№2 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР.
Дәріс жүргізуші: экономист Мақсат Халық
э.ғ.м., аға оқытушы
Дәріс сұрақтары:
Адам және экономика. Өндіріс және өндіріс факторлары.
Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері.
Ұдайы өндіріс: фазалары, түрлері және үлгілері. Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың: не? қалай? Кім үшін? деген негізгі мәселелерді шешу.
Экономикалық ресурстар – ол тауар және қызмет өндірісінде пайдаланылатын барлық табиғи, адамдық және адаммен өндірілген ресурстар.
Экономикалық ресурстар – ол тауар және қызмет өндірісінде пайдаланылатын барлық табиғи, адамдық және адаммен өндірілген ресурстар.
Өндіріс – адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі немесе қандайда бір өнімді өндіру үдерісі.
Өндіріс екіге бөлінеді
Материалдық өндіріс құрамында:
1) материалдық игіліктерді өндіру салалары мен кәсіпорындары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);
2) материалдық қызмет көрсету салалары мен кәсіпорындары (көлік, сауда, каммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);
Өндіріс екіге бөлінеді
Материалдық емес өндіріс құрамында:
1) материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);
2) материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Тиімділік
Өндіріс нәтижесі
Кеткен шығындар
Өндірістің 4 факторы:
Жер
Еңбек
Капитал
Кәсіпкерлік қабілеттілік
Қайта өндіру - өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы.
Қайта өндірудің экстенсивті және интенсивті типтері бар.
Экстенсивті өндіріс - еңбек және материалдық ресурстардың сандық өсуі, көне технологиялар негізінде жұмыс жасайды.
Интенсивті өндіріс – жаңа технологиялар негізінде жүреді, санға емес сапаға жұмыс жасайды.
Жүйе дегеніміз – кем дегенде екі элементтен тұратын құрылым
Жүйе деп элемент пен бөліктер арасындағы байланыс жиынтық немесе комбинациялық тұрғыдан ұйымдасқан бір тұтасты атайды.
Экономикалық жүйе – қоғамдағы ұйымдастырылған формасына және заттық қатынастар негізінде жасалған, экономикалық процесстердің жиынтығы.
Экономикалық жүйе ашық және жабық түрде болады.
Ашық экономика – ол әлемдік шаруашылық байланысы жоғары деңгейдегі мемлекеттер экономикасы.
Жабық экономика – ол сыртқы әлеммен экономикалық байланыс төмен немесе мүлдем жоқ мемлекеттер экономикасы.