Ньяя (ереже, қисын) даршанының негізін салған Готама (II ғ. б. э. дейін немесе б. э. II г.) Негізгі мәтіні — «Ньяясутра». Бұл мектептің жақтастары адамдық Меннің қимастарын қиып өтіп таза ойдың органы болып есептелінетін өзіндегі атманға қарап, обьектіге, еркіндік алуға қарай жүру керек, — деп есептейді. Мұның негізгі жолы — таным. Ньяя философтары танымның тәсілдерін зерттей отырып, ең анық және анық емес білім түрлерінің жіктелуін жасады, әртүрлі логикалық қорытындыларды шығару формаларын өндеді. Дүниетану мәселерінде ньяя негізінен вайшешиктердің ережелеріне ерді.
Вайшешика (айыру) мектебінің негізін салған Канада (б. э. Дейінгі I ғ. Немесе б. э. I ғ.) «Вайшешика сутрды» жасады. Вайшешиктер метафизикасының негізінде теизм, атомизм, сонымен қатар схоластика үлгісіндегі реализм идеялары жатады. Соңғы вайшешиктің буддистгермен болған таласында қорғаған тезисі: категориялар, заттарға ұқсас нақты, дербес бар болуына ие бола алады. Вайшешиктерде, абсолютті құдайшыл Мен — Ишвара Әлемді атомдардан жаратады, оларды сүйейді және оларды карма заңымен жасалатын (көрінбейтін) каузалды-құндылықпен — адришты арқылы қиратады. Білім — Әлемдегі жүйені табу. Онда нақты ақиқаттың жеті түрлі айырмашылығы бар, олардың әрқайсысы көптеген түрлерден тұрады. Мысалы: сапа және қарекеттерді сақтаушы — субстанцияның тоғыз түрі бар: апаттардың бес элементі: жер, су, от, ауа, эфир (акаша) және тағы да (санада берілген үйлестік (координация) органы) төрт элемент — кеңістік, уақыт, жан — атман, ақыл — манас.
Пурва — миманса (дәл.: алғашқы зерттеу). Бұл мектептің негізін қалаған Джаймини болып есептеледі (б. д. дейінгі IV — III ғғ.), «Мимансасутраның» авторы. Бұл дарашан Веда және ведалық салттарды сақтау мақсатында пайда болды. Веда жетілген, өзімен дхарма ақиқатын әкелетін фундаментальды қасиет ретінде түсінілді Ол бастапқыда сөзді табиғи деп түсінді, тек кейіннен ғана бір шама адам сөздерінің дыбыстарынан ғана көрінді. Салт-жоралардың орындалуының нәтижесінде адам азаттыққа жетеді. Бостандықты, қайғы-қасіреттерден құтылу және салттарды атқару нәтижесінен рахаттану тұрғысында түсінді. Миманса қоғамдық — касталық ұжымды демеуге және брахманизм мен индуизм мәдениеттерінің құндылықтар қатарын сүйемелдеуге көмектесті.
Веданта (Веданың аяқталуы), ежелгі Үндідегі негізгі мектептердің бірі. Ол басқа да мектептер сияқты упанишадтың негізінде құрылды, кейіннен индуизмнің пайда болуының қайнар көзі болды. Бұл мектептің негізін салушы және «Ведантасутраның» авторы Бадаран (б. д. дейінгі IV — III ғғ.) болып есептелінеді. Ведантаның қалыптасу шыңы ведалық бағыт ретінде орта ғасырдың басынан басталады.