2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!» 6-сынып, №2 бжб тақырып



Дата29.12.2023
өлшемі20,96 Kb.
#145056
Байланысты:
6-сын.әдебиет №2 БЖБ 2- тоқсан


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»
6-сынып, № 2 БЖБ


Тақырып: Абай Құнанбайұлы «Бірінші қарасөзі», «Жетінші қарасөзі», «Отыз бірінші қарасөзі»
Оқу мақсаты: 6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын
маңызына негіздеме жасау;
6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып
баға беру.
Бағалау критеийі:

  • шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды;

  • кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Абайдың «Бірінші қарасөзі» бойынша берілген үзіндіге байланысты өз пікіріңді білдір.

Шығармадан үзінді

Менің пікірім

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!




2-тапсырма. Абайдың «Жетінші қарасөзіндегі» ойлар мен тұжырымдарды анықтаңдар.



Берілген түсінік

Қарасөздегі ой-тұжырым атауы

Ішсем, жесем, ұйықтасам




Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.




3-тапсырма. Абайдың «Отыз бірінші қарасөзі» бойынша білімдеріңді тест әдісімен тексеріңдер.

  1. Естіген нәрсені ұмытпастықтың неше себебі бар?

  1. 3

  2. 4

  3. 2

  4. 6

  1. Абайдың «Отыз бірінші қарасөзіндегі» ой кеселін көрсетіңіз.

  1. Ойыншы-күлкішілдік

  2. Мазасыздық

  3. Ұйқышылдық

  4. Көпсөзділік

  1. «Ғибрәтлану» сөзінің мағынасы

  1. Ғибраттану, үлгі алу;

  2. Құмарлық

  3. Қарасөз

  4. Залал

  1. Естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебінің бірін белгілеңіз.

  1. Ой-кеселді нәрселерден қашық болу керек.

  2. Адалдықпен өмір сүруге тырысу керек.

  3. Бала тәрбиесімен айналысу керек.

  4. Көп кітап оқып, білімін жетілдіру керек.

  1. Естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебінің бірін белгілеңіз.

A. Сол нәрсеге қатысты мол деректер жинап, мағұлмат алу керек.
B. Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек.
C. Сол нәрсенің шыққан тегін зерттеп, тарихи негізіне үңілу керек.
D. Сол нәрсеге өзгелердің қызығушылығын арттыра білу керек.

Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

• шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды;

1

Абайдың «Бірінші қарасөзі» бойынша берілген үзіндіге байланысты өз пікіріңді білдіреді;

1

Өзінің көңілге түйгенін жазады

1
1

2

Абайдың «Жетінші қарасөзіндегі» ойлар мен тұжырымдарды анықтайды;

1
1

• кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

3

«Отыз бірінші қарасөзі» бойынша білімдерін тест әдісімен тексереді:
1-сұрақ;
2-сұрақ;
3-сұрақ;
4-сұрақ;
5-сұрақ.

1
1
1
1
1

Барлығы 10 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет