топпен жұмыс жасап, бір-бірін
тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениеттерін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,
шығамашылықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік
тапсырмалар, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Оқушылардың өткен тақырыптарды қалай
меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар
қою.
Топтастыру стратегиясы:
Ыңғайлас себеп-салдар
қарсылықты
талғаулы
түсіндірмелі кезектес
б) Жаңа сабақты түсіндіру: Салалас
құрмалас сөйлемнің келесі түрі түсіндірмелі
салалас деп аталады.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдың-
ғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы
сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап
түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі
салалас дейміз.
Топтық жұмыс. Үш топқа бөлініп,
таратылған сөйлемдермен жұмыс жасайды.
Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын
мысалдармен көрсетеді.
1-топ. Жай сөйлемдердің қалай байланысып
тұрғанын анықтау. 2-топ.
Сөйлемнің
жай
сөйлемдерінің
бір-бірімен
байланысу
ерекшелігі қандай?
Күткені де осы секілді: сырлы саз жан-
жүрегіне бойлап, елжіретуде. Қатты тебіренгені
сонша-жанары жасқа толып кетті.
1. Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз
іргелесе байланысады.
2.Бірінші жай сөйлемде көбіне сілтеу мәнді
сөздер мен сілтеу есімдіктері (сондай, сонша,
сол, мынаны, мынау, соншалық) келеді.
3-топ. Екі сөйлемнің тыныс белгілерінің
қойылу себебіне назар аудару.
Сөйлемдердің аражігіне қос нүкте немесе
сызықша (көбіне сондай, сонша, соншалық
баяндауыштарынан кейін) қойылады.
Топтарға төмендегі сызба таратылады, топ
мүшелері танысқан соң, өз мысалдарын жазып
келесі топқа ұсынады. Мысалдарының талдау
жауабына қанағаттанбаса, өз талдауларын
жасап кемшіліктерін көрсетеді.
Мысалдар
(Баяндауыштары
және
мазмұны.
Байланысу тәсілдері).
Кітаппен жұмыс. ( Жаттығулармен жұмыс
жасау).
160-жаттығу. Өлең мәтінін қарасөзбен
жазып, қандай салалас түрлері кездесетінін
анықтау.
161-жаттығу.
«Түсіндірмелі
салалас
сөйлемдерді қашан және қалай пайдаланамыз?»
деген тақырыпта өз пікірлеріңді ортаға салып,
мысалдар келтіріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Түсіндірмелі
салаласқа
байланысты
айтылған
нақыл
сөздерден мысалдар жазады.
Мысалы: Үш нәрсемен қоңсы қонба:
күйдірер отпен, ағызар сумен, атақты әкіммен.
(Ж. Баласағұни).
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа
байланысты бірнеше сұрақтар қою арқылы
алған
білімдерін
тиянақтау.
Түсінбеген
сұрақтарына жауап беру.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 162-жаттығу.
а. СалПанБаЕва,
Бөлексаз орта мектебі
қазақ тілі
пәнінің мұғалімі.
Әйелдер- ең асыл жандар
Поэзия,
менімен
егіз бе едің?
Ақиық ақын Е. ІБІТАНОВ 80 жаста
6
Хантәңірі
g. hantaniri@mail.ru.
2015— Қой жылы, сенбі, 14 наурыз
Өмірді гүлдендіретін,
Көңілді түрлендіретін
Үйде де түзде, жұмысты.
Қайыспай сүйреп жүретін
Тыныштық тілеп әлемге,
Соғатын жүрегі әуелде.
Әйелдер ең асыл жандар.
Елші боп жүреді әр елде.
Төзетін аяз, ызғарға.
Көнетін дауыл, мұз- қарға.
Пейілді аямау керек,
Мейірлі әйел, қыздарға.
Уақытың ең көп етсе ғой,
Бақытқа ерте жетсе ғой.
Күнім деп барлық қыздарды,
Гүлім деп еркелетсе ғой.
Үйде де тыным таппайтын,
Әйелдер шаршамайтындар,
Демалам деп бір айтпайтын,
Тіпті оны аңсамайтындар.
Әйелдің дара басында,
Бар жұмыс төніп тұрғанмен
Ай, жыл да, ара –арасында ,
Демалыс беріп тұрған жөн.
Шеризат.
СәрСенбайұлы,
Кеген ауылы.
Ақиық
ақын
Мұқағали,
ер ақын Еркіндей танымал
тұлғалар туған өлкеде, тәкаппар
Хан Тәңірдің етегінде, қасиетті
Нарынқол төрінде ел- жұрт
«ғажайып сәттің» куәгері болды.
Нарынқол ауылынан түлеп
ұшқан жас ақын Байжұма Медет
Серікұлының
сәрсенбінің
сәтті күні шығармашылық жыр
кеші - «Ғажайып сәт» атты жыр
жинағының тұсаукесері болып
өтті. Жыр кешіне жиналған
ауыл
тұрғындарының
көптігі
сондай – кеш аяқталғанша,
орын
жетпегендері
тікесінен
тік тұрды. Бұл жас ақынның өзі
туған ауылына танымал, мектеп
қабырғасында
жүріп-ақ
аты
шыққан, «ақын бала» деп ат
қойып, биікке қанат қаққан жас
қыранға деген халықтың құрметі
еді.
Байжұма Медет 1995 жылы
Нарынқол ауылында дүниеге
келген. Б.Соқпақбаев атындағы
мектеп түлегі. Ол - оқушы
кезінен-ақ республика, облыс
көлеміндегі
түрлі
байқаулар
мен олимпиадалардың жүлделі
орын иегері атанып, 2012 жылы
Райымбек ауданы бойынша «Жыл
оқушысы», Нарынқол ауылдық
округі бойынша көптеген мәдени
іс-шараларға қатысып «Үздік
жүргізуші» дәрежесін иеленген
жас дарын. Медет алғашқы
шығармашылық
кешін
10-
сыныпты оқып жүргенде өткізіп,
жұрттың ықыласына бөленген.
11- сыныпты бітірерде ауылдық
мәдениет үйінде ауыл тұғындарына
екінші рет өз шығармашылығынан
кеш өткізгені де ел есінен кете
қойған жоқ болатын. Араға екі
жыл салып ауылға бет бұрған
жас ақынның шығармашылығы
қалыптасып, ақындық жолда
Ғажайып сәт
Сәт-сапар
қырандай қалықтап қияға самғай
бастағаны ел-жұртын қуантып
тастады.
Мектеп
өмірімен
қоштасып, алдына биік мақсат
ұстанған сәтте ауыл ақсақалдары
ақ батасын беріп, ауылдың
кәсіпкер азаматтары мен оқытқан
ұстаздары,
ауыл
азаматтары
демеушілік жасап, жастайынан
тағдырдың қиын қасіретін
басынан өткерген жас дарынға
қолдау көрсетіп, оның дұрыс
жолға түсуіне бағыт-бағдар беріп,
іштей тілеулес болып аттандырған
болатын. Жастайынан әкесінен,
мектеп бітіре сала анасынан
айырылған Медет қиындыққа
мойымай, ел-жұртының үмітін
ақтай білді. «Ерім деген ел
болмаса, елім деген ер қайдан
шықсын» деген сөзді көңілге
нық түйіп, ел үмітін ақтаймын
деген сеніммен ауылдан аттанған
жас ақын Алматы қаласындағы
полиграфия колледжіне оқуға
түседі. Оқи жүріп өзі сияқты өнерлі
жігіттермен танысады. Оқуды
тамамдаған соң, әр түрлі жұмыс
істей жүріп шығармашылықпен
айланысады.
«Ғажайып
сәт»
атты
шығармашылық
кешін
Медет ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевтың
өлеңін
оқумен
бастады. «Өлеңге деген әуестігім
мектепте бастауыш сыныпта оқып
жүргенде-ақ Мұқағали жырларын
оқудан басталған, ұлы ақынды
аттап кетсем, қиянат болар, маған
шабыт берген Мұқағали өлеңі,
қолдаушым ақынның рухы,»-
деп ағынан жарылған ақын әрі
қарай өз шығармашылығына
кезек берді. Отты өлеңдері
көрерменнің көңілінен шықты.
Әсіресе әкесіне, анасына арнаған
өлеңдері көпшіліктің көңілін
босатып, тебірентіп өтті. Өлең
арасында Медетпен бірге оқыған
өнерпаз қыз-жігіттер өз өнерлерін
жұртшылыққа паш етті. Оспанбек
Ринат пен Батталғазы Олжас
әнмен шашу шашса, Назерке
атты сұлу биімен қалың жұртты
тамсандырып тастады. Өнерлі
қыз-жігіттер достары Медеттің
шығармашылық кешінің жоғарғы
деңгейде өтуіне ерекше көңіл
қойып, өз өнерлерін аянып
қалмады. Өрнекті өлең мен
әсем ән арасында «Батасыз ұл
жарымас, баталы ұл арымас» деп
ауыл ақсақалдарынан ақ бата алуға
сахна төріне шақырды. Алғашқы
болып ауыл имамы Азамат
мырза сөз алып, Медетке ақ тілеу
тілеп, батасын берді. Осылайша
ауылдың ақсақалдар алқасының
төрағасы
Медетхан
ақсақал
бастаған ауыл тұрғындарының
ақ
тілектері
толастамады.
Олар Медетке шығармашылық
табыс тілей отырып, алғашқы
«тұсаукесер» кешіне шашуларын
шашып, қаржылық демеушілік
көрсетте білді. Т. Жанұзақов, Б.
Соқпақбаев, О. Жандосов орта
мектептерінің директорлары
Омарова
Балжан,
Талипова
Гүлнази, Шәкенов Нұрбақыт
Достарыңызбен бөлісу: