2 Тақырып. Өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру
Еңбек жағдайлары деп қызмет барысында адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін өндіріс факторларының жиынтығын айтады. Еңбек жағдайлары өндіріс технологиясы, еңбек процестері және айналадағы санитарлы – гигиеналық орта арқылы қалыптасады.
Әр еңбек процесі адам мен сыртқы ортаның өзара әрекеттілігі болып табылады. Онда әр қашан энергия жұмсалып отырады. Сол жұмсалатын ой мен физикалық энергияның мөлшерін еңбек өнімділігі деп атайды. Ол адамның жұмысқа қабілеттілігінен тәуелді болады. Мұнда адамның жұмысқа ең жоғарғы қабілеттілігі жұмыс орнында қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған ғана жүзеге асырылады, яғни жақсы микроклимат, жұмыс зонасында өндірістік қауіптіліктер мен зияндықтар жоқ, шамадан тыс ой мен физикалық жүктемелер болмауы т.б.
Егер еңбек жағдайлары қолайсыз болса, жұмыскерлерде тез шаршаушылық пайда болады. Ол үздіксіз түрде болып тұрса, адамды әбден қажауға әкеліп соғады. Қажыған адамның жұмысқа қабілеттілігі азайып, денсаулығы төмендеп, травматизм мен кәсіби аурулардың пайда болу мүмкіндігі жоғарлайды.
Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар - жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен діріл т.б.;
2. Химиялық факторлар - улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар;
3. Биологиялық факторлар - ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.;
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нервпсихиялық және эмоциялық қажу т.б.
Өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауырулар еңбек жағдайларының кешірілмейтін нәтижесі болып есептеледі. Жағымсыз еңбек жағдайлары тіпті ауыр салдар болмағанның өзінде де адам денесіне зиянды әсерін тигізеді. Ешқандай техника құралдарын, қандай жаңа болмасын, пайдалану барысында адам денсаулығына қауіп туғызатын болса, оларды әбден жетілген, сенімді деп есептеуге болмайды. Сондықтан керекті шараларды қолданып, жұмыс орындарында қолайлы жағдайларды жасау үшін жараққаттану мен кәсіби ауыруларды әр қашан зерттеп, талдап отыру керек.
Кәсіби жарақат дегеніміз өндірісте сәтсіз оқиғада адамның байқаусызда алынған жарақат.
Өндірісте жарақат және кәсіби ауруламен маңызды күрес жүргізу үшін кәсіпорындарында болған сәтсіз оқиғаларды мұхият тексеріп отыру керек.
Арнайы ережеге сәйкес қай жұмыста болмасын жұмыскерлермен болған сәтсіз оқиғалар міндетті түрде тексерілу және тіркелу керек.
Сәтсіз оқиғаларды туғызатын себептерді жою үшін кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды зерттеп, талдап отыру керек. Талдаудың бірнеше әдістері болады: статистикалық, топтау, топографиялық, монографиялық, техникалық, экономикалық әдістері.
Сәтсіз оқиға өздігімен пайда болмайды, әр сәтсіз оқиғаның өзіндік себебі болады. Ол оқиғамен тікелей байланысты құбылыс, әрекет немесе әрекетсіздік түрінде болып келеді.
Кәсіпорындарда жарақаттанудың себептері өте көп және әртүрлі болады. Сондықтан кәзіргі кезде сәтсіз оқиғалардың мынандай топтары қолданылады: техникалық, ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық, психофизиологиялық, экономикалық, табиғи себептер.
Келтірілген тізім жарақаттану мен кәсіби аурулардын барлық себептерін толық қамтымайды, мұнда тек олардың бастылары ғана көрсетілген.
Өндірісте жарақаттану және кәсіби аурулармен маңызды күрес жүргізу үшін кәсіпорындарында болған сәтсіз оқиғаларды мұхият тексеріп отыру керек.
Арнайы Ережеге сәйкес қай жұмыста болмасын жұмыскерлермен болған сәтсіз оқиғалар міндетті түрде тексерілу және тіркелу керек. Тексерілу мен тіркелуге жататын сәтсіз оқиғалар: зақымдар, улану және кәсіби аурулар, ыстық соғу, күйіктер, үсіну, суға кету, найзағай түсу тағы басқа өндірісте болған оқиғалар.
Өндірісте әр сәтсіз оқиға егер ол бір жұмыс күні бойы және одан артық мезгілге жарақаттанған адамның жұмысқа жарамсыздығын немесе оны басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіншілігін туғызса, ауырдың мен зардабына байланысты 10 тәулік ішінде тексеріліп, оның нәтижесі бойынша әр жараланған адамға Н-І актісі жасалынады.
Сәтсіз оқиғаларды әділдікпен, дер кезінде тексеріп, құжаттарын дайындап тіркеу, адамның денсаулығына тиген зиянның есесін төлеу, оған жеңілдіктер мен ақшалау көмек беру, сәтсіз оқиғалардың себептері мен зардабын жою жөнінде шаралардын орындалу жауапкершілігі кәсіпорны бастығына жүктеледі. Ал осы мәселелерді міндетті түрде шешілуін еңбекті қорғау департаментінің мемлекеттік еңбекті қорғау инспекциясы мұхият бақылап отырады. Ол жұмысын басқа мемлекеттік, ведомстволық және қоғамдық қадағалау және бақылау органдарымен бірлесіп жүргізеді.
Кейбір сәтсіз окиғалар өндірісте тіркелінуге жатпайды, егер олар пайда болса:
а) қылмыс жасау кезінде;
б) мас болу немесе наркотик заттарда қолданған жағдайда;
в) өзіне өзі әдейі зақым келтірсе;
г) өзінің мүлдесі үшін әрекет жасаған кезде;
д) өндіріске қатысы жоқ кауіпті және зиянды факторлардың әсерінен болса.
Сәтсіз оқиға туралы жарақаттаңған адам өзі немесе оны көрген адам бөлімше (жұмыс) бастығына дереу хабарлау керек. Бөлімше бастығының міндеті:
а) жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып оны емдеу мекемесіне жеткізу;
б) тексеру басталғанша оқиға болған жұмыс орнының жағдайын және жабдыктардың күйін бұзбай сақтау;
в) сәтсіз оқиға туралы кәсіпорын бастығына және кәсіподақ комитетіне хабар беру.
Кәсіпорын бастығы сәтсіз оқиға туралы дереу хабарлайды:
ә) мемлекеттік еңбекті қорғау инспекциясына;
б) еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау және бақылау органдарына (егер обьектілер олардын бақылауында болса);
з) жоғарғы шаруашылық органына;
г) мемлекеттік санитария қадағалау органына (кәсіби ауру нeмece улану болса).
Бip кісілік, ауыр емес сәтсіз оқиғаны тексеруді кәсіпорны бастығы немесе оның тапсырмасы бойынша жөн білетін адам, енбекті қорғау кызметінің мамандары және басқа қызмет адамдары жүргізеді, әрине кәсіподақ комитетінің өкілінің қатысуымен.
Басқа кәсіпорнынан келген жұмыскерлерден болған сәтсіз оқиғаны оларды жіберген кәсіпорынның өкілдерінің қатысуымен оқиға болған кәсіпорынның бастығы тексереді.
Дер кезінде хабарланбаған немесе еңбекке жарамсыздықты бірден туғызбаған сәтсіз оқиға ол туралы арыз берген күннен бастап 1 айдын ішінде тексерілу керек.
Тексеріс нәтижесі бойынша керекті мөлшерде (4 данадан кем емес) акті (форма Н-І) жасалынады. Оны кәсіпорын бастығы бекітіп, мөр басып растайды.
Арнайы тексеріске жатады:
а) тобымен (көп кісілік) болған сәтсіз оқиға (бір мезгілде жарақаттанған адамдардың саны 2 не одан apтық);
б) ауыр нәтижелі сәтсіз оқиға (мүгедектік жағдай сөзсіз);
в) өлімді (қазалы) сәтсіз оқиға;
г) ауыр кәсіби ауру (улану).
Осы сәтсіз оқиғалар туралы кәсіпорын бастығы дереу хабар береді:
а) мемлекеттік еңбекті қорғау инспекциясына;
б) жоғарғы шаруашылық органдарға;
в) прокуратураға;
г) жергілікті мемлекеттік және ведомстволық қадағалау және бақылау органдарына (егер обьектілер олардың бақылауында болса);
д) кәсіподақ комитетіне;
е) мемлекеттік санитария қадағалау органдарына (ауыр кәсіби ауру немесе улану болса).
Бұл сәтсіз оқиғалардың арнайы тексеуін комиссия жүргізеді оның құрамы мынадай:
а) төрағасы - мемлекеттік еңбекті қорғау инспекторы;
б) мүшелері - жоғарғы шаруашылық органының бастығы (оның орынбасарлары), кәсіпорын бастығы, кәсіподақ органдарының өкілі.
Көп кісілік сәтсіз оқиғаны, егер 2 одам өлсе, арнайы тексеруді құрамы мыдандай комиссия жүргізеді:
а) төрағасы - облыстық еңбекті қорғау басқарма бастығыньң орынбасары;
б) мүшелері - жоғарғы шаруашылық органының бастығы, кәсіпорын бастығы, кәсіподақ органының өкілі.
Көп кісілік сәтсіз оқиғаны, егер 3-5 адам өлсе, арнайы тексеруді Еңбекті қорғау Департаменті сайлаған комиссия жүргізеді ал егер өлген адамдардың саны 5-артық болса, тексеруді Қазақстан Реслубликасының үкіметі сайлаған комиссия жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |