№6 практикалық сабақ тақырыбы: 3-сыныпқа арналған Дүниетану оқулығының тақырыптарына талдау жасау
Сабақтың мақсаты; 3-сынып оқулығындағы бөлімдер мен бөлімшелерді меңгерту
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;
1. Оқулықтағы бөлімдермен танысу
2. Сабақ тақырыптарымен танысу
3. Бөлімшелерге қарай отырып сабақтың мақсатын қою
Дүниетану.3-сынып.
Авторлары:
Б.Қ. Турмашева, С.С. Салиш, В.Г. Пугач
Атамұра баспасы
Оқулықтағы бөлімдер.Оқулықтағы тақырыптар.
I. ЖАНДЫ ТАБИҒАТ
1. Жер бетіндегі климат неге тәуелді?
2. Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?
3. Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім
II. ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН
4. Адамдар не үшін еңбек етеді?
5. Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?
6. Адам досымен мықты
7. Біз – әрқашан біргеміз!
8. Біздің Ата Заңымыз – Конституция
III. УАҚЫТ
9. Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз
10. Менің ататегім қайдан бастау алады?
11. Спорт – денсаулық кепілі!
12. Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты
IV. СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
13. Елді мекендер қандай болады?
14. Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар?
15. Мен жергілікті жердің планын жасаймын
16. Астрономиялық белгілер бойынша қалай бағдарлауға болады?
V. ӨНЕР
17. Менің отбасымның рухани құндылықтары
18. Менің қауіпсіздігім
19. Менің елімнің «нышандары»
20. Түркілер және олардың өмір салты
21. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?
VI. АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАР
22. Менің бабаларым – қыпшақтар
23. Қазақ хандығы қалай құрылды?
24. Қазақ жерінің даңқты хандары
25. Батырлар – Отанымыздың қорғаны. Билер – Ұлы Даланың даналары
26. Азаттық үшін күрескендер
VII. СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
27. Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?
28. Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?
29. Табиғат және менің қауіпсіздігім
30. Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?
VIII. ДЕМАЛЫС ДЕМАЛЫС
МӘДЕНИЕТІ. МЕЙРАМДАР
31. Отбасының берекесі бәрінен де қымбат
32. Мен және қоғам
33. Қазақстан халықтарының мейрамдары
34. Өз шығыстарыңды қалай жоспарлаған жөн?
Оқулықтың мақсаты:
Дүниетану» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласының жоспарланған білім нәтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.
Дүниетану оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пәндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |