Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып тіл жұтқыншақ (IX), бет (VII) жүйкенің талшығы құрамында (дабыл шегі) сопақша мидың ядросы tractus solitaris (1 нейроны) ми бағанының жалғыз будасына (2 нейрон) келеді. Одан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді (3 нейрон).
3. Орталық бөлім:
Ми қыртысының артқы орталық қатпарының төменгі жағында - дәм сезу орталығына барады (Сильвий сайы).
Дәм клеткаларының мембраналарында әртүрлі дәмді заттарды таңдамалы түрде сіңіретін (адсорбциялатып) арнайы активті орталықтар бар, олар рецепторлық жасушалардың түктерінде орналасады. Дәмді заттар-рецепторлық клетканың мембранасындағы- рецепторлармен байланысады. Рецепторлық белок тізбегінің арнайы - активті орталығында дәмді заттың молекулалары адсорбцияланады. Байланысу нәтижесінде - белоктың құрылысы өзгереді, мембраналық иондық каналдар ашылады, мембрана деполяризацияланады, рецепторлық потенциал туады.
Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар шығады. Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін құрады.
2. Өткізгіш бөлімі:
2. Өткізгіш бөлімі:
Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон) иіс трактысымен (traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді.
Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың әртүрлі бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа, алдыңғы иіс сезу ядросына, периамигдалярлық қыртысқа, миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия жүйесіне, гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы құрылымға.