3. Құрылымдық функционализмнің негізгі тұжырымдары ХХ ғасыр әлеуметтануы қоғамның дамыған индустриализм дәуіріне аяқ басқан кезеңінен басталады. Индустриализмнің, техника мен технология түрлерінің дамуы, сонымен қатар аймақтық қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстар, ғаламдық апаттар, жаппай қырып жоюға бағытталған қару жарақтардың пайда болуы, космосты игеру т.б. қоғамның даму бағытын айтарлықтай күрделендірді. Қоғамда орын алған нақты жағдайлар мен әлеуметтік фактілер Әлеуметтанудан қоғамды эмпирикалық тұрғыда зерттеп, нақты шешімдер қабылдауды талап етті.
Қоғамдық пікірді зерттеу арқылы орын алып отырған жағдайдың әлеуметтік себебін , оның қоғам дамуына тигізер ықпалын, пайдасы мен теріс жақтарын анықтап, тиісті шешім қабылдауда эмпирикалық Әлеуметтану сурау жүргізу, контент - анализ жасау , бақылау, тәжірибе жүргізу сияқты нақты зерттеу әдіс тәсілдерін қолданысқа енгізді . Уақыт өте келе, әлеуметтік зерттеулердің пайдасын Әлеуметтанумен қатар саясат, мәдениет, экономика сияқты қоғамдық ғылымдар, мемлекеттік басқару саласы мен бизнесмендер түсіне бастады. Нақты зерттеулерге негізделген социологтардың кеңестері мен шешімдері, статистикалық деректер мемлекеттік және қоғамдық мәселелерді шешуде басшылыққа алынды. Эмпирикалық зерттеулер 20–30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеуметтанудың жетістіктеріне көңіл аударудан бас тарта алмады.
Осындай жолмен, әлеуметтік өмірдің жаңа механизмдерін табу мен қоғамның даму бағытын реттеу мен болжау Әлеуметтанудың басты мақсатына айналды.
Сонымен қатар, XX ғасырдың екінші жартысындағы масштабы бойынша ғаламдық сипат алған екінші ДЖ соғыс пен ҒТР қоғамнан тұрақты даму мен тепе теңдікті сақтауды талап етті. Енді Әлеуметтану қоғамдық консенсусқа (келісімге) жеткізудің жолдары мен жағдайларын да зерттей бастады. Осы мәселеде мемлекеттер арасындағы өзарабайланыстар мен тәжірибе алмасу Әлеуметтанудың интернациолизациясына алып келді. Енді, теориялық және эмпирикалық Әлеуметтанудың қосындысынан фундаменталды мәселелерді зерттеуге бағытталған академиялық Әлеуметтану қалыптасты. Оның ірі орталығы Америкада болды.
Онда теориялық және эмпирикалық зерттеулердің элементтерін біріктірген құрылымдық – функционализм, символикалық интеракционизм және инструментализм, әлеуметтік қақтығыстар теориясы, этнометодология, феноменологиялық әлеуметтану сияқты басты бағыттар пайда болды. Олардың әрқайсысы әлеуметтанудың пәні жөнінде өз мағлұматын берді және керекті мәлімет пен нәтиже алу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін жасақтады.