Тақырыбы: Күш дамыту әдістемесі
Орындаған: Бибіт Нұрдәулет
Тексерген: Қонаев Талғат
Бұлшық ет көмегі арқылы сыртқы қарсылықты жеңу немесе оған қарсылық көрсетуді адамның күші дейміз.
Бұлшық ет көмегі арқылы бәсекелестің қарсылығын жеңу немесе оған қарсылық көрсетуді палуанның күші дейміз.
Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:
1. Жеңу тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет жиырылады, қысқарады. Мысалы, аспа темірде тартылу.
2. Көну тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет созылады, ұзарады. Мысалы, аспа темірден төмен түсу, салбырау.
3. Қозғалмайтын (изометриялық, статикалық) тәртіп. Бұл кезде бұлшық ет ұзындығы өзгермейді. Мысалы, аспа темірде асылып тұрып, екі аяқты кеудеге бұрыш жасай көтеріп, бірнеше ондаған секунд ұстап тұру.
Өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде (дене қалыбын ұстау) және ақырын қозғалыс кезінде пайда болады. Мысалы, еденнен жай қарқында итерілу, аспа темірде тартылу, шалқадан жатып кеуде көтеру жаттығуларын жасағанда спортшының өз күш мүмкіншілігін көреміз.
Адам денесі күштің пайда болу үрдісінде үлкен маңыз атқарады. Адамның қозғалыста өз дене салмағын есептемей, барлық мүмкіншілігімен корсеткен күші абсолютті күш немесе ең жоғарғы күш деп аталады.
Әр түрлі салмактағы адамдардың күшін салыстыру үшін салыстырмалы күш деген ұғым пайдаланылады. Бүл - 1 кг адам салмағына келетін күш мөлшері. Спортшылардың салмағы өсуімен бірге абсолюттік күші де көбейеді, ал салыстырмалы күші азаяды. Жаттығушылар абсолюттік немесе салыстырмалы күштерді спорт түрлеріне байланысты дамытады. Мысалы, жеке сайыстағы спортшыларға (ауыр салмақ дәрежесіндегілер), лактырушыларга (найза, молот, ядро т.б.)абсолюттік күш қажет, ал гимнасттарға, акробаттарға, палуандарға, жеңіл салмақ дәрежесіндештанга көтеретін спортшыларға салыстырмалы күш керек, ол күш неғүрлым көп болса,соғұрлым спортшылардың дене қуаты дайындыгы жоғары болмақ.
КҮШ ДАМЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық, жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді:
1.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт кұралдарының салмагы (штанга, гирлер, гантельдер т.б.), серігінің қарсы әрекеті (қосақ жаттығулар), сыртқы ортаның қарсылығы (қүмда, қарда, суда жүгірулер т.б.) жатады.
2. Өз салмагының ауырлығын басқару жаттыгулары (аспа темірде тартылу, еденнен итерілу, отырып-тұрулар, секірулер т.б.).
Ауырлық шамасын білу үшін спортшы неше рет көтере алатыны белгілі салмақ қолданылады. Ол салмақ қайталау максимумы (ҚМ) деп аталады. Мысалы, 2 ҚМ дегеніміз – спортшы екіден артық, көтере алмайтын салмақ.
Күшті дамыту әдістері
Жоғаргы күш салу әдісі. Бүл әдіс кезінде жаттығулар аса ауыр салмақты заттармен орындалады (ауыр салмакты штанганы көтеру, салмақ қосып тартылу т.б.).
Қайталап күш салу әдісі. Бүл әдіс екі негізгі ауырлық шегі аймақтарына бөлінеді. Әрбір аймақта жаттыгу әбден шаршағанша немесе көтеруге шамасы келмей қалганша орындалады.
Статикалық (қозгалмайтын) күш салу әдісі. Қатаю үзақтығы бір келісте 6-8 секунд, күш салу шамасы 70-тен 100%-га дейін. Бір жаттықтыру сабагында 3-5 per қайталанады, тынығу аралығы әрбір қатаюдан кейін - 30-60 секунд. Бұл әдіспен жаттығу кезінде жогарғы күш жақсы дамиды.
Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күш дайындығының негізгі міндеттері – барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуы, дененің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік «бұлшық ет құрсауын» құру.
7-8 жастагы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым құралдары: гимнастикалық қабыргага, сүйенбелі сатыларға өрмелеу, ұсақ доп лактыру, секіру, жеке сайыс элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б.
10-11 жастагылардың күшін дамыту талабы артады: толтырылган доппен жаттыгулар, арқанға өрмелеу, қозғалыс сипаттагы күш түсі¬ретін қозғалмалы ойындар ойнау т.б. қолданылады.
12-13 жаста күшті арттыру амалдарын көбейтуге болады. Бұл жастағыларға арнайы құрастырылған, бұлшық ет топтарына арналған, ұсақ ауырлықтармен, қозғалыс сипаттағы күш жаттығуларының кешенін беруге болады.
14-15 жастагы жасөспірімдердің денеге күш түсіретін жаттығулар жасауға шамалары жетеді. Осы жастан бастап күшке багытталған жаттығулар беруге әбден болады. Осы міндеттерді орындау үшін дене тәрбиесі сабақтарында толтырылган доптармен жаттығу, айналмалы, шеңберлі жаттықтыру, арқан тартысу сияқты күш ойындары т.б. қолданылады. Жаттығулар динамикалық, статикалық сипаттарда орындала береді.