Ребусты шеш ‘‘ ’’’ ’’’ ‘‘‘ ‘ ’’’ Жауабы: Соғыс



Дата06.10.2022
өлшемі5,95 Mb.
#41697
Байланысты:
9 мамыр

  • 9 мамыр- Жеңіс күні

Ребусты шеш

  • ‘‘ ’’’ ’’’ ‘‘‘ ‘ ’’’

Жауабы: Соғыс

  • СОҒЫС
  • Жараланған жүрек
  • Өртенген аспан
  • Үзілген арман
  • Қираған қала
  • Қайғы
  • Опат
  • Төгілген жас
  • Қасірет
  • Отқа оралған орман

Міне, балалар осылай бейбіт жатқан елге фашистік

  • Міне, балалар осылай бейбіт жатқан елге фашистік
  • Германия күтпеген жерден опасыздықпен соғыс ашты.
  • 1941 жылдын жазында,
  • Ештеңе жоқ еліміздің жадында.
  • Тұт қиылдан соғыс ашты Гитлер,
  • Жерімізді жаулап алу жолында.
  • Қара бұлт үйірілгенде аспаныма,
  • Елін, жерін бермеу үшін жат қолына,
  • Қан майданға аттанды боздақтарым,
  • Жиырмадан жаңа асқан жас шағында.
  • Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
  • Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты.
  • Ұлы Отан соғысы (1941-1945)
  • Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
  • Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста

Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:

  • 1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
  • Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

Төлеген Тоқтаров

  • Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

Мәлік Ғабдулин

  • 1942 жылы Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын береді.

Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:

  • Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.

Қазақ халқының батыр қыздары Әлия мен Мәншүк

Әлия Молдағұлова

  • Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Мәншүк Мәметова

  • 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.
  • Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.

1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев

  • Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет