2) Батыс Еуропада Феодалдық қатынастардың пайда болуы.
3)Қалалардың дамуы.
4) Феодалдық қоғамның дамуы.
5) Қорытынды.
Батыс Еуропа.
Батыс Еуропада феодалдық құрылыстың сарқыншақтары.
Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде IX-X ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі-жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы болды. Кімнің жері көп болса, сол адам құдіретті деп саналып, қатты құрметке бөленді.
Батыс Еуропадағы феодалдық қоғамның саяси-құқықтық ой-пікірлері.
Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан астам уақыт дамыды. Ол даму кезеңі үш тарихи кезеңдерден өтті. Біріншісі V ғасырдың соңы мен XI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең. Ал екіншісі ол гүлдену дәуірі XI ғасырдың ортасынан XV ғасырдың аяғына дейін созылды. Ең соңғы кезең XV ғасырдың соңынан XVI ғасыр аяғына дейін.
Ортағасырлық қалалардың бой көтеруі үшін нақты алғышарттар өте қажет болды.
Қалалардың пайда болуы туралы.
Орта ғасырлық қалалар сауда жолдарының қиылысында, өзен өткелдері маңында, адамдар көп шоғырланатын жерлерде пайда болды.
Базар ортағасырлық қаладағы ең маңызды орын.
Сонымен қатар базарда сауда ғана жасалып қойған жоқ, қалалықтар осы араға жиналып маңызды мәселелерін шешіп отырды. Қаладағы ең бай отбасылар өзара туыстасып, уақыт өте келе біріңғай топқа- патрициатқа айналды.
Ортағасырлық қала феодал жерінде пайда болғандықтан, феодалға бағынуға міндетті болды.
Қаланың қалыптасу процесінде феодалдық Еуропада ерекше қала сословиесі пайда болды.