2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет29/35
Дата27.02.2023
өлшемі246,35 Kb.
#70359
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих

Сыртқы саясаты
Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.
Ұйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста — Саян жотасына дейін барды. Қырғыздардың көршілері батыс жақта қимақтар, солтүстік жақта — бома халқы, оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды. Қырғыздар Минуса ойпатында мейлінше жинақы мекендеді. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табанды күрестің нәтижесінде қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап женді. Ішкі Азия даласындағы бұл маңызды оқиға мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мәселен, Гардизи бұл жөнінде мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (кырғыздар) хақан халқына шабуыл жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді, семсермен турап, хақандықтардың бәрін қырып-жойды. Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-пан мен халлухтардың (қарлұқтардың) қолдарында қалды». Ұйғырлардың біразы Жоңғария — Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс Түркістанға және Ганьсудің батыс жағына қоныстанды, онда орталығы Тұрфан алқа- бында (847—1369 жылдар) және Ганьсуда (847—1036 жылдар) болған тәуелсіз мемлекет құрды.
Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұқ жабғуы пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан — Испиджаб билеушісі (Гардизи мәліметгері бойынша Илмалмасын — жабғу) өзінің бұрынғы атағы — жабғуды тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады, өйткені ол Орталык, Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет