2-зертханалық жұмыс. Тұндырғышты есептеу



бет2/4
Дата14.10.2022
өлшемі101,49 Kb.
#43207
1   2   3   4
Байланысты:
зертханалық жұмыс 2

Ұзақ тұндыру. Ұзақ тұндыру тұндырғыштарда мерзімдік, аралас және үздіксіз жағдайда өткізіледі. Олар бір және көп ярусты болады.
Ұзақ тұндыру негізінен экономикалық жағынан тиімді үрдіс болып табылады, өйткені ол тегін ауырлық күші арқылы өткізіледі.
Екінші жағынан мұндай тұндырғыштар өте үлкен болып келеді, яғни әжептеуір ауанды алады. Мысалы, тазалау құрылғыларында диаметрі 100 м, тереңдігі 7 м−ге дейін болатын тұндырғыш‒көлдер қолданылады.
Тұндырғыштың өнімділігі тұнықталған сұйық мөлшерімен анықталады және мына өрнектен есептелінеді

V1 = Fо · Wос , м3/с (3.10)


Осыдан тұндырғыштың беті


(3.11)




1 және 6-шар тәрізді бөлшектер үшін, 2-дөңгелектенген, 3-бұрыштық, 4-сопақ, 5-жалпақ бөлшектер үшін.
3.1−сурет. Ly=(Ar) түрiнде­гi графикалық тәуелдiлiк

Яғни бұл формуладан көрініп тұрғандай, тұндырғыштың бетін азайту үшін тұндыру жылдамдығын арттыру керек, бұл Стокс заңынан анықталады:




.

Стокс заңынан көрініп тұрғандай, тұндыру жылдамдығын арттыру үшін бөлшек диаметрін ұлғайту керек.


Суспензияның тұндырғышы. Суспензияның тұндырғышы аралас немесе үздіксіз аппарат ретінде жұмыс істейді.
3.2-суретте тырмасы бар үздіксіз тұндырғыш көрсетілген. Мұндай тұндырғыш өндірістік жағдайда тиімдірек болып келеді. Суспензия аппараттың орталық жағына беріледі, тұнықтырылған сұйық сақиналық желоб 2 арқылы шығарылады, тұнба аппараттың түбіне жиналады. Тырма 1, 0,02—0,5 айн/мин жылдамдықпен түскен тұнбаны қопсытады және оны аппарат түбімен тұндырғыштың ортасындағы төгу щтуцері бағытында жылжытады.
Тұндырғыштан алынатын тұнба құрамында өте көп сұйық болады. Бұл сұйық көп жағдайда бағалы өнім болады, сондықтан оны тұнбадан бөліп алу керек. Оны тұнбаны қарама-қарсылық шаю қондырғысында шаю арқылы бөліп алады.


1- тырма; 2- сақиналық желоб; 3 - айналдырғыш; I- суспензия; II- тұнықтырылған сұйық; III- тұнба.
3.2-сурет. Тырмалы үздіксіз тұндырғыш
Қондырғының құрылысы. Қондырғы әртүрлi сұйықтармен толтырылған dці50 мм болатын үш шыны цилиндрлерден тұрады. Сұйықтардың физикалық қасиеттерi бе­рiледi. әрбiр цилиндрдiң жоғарғы және төменгi бөлiктерiнде, тұндыру үрдісiндегi бөлшектердiң өтетiн жол аралықтарын анықтайтын бел­гiлерi болады. Секундомермен осы екi аралықтағы жолды бөлшектердiң қанша уақытта өтетiндiгiн өлшей отырып, олардың тұну жылдамдығын анықтауға болады. Бөлшектердiң сұйықтағы жылдамдығының бастапқы үдеуiн болдыр­мау үшiн, цилиндрдiң жоғарғы жағындағы белгiнi сұйықтың беткi деңгейiнен 3040 мм төменгi жерге белгiлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет