Жұмыс iстеу әдiстемесi. Домалақ және дұрыс емес пiшiндi бөлшектердi (олардың диаметрлерi белгiлi) ыдыстағы сұйық үстiнен ақырын ғана, жәйлап тастайды. Секундомермен жоғарғы және төменгi белгiлер аралығындағы қашықтықты бөлшектердiң қанша уақытта өтетiндiгiн өлшейдi. Әрбiр өлшемдi бiрнеше рет қайталайды. Тәжiрибе нәтижелерiн есеп беру кестесiне енгiзедi.
3.1-кесте.
Тәжiрибе нәтижелерi
Тәжiрибе
|
Өлшем
|
Бөлшектер
|
Сұйық
|
Бөлшектiң тұну уақыты,с
|
Тұну жылдамдығы
|
Re
|
Ar
|
Ly
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Критерийлер Re, Ar және Ly-ны есептеу үшiн, тұну жылдамдығы Wт мен бөлшек диаметрi dк-ың орталандырылған мәндерi алынады. Тұну жылдамдығы Wт-ны анықтау үшiн, бес реттен кем емес тәжiрибе жүргiзу және әрбiр тәжiрибеде үш-төрттен өлшемдер болуы керек.
Егер тәжiрибе барысында бөлшек қабырғаға тиетiн болса немесе тұндырылатын бөлшекке ауа көбiршiгi жабысатын болса, онда ондай тәжiрибе нәтижесiн есептемей, қайтадан жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |