2. Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы


Көз рефракциясының кемістігі және оның коррекциясы



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі8,78 Mb.
#48933
1   2   3

Көз рефракциясының кемістігі және оның коррекциясы

  • Жақыннан көргіштік (миопия) - екі жағы ойыс әйнек
  • Алыстан көргіштік (гиперметропия) - екі жағы дөңес әйнек
  • Пресбиопия – кәрілік алыстан көргіштік
  • Астигматизм (қасаң қабық пен көз бұршағында жарық сәулелердің бір нүктеде қиылыспауы) - цилиндрлі әйнек
  • Сфералық аберрация-көз бұршағының шетінен өткен сәулелер оның ортасынан өткендерге қарағанда күштірек сынады.

Көру адаптациясы (бейімделу)

  • - Жарыққа бейімделуі - көздің жарыққа бірте-бірте сезімталдығының төмендеуі.
  • - Қараңғылыққа бейімделуі - көру жүйесінің жарық аз қараңғылыққа икемделуі, оның механизмі: көздің қараңғылыққа жарық сезімталдығының жоғарылуы (көру пигменттерінің құрылуына байланысты)

Түсті ажырату:

  • Түсті сезудің үш компонентті теориясы
  • (М.В. Ломоносов, Т. Юнг, Г. Гельмгольц).
  • Торлы қабығында негізгі түстерді қабылдайтын үш түрлі сауытшалар бар:
  • 1) Қызыл түске сезімтал;
  • 2) Жасыл түске сезімтал;
  • 3) Көк түске сезімтал.
  • Әрбір түс осы түс сезгіш элементтердің үшеуімен де, бірақ әртүрлі дәрежеде әрекеттеседі. Бұл қозулар көру нейрондарына жинақталады және ми қыртысына жетіп алуан түсті түйсік туғызады.

Кеңістікті түйсіну

  • Көздің өткірлігі деп - біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелерді жекелеп қабылдау қабілетін айтады. Ол арнаулы кесте арқылы анықталады.
  • Көзді бір нүктеге қарағанда көрінетін кеңістікті көздің аймағы деп айтады.
  • Түссіз заттар үшін - көз шалымының шекаралары: сыртқы - 90о, ішкі - 60о, жоғарғы – 60о, төмені - 70о .
  • Екі көзбен көру - екі көзбен қарағанда барлық нәрселердің белгілері торлы қабықтың тиісті немесе бірдей бөлімдеріне түседі және осы екі бейне ми қыртысындағы көру орталығының бір аймақтарына келіп түседі. Сондықтан түйсігінде бірігіп біреу болып көрінеді.

100 бал алып тұрмғо даа

Шучу 95 қойсаныз болат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет