2 семестрлік жұмыс



бет2/4
Дата13.12.2022
өлшемі33,79 Kb.
#57033
1   2   3   4
Байланысты:
фил 2срс

Үнді философиясы — адам ақылының тәуелсіз жетістігі. Дін мен әлеуметтік мәселелер өмірде басты роль атқаратын болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталық құрылым нормаларымен шектелсе де, кез-келген пікірге қосылуға құқығы болды.


  1. Ведалық (сөзбе-сөз — білім) кезең (б.д.д. ХV-VІІ ғ.ғ.) арийлық өркениет пен мәдениеттің біртіндеп таралу мезгіліне сай келеді. Ведалық әдебиеттің төрт сатысы: самхиттер (қасиетті жазбалар немесе діни гимндер), немесе ведалардың тікелей өздері (Ригведа, Самаведа, Яджурведа және Атхарваведа).

  2. Эпикалық кезең (б.д.д. VI ғ. — б.д II ғ). Рамаяна және Махабхарата поэмаларының түпкілікті қалыптасқан мезгілі.

  3. Сутр кезеңі (б.д. III ғ. бастап — XVIII ғ.) әртүрлі мектептер жинақтаған философиялық нәтижелерін қорытындылап, оларды бір жүйеге келтіру мезгілі болды.

Үңдідегі ең алғашқы мәтін «Веда» (кіріспе, білім) деп аталады. Солардың ішінде діни ән ұран болып аталатын «Ригведаның» дүниеге көзқарастарының ең басты принципі, табиғат пен әлеуметтік өмірдің кейбір құбылыстарын құдай деп тұту болды. Мыс: Индра — найзағай құдайы, құдіретті сардар; Варуна — әлемдік тәртіптілік пен әділеттіліктің құдайы; Агни — от пен әулиеттің құдайы; Сома — қасиетті сусынның құдайы.
Ежелгі үнді философиясы екі мектептер (даршан) тобына айырылады. Біріншісі, ортодоксальдық — алты даршаннан тұрады: санкхья, йога, нъяя, вайшешика, пурва — миманса, веданта. Екінші топ — үшеу: буддизм, джайнизм, локаята (кейде үшінші ортодоксалъды емес даршанга адживиканы жатқызады) мектептен тұрады.
Бірінші топтағы даршандар кейде қосарласқан күйінде аталады, өйткені санкхья — йогаға, ньяяға, вайшешикке; пурва — миманса ведантаға жақын келеді. Енді осыларды қысқаша сипаттаймыз.
Санкхъя (санскрит бойынша — санап шығу, есептеу, қарастыру деген мағынаны білдіреді). Негізін қалаған біздің д. д. VII ғ. өмір сүрген Канила. Санкхъя мектебі веда жолымен дамыды, болмыстың жалпыға бірдей рухтылығын жариялады. Әлемнің әртүрлілігінің көптігін екі алғашқы басталыммен байланыстырды — материалды (пракрити) және идеалды (пуруши). Пракрити (жаратушыдан алғашқы) Әлемді жасаушы күш және әр түрлі сапалықтың қайнар көзі. Ол алғашқы материя — барлығының басқы себебі. Ол әлемдегі шекті, өзара тәуелді, нақтылы заттарының себебі Пуруши (адам, еркек) ешбір іс-әрекет жасамайтын сапасыз таза трансцендентальды сана. Пурушты денемен, сезімдермен, ақылмен, зердемен теңдестіруге болмайды. Ол танымның объектісіне жатпайтын субъектілі көптілік тәжірибе. 
Пракритилердің субстанционалдық күштері гун деп аталады (санскритте — арқан, ықпал жасаушы). Пракрити үш гуннан түзіледі: саттва — жарық пен қуаныштың қайнар көзі, раджас — қайғы-қасіреттің қайнар көзі, тамаса — қараңғылықтың қайнар көзі.

Гун физикалық түрде қабылданбайды. Оларды салдарына байланысты, яғни қуаныш, қайғы-қасірет, рахаттылықты тудыратын объектісіне байланысты біледі. Мысалы, гүл қызға жан рахатын әперсе, ауру адамға басқаша әсер етеді, ал жас жігітте немқұрайлылықты туғызуы мүмкін. Гунның тепе-теңдіктегі өз ара әрекеттестігі пракрити қозғалысы болып саналады. Гун шын мәнінде тіршілік энергиясы, әртүрлі күштердің жиынтығы. Жалпы гун заттардың пайда болуы үшін өзара шырмалған.


Пуруши және пракрити — негізгі субстанция. Олардың қосындысынан тірі жандар сияқты әлемді құрастырылады, сезімтал дене (джива) пайда болады. Әлем ғарыштың ұйқысынан оянып саналылыққа айналғандай болады. Пуруши мен пракритидің қосылуы өз қозғалысына ықпал жасайтын адам денесін еске түсіреді. Пуруши шығармашылыққа ие, әлемнің дамуына түрткі болады. Өзін-өзі жетілдіру мен танымның мақсаты — Әлемнің құрылымын, пуруштың пракритиден дербес екіндігін түсіну, рухтың кемелділігі, өз мақсатын онымен біттестіру, өзіндегі пракрити мен пурушиды айыру арқылы азаттыққа жету — мокша.
Адам өзінің парықсыздығынан, білімсіздігінен Пурушиді заттық әлеммен байланыстырады. Кез-келген қайғы-қасірет сонымен қатар қуаныш пен рахаттылық сондай араласудың нәтижесі. Тап осы күй-жағдайдан шығып даналық жолына түсу үшін оқиғалардың әділ бақылаушысы болу керек. Сонымен Мен (Пуруши) сыртқы әлемнен босанып, еркіндік алады, қайта жаратылу және елу айналымдарынан (сансара) босанады.
Карма ұғымы, сансара (қайта туылу жүйелері) ілімімен тығыз байланысты. Осы сансарадан шығу мокша (босану) деп аталады. Мокшаға жету жолдарын әртүрлі мектептер өзінше айқындайды: құрбандық шалу, аскеза, йогалық практика.
Йога (байланыс, күш салу, тырысу) негізін қалаған (біздің д. д. II ғ. Немесе б. д. II ғ) Патанджали — «Йогасутрдың» авторы. Йога, азат болудың санкьхя белгілеген жолдар мен Әдістерін іс-тәжірибелік жолға қоңды. Йога, белсенді жігерлік арқылы және қадалушылық арқылы, өз- пурушын өзінің пракритиінен айыру арқылы, өте құнды киелікке ие, Жоғарғы Пурушиге және Ишваро деп аталатын жаратушы Әміршіге әкеледі. Бұл үшін йогтердің «сегіздік» Әдісі өңделген: діни жарлықтың орындалуын және өнегелі талаптарды қатал сақтау, әсіресе ахимсаны — тірі жанға зиян келтірмеуді; физикалық және тыныс органдарын жаттықтыру арқылы денеге бақылау орнату; назарын, сезімдерін, пайымдарын шоғырландыру — осынысымен Пракритидің өте нәзік құрамаларының байламдарын бірте-бірте жүйелі түрде жоя бастайды. Ақыр соңында, әйтеуір транстық күй-жағдайына жетеді (самадхи), тіпті әртүрлі айырмашылықтар, ойлар жоғалады, тоқтайды және бостандық орнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет