2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар


Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама



бет6/35
Дата27.02.2023
өлшемі246,35 Kb.
#70359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығына сипаттама
Тарихтың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған. Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар кигізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне ат жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін.
Сақтардың шаруашылығы
Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақтар құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан суару арналарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.
Саудасы
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өткен.
Қоғамы
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Куинт Күрсий Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:

  • жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),

  • абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,

  • қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).

Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилепс — патша деп атаған. Патшаның белгісі - жебелі садақ.
Мәдениеті
Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз - түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат Күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астынікі Индира секілді құдайлар болған.
Қолөнер кәсібі
Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты. Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыған. Түрлі түсті сердолик, халцедон, ағат, ақық сияқты тастардан сақ шеберлері әшекей бұйымдарды жасаған. Асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен белдіктер жасалған. Ұсталар тастан, саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып, қазандарды құйды, қару-жарақ соқты. Атты әскерлерге қажетті семсерлер мен найзалар, қанжар, жебе ұштарын дайындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет