2-тапсырма Жусупова Гулнур
Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі. Грамматикалық категория, түрлері.
Грамматикалық мағына — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен өзгеше болып келеді. Синтаксис саласында грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді.Мысалы: семантикалық субъект пен объектінін мағынасы, құрмалас сәйлемдердін шылау аркылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердін белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалык мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардын және олардын өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады.
Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялықмағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.
Грамматикалық форма— грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Форма, әдетте, белгілі бір мағынаны білдіреді, мағынасыз форма жоқ. Ендеше, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын — грамматикалық формалар деп атаймыз.
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі.
1-тапсырма. Төмендегі мәтіннен қай морфеманың қандай мағынаны білдіретінін анықтаңыз:
Адам құлақтан азады, Көңілден семіреді. (м).
Адам – түбір.
Құлақ – түбір, тан – шығыс септік жалғауы.
Аз – түбір, а- көсемше есімдік, ды – тәуелдік жалғау.
Көңіл- түбір, ден - шығыс септік жалғауы.
Семір- түбір, е - көсемше есімдік, ді - тәуелдік жалғау.
2-тапсырма. Төмендегілер қай тәсілдің жолдары екенін анықтаңыздар:
Бірігу, қосарлау, қосымша, шылау, интонация, орын тәртібі, екпін, ішкі флексия, қысқару, үстеме буын, префикстер, түбірдің семантикасы арқылы, нөлдік тұлға, супплетивті жол, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі
Семантикалық тәсілдің жолдары
|
Синтетикалық тәсілдің жолдары
|
Аналитикалық тәсілдің
жолдары
|
түбірдің семантикасы арқылы
|
қосымша, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуі префикстер , ішкі флексия супплетивті жол, екпін,нөлдік тұлға
|
бірігу, қосарлау, қысқару
орын тәртібі, шылау, интонация,үстеме буын
|
3. Тәуелдік категориясына тән белгілерді көрсетіңіз
1. Ортақ ГМ болуы - тәуелдік –иелік
2. ГФ жүйесі - 7 түрлі
3. ГМ қайшылығы - жақтық айырмашылығы, анайы-сыпайы айырмашылығы, жекеше – көпше айырмашылығы.
4.Сөз табына қатысы - зат есімнің грамматикалық категориясы
4.
Дұрыс па?
1.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады. Дұрыс
2.Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да жалпы болады. Дұрыс емес
3. Грамматикалық мағынаның 3 түрі бар. Дұрыс
4.Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріледі. Дұрыс емес
5.Қосымшалар арқылы берілетін мағына қатыстық грамматикалық мағына деп аталады. Дұрыс емес
6.Нольдік форма арқылы грамматикалық мағына беріледі. Дұрыс
7.Грамматикалық форманың екі түрі бар. Дұрыс емес
8.Морфологиялық категориялар сөз таптарына байланысты емес. Дұрыс емес
9.Грамматикалық категорияның анықтамасы: тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады. Дұрыс емес
10.Сын есімнің шырай категориясы – грамматикалық категория. Дұрыс
11.Грамматикалық мағына семантикалық жолмен беріледі. Дұрыс
12.Грамматикалық мағына қосарлау арқылы беріледі. Дұрыс
13.Грамматикалық категория сөз таптарының түрленуіне байланысты. Дұрыс
14.Ол келді. – “келді” сөзінде КГМ біреу. Дұрыс
15..Бала ойнады. “Бала” сөзінің КГМ-сы – заттың атын білдіруі. Дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |