2 Тақырып. Басқарудың психологиялық теориясы Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата10.05.2023
өлшемі401,25 Kb.
#91493
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
KVRRUBVGLTHV10052023065114



2 Тақырып. Басқарудың психологиялық теориясы 
 
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Магистранттарға Египетте басқару 
ғылымын құрап, жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылау, басқарудың 
орталықтанған жүйесін түсіндіріп, басқару теориясы мен практикасы
психологиялық басқару теориясы, еуропадағы менеджменттің қалыптасуы, 
Файоль бойынша басқарудың 14 ұстанымы туралы мағлұмат беру. 
Лекция мазмұны: 
1. Менеджменттің теориясы мен практикасы. 
2. Психологиялық басқару теориясы. 
3. Еуропадағы менеджменттің қалыптасуы. 
4. Файоль бойынша басқарудың 14 ұстанымы. 
Менеджмент тарихы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтарға кетеді. 
Египетте басқару ғылымын құрап, жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылау, 
басқарудың орталықтанған жүйесін қажет деп тапқан. Гректің ойшыл 
философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару менен құлиеленуші 
иеліктер туралы айтқан. 
Менеджмент теориясының пайда болуына 3 фактор себеп болған, атап 
айтқанда: дамудың экстенсивті жолы, бәсекелестікпен күрестің шиеленісуі және 
өндірістің ішкі құрылымының пайдалылығын көтерудегі белсенділік. Осыған 
орай ХХ ғасырда америка мен еуропа ғылымында менеджменттің іргетасы 
қаланды. 
Еуропадағы менеджменттің қалыптасуы. Менеджменттің пайда болуы 
мен дамуына Макс Вебердің (1864-1920) «Шаруашылық тарихы» және 
«Протестанттық этика және капитализм рухы» кітаптарындағы капиталистік 
өндірістегі протестантизм этикасы бастауын талдауы негіз болды. Ол 
капиталистік өндіріс құрылымында еңбек бөлінісін оңтайландыру идеясы жатыр 
деп есептеді. Ол «әрекеттің мінсіз типі» түсінігін енгізіп оның 4 түрін 
қарастырады: 
А) дәстүрлі; 
Б) аффективті; 
В) құндылықты – оңтайландырылған; 
Г) мақсаттандырылған. 
Вебердің пікірінше соңғы мақсаттандырылған тип капиталистік өндірісте 
үстем болып, тарихи ескірген қолайсыз, аффективті, дәстүрлі әрекеттерді 
ығыстырып шығарып, қолайсыз шаруашылық этикасы, қолайсыз есептік жүйе, 
қолайсыз техника және қолайсыз құқық процесстерін құруға әкелді. Қолайсыз 
түсінігіне сүйене отырып Вебер капиталисттердің 2 типін қолайсыз(архаикалық, 
авантюристтік, көпестік) және қолайлы(өнімді) бөліп шығарды. Қолайсыз 
капиталисттік тип бойынша табиғи шаруашылық және тауар айырбастаудағы 
теңсіздік әулеттік құрылымнан дамыды деп шешті. Капиталисттік бұл әрекет 
тауарды қайта сатудан ғана пайда әкелетінін, бірақ осы жағдайдан соң нарықта 
тауар тапшылығынан қоғам байымағанын атап көрсетті. 
Капиталисттіктің екінші типі қолайлы шіркеудің реформацияланып, 
еңбектің діни мағынаға ие болып, адамдардың басты құндылығына айналуы 


себепші болды. Тарих бойынша капиталистіктің екі типі бір мезгілде өмір сүрді, 
тек үстемші тип ретінде еңбекті қолайлы пайдалану дамыды. Соның нәтижесінде 
басқару жүйесі, ғылым, білім сияқты жаңа құрылымдар пайда болып Вебердің 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет