ТАҚЫРЫБЫ: ЖЖІӘ түрлері, организмнің І жіне ІІ сигналды жүйелері. Сөйлеу. Түс физиологиясы. Ес. Эмоция. Балалардағы ерекшеліктері (ПФ үшін). №1 тапсырма. «Ассоциативтік тәжірибие» зертханалық жұмысын орындау тәсілімен танысып сұрақтарға жауап беріңіз.
Жұмыстың орындалу тәртібі:Зерттелетін адамға бірінен соң бірі 20 сөз айтылады (сөздер тізімін оқытушыдан аласыз). Айтылған әр сөзге ол ассоциация түріне қарай ойына келген алғашқы сөзбен жауап береді. Сөздердің тізімін зерттелуші адам алдын ала білмеуі керек. Сыналатын адамның жауап сөздерін және оларға кеткен латенттік уақыт мерзімін дегі кестеге жазып отырады. Содан кейін жиналған мәліметтерді талқылап тиісті қорытынды жасайды.