2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


,Гипертрофиялық гингивит жалпы сипаттамасы.Этиологиясы.Клиникалық көрінісі



бет29/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

40,Гипертрофиялық гингивит жалпы сипаттамасы.Этиологиясы.Клиникалық көрінісі.
Қызылиектің өсе қабынуы (гипертрофический гингивит) – қызылиек құрамындағы дәнекертінді құрылымдардың шамадан тыс көбеюімен (пролиферациялануымен) сипатталатын созылмалы қабыну үрдісі.
Қабыну ошағының аумағына қарай шектеулі және жайылған түрлерін ажыратады.
Шектелген үрдіс тістердің ауытқи немесе өте тығыз сығылысып орналасуы кезінде, салбырата қойылған пломбылар, аса кең немесе терең отырғызылған жасанды сауыттар, кламмерлер иықтары, тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары тіс шөгінділері қызылиек жиегін толассыз жарақаттауы нәтижесінде дамиды және ертеректе «қызылиек бүртігінің өсе қабынуы» (гипертрофический папиллит) деген атпен белгілі болған.
Қызылиектің жайыла өсе қабынуы көбінесе ішкі бездер қызметінің бұзылуы (жүктілік, климакс, жас өспірімдердің пубертаттық қалыптасуы, жемсау ауруы), қояншық (эпилепсия) ауруы кезінде дифенил құрамды (дифенилгидантоин және б.) және жүктілікке қарсы дәрілерді ұзақ қабылдау, «С» витамині жетіспеушілігі, қан аурулары кезінде орын алады.
Қызылиектің өсе қабынуының екі клиникалық түрін ажыратады: домбыққан және фиброзды.
Домбыққан түрінде қызылиегі қабынған науқас қызылиегінің қатты қанағыштығына, тағам шайнағанда сыздап ауыратынына, косметикалық ыңғайсыздыққа, ауызынан жағымсыз иіс шығатынына, темір дәмін сезінетініне, кейде қатты ұлғайған қызылиек бүртіктерін шайнап алатынына шағымданады.
Қарап тексергенде қызылиек жиегі қатты қалыңдаған, тістераралық бүртіктердің көлемі әртүрлі дәрежеде домбыға ұлғайған, тығыздығы жұмсақтау (борпылдақтау), қызылиек жиегінің үшбұрышты иректі деңгейі бірдей емес, әртүрлі деңгейде өскен бүртіктер тістер сауытын әртүрлі деңгейде жауып, кейде тістеу қыры мен шайнау беттеріне дейін жетіп, тағам шайнағанда жиі жарақаттанады (4-сурет). Ұлғая қабынған қызылиек көкшілдеу – қызыл түсті, беті жылтыр, сүңгілеп байқағанда оңай қанайды және біразға дейін басылмайды. «Жалған» пародонтальдық қалталар анықталады, бірақ тіс-қызылиек бекімінің бүтіндігі сақталған, қызылиек сұйықтығының мөлшері жоғарылаған. Ауа шоғырымен үрлей әсер еткенде, қызылиек бүртіктерінің қозғалмалығы байқалады және тістер сауытынан оңай ажырайды. Доғал аспаппен (түймелі сүңгімен) қызылиек бүртігін басқан кезде шамалы ойық пайда болады. Қызылиек өсе қабынған аймақтағы тістер беттерінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділер анықталады.
Ұлғайған қызылиек бүртіктерінің ұштары кейде өліеттенуге ұшырап, қызылиектің өліеттене-жаралана қабынуымен асқынуы мүмкін.
Қызылиектің өсе қабынуының үш дәрежесін ажыратады:
1-ші немесе жеңіл дәрежесі - ұлғайған (өскен) бүртіктер тіс сауытының 1/3 бөлігін жабады;
2-ші немесе орта дәрежесі – бүртіктер тіс сауытының ½ деңгейін жаба өскен;
3-ші немесе ауыр дәрежесі – бүртіктер тіс сауытының ½ бөлігінен артық бөлігін жаба өскен.
Қызылиектің өсе қабынуы алдыңғы тістердің ерін жақ бетінде жиірек орын алады.
Жасөспірімдердің қызылиегінің өсе қабынуының (подростковый-юношеский гингивит), домбыққан түрі жыныс гормондарының әсерінен және ауыз гигиенасын дұрыс сақтамаудың нәтижесінде дамиды.
Қызылиектің климактериялық қабынуы әйел организімінде эстроген мөлшерінің ауытқуына, көбінесе оның аздығына байланысты қызылиек эпителийінде мүйізгектену үрдісінің баяулап, қорғаныс қасиетінің төмендеуі нәтижесінде дамиды.
Қызылиектің өсе қабынуы қан аурулары (лейкемиялық ретикулез, миелолейкоз, лимфолейкоз), Вегенер гранулематозы, қант диабеті сияқты аурулар кезінде де орын алуы мүмкін.
Этиологиясы;
Жалпылай әсер етуші ықпалдар қатарына организмнің реактивтілігін төмендететін әртүрлі жүйелер мен жеке ағзалардың (эндокриндік, жүрек-тамыр, ас қорыту, бөлу жолдары, қан құру, жүйке жүйелері) қызметтерінің бұзылуын, витаминдер жетіспеушілігін, аллергиялық және жұқпалы ауруларды, жүктілік токсикозын жатқызуға болады.
Жергілікті ықпалдар тобын құраушы және пародонт тіндеріне, соның ішінде қызылиекке тікелей әсер етуші факторлар: ауыз іші гигиенасын дұрыс сақтамау нәтижесінде микроорганизмнің көбейіп, патогендік қасиеттерінің жоғарылауы, тіс қақтары (микробты қақ) мен шөгінділерінің құрылуы, тіс-жақ сүйек жүйесінің ауытқулары, дұрыс қойылмаған пломбылар, емделмеген тісжегі қуыстары, қозғалмалы сүт тістер, ортопедиялық және ортондонтиялық құрылғылар, химиялық препараттар, иондаушы радиация.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет