2. Тақырыбы: Көру талдағыштың физиологиясы
бет 1/3 Дата 10.11.2022 өлшемі 8,78 Mb. #48933
Талдағыштар физиологиясы. Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру жфне сомалық-сенсорлық , есту, талдағыштары және олардың бөлімдері Дәріс жоспары: Адам ағзасында 7 түрлі талдағыштар бар. Олар: кӛру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм, висцеральды. Анализаторлар 3 бӛлімнен турады: сезгіш, ӛткізгіш, орталық . Талдағыштардың жеке қасиеттері мен қызметтері болады. 1.Талдағыштардың рецепторлары ӛзіне тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. 2. Талдағыш рецепторлары тітіркендіргіштердің күші ӛзгергенде тітіркендіргіштердің жаңа күшіне тез бейімделеді. 3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. 4. Бір талдағыштың қызметі бұзылса, қалғандары оның қызметін жартылай болса да ӛзіне алады. 5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не тӛмендетуге болады. Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері: 1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады. Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш элементтерден, ал соңғы-үлкен ми сыңары қыртысының нейрондары болып табылады. 2. Талдағыштар көп жолды болады. Олардың әрбір қабатындағы жүйке элементтері көптеген жолдары арқылы бір- бірімен байланысады. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді. 3. Талдағыштардың құрылымында сезіну “алқымы“- “воронка“ деген кездеседі. Олардың шектес қабаттардың элементтері санына байланысты. Кеңейетін және тарылатын “алқымдар“ түрі болады. Олардың физиологиялық маңызы: тарылатында – керек емес ақпаратттарды жеткізбеу, ал кеңейетін де - әртүрлі сигналдарды жете және өте терең талдауға мүмкіндік жасау. 4. Талдағыштардың тура (тік) және көлденең дифференциясы (ажыратылуы) болады. Тура да – әр қабатта жатқан нейрондардың жеке қызметтері болады. Көлденең де бір қабатта жатқан элементтердің қызметі әртүрлі болуы. Достарыңызбен бөлісу: