Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу əдістері Lesson Objectives



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата15.11.2022
өлшемі206,72 Kb.
#50445
  1   2   3   4   5


Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу əдістері 
Lesson Objectives: 
1.Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны
жəне негізгі түрлері. 
2. Математикадан факультативтік жұмыстар.
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін 
мектептердегі оқу–тəрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – 
оқушылардың 
математикаға 
деген 
қызығушылығын 
арттыру, 
шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту. 
Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік жəне ғылыми–зерттеу жұмыстарының 
ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу. 
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері:
а) оқушылардың танымдық белсенділігі мен пəнге деген ынтасын 
қалыптастыру; 
б) математикалық білімдерін тереңдету;
в) дүниеге ғылыми көзқарастарын кеңейту болып табылады. 
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны жағынан 
екі топқа бөлуге болады. 
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту. 
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар. 
Бірінші бағыт əр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген 
оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше 
жүйелі түрде, əр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі 
мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы 
кемшіліктерді дер кезінде жою. 
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады. Ол 
төмендегідей мақсаттарға жауап береді. 


1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту; 
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту 
жəне тереңдете оқыту; 
3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен 
математикалық қабілетін дамыту; 
4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тəрбиелеу. 
Мұндағы мақсат – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық 
қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тəрбиелеу. 
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлеріне: 
математикалық үйірме,
математикалық апталық,
математикалық кеш,
математикалық сайыс,
викториналар,
конкурстар,
математикалық олимпиадалар,
көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. 
Оларға математикаға қызығатын жəне бейімді оқушылар ерікті түрде 
қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама 
көлемінде жəне математикалық қосымша мəселелерінен де түсініктер 
беріп, олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы 
алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда 
ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. 
Үйірме жұмысын негізінен теориялық жəне практикалық бағыттарды 
жүргізуге болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің 
немесе оқушының белгілі тақырып бойынша əңгімесін, баяндамасын 
қамтып, аптасына бір рет жүргізіледі. Əрбір жұмыстың ұзақтығы 1-1,5 
сағаттан аспағаны дұрыс. Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында əр 
түрлі мазмұндағы есептерді шешіп, мектеп жəне ауданаралық 
олимпиадаларға даярланады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру 
мақсатымен ойын есептерін, логикалық есептерді жəне практикалық 
мазмұндағы есептерді көбірек шығарған жөн. Математика үйірмесіне 
көптеген талаптар қойылады. Үйірмеде берілген білім оқушылардың ой-
өрісін арттыратындай, жоғары сыныптарда математиканы оқып үйренуіне 
көмектесетіндей дəрежеде болуы керек. Үйірме сабақтары барынша 
жүйелі, қарапайым, қызықты жəне ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде 


оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз ойларын жасқанбай ортаға 
салулары қажет. 
Математика үйірмесінің мазмұны мына мəселелерді қамту керек. 
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар; 
- математика тарихынан хабарлар; 
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі; 
- қызықты, логикалық жəне тарихи есептерді шығару; - қиынырақ есептер 
шығару (стандарт емес есептер); - қолданбалы есептер қарастыру; 
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу; 
- оқушыларды математика жөніндегі жаңа əдебиеттермен таныстыру.
IV-VIII сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер 
оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан 
гөрі қызықтылығы басым болуы керек. 
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі –


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет