2-зертханалық жұмыс. Тұндырғышты есептеу



бет1/4
Дата14.10.2022
өлшемі101,49 Kb.
#43207
  1   2   3   4
Байланысты:
зертханалық жұмыс 2


2-зертханалық жұмыс.


Тұндырғышты есептеу


Жұмыстың мақсаты‒қатты бөлшектердiң олардың диаметрлерiне, пiшiнiне және бөлшектер мен сұйықтың физикалық қасиеттерiне байланысты тұну жылдамдығын тәжiрибе жүзiнде анықтау; әртүрлi ке­зең үшiн, тәжiрибе жүзiнде алынған Re=c·Arn немесе Ly=(Ar) байланыстарын графикте салу.
Жалпы мәлiметтер. Өте ұсақ қатты бөлшектердi сұйықтар мен газды ортада тұндыру кезiнде, мысалы, газдарды тазалау, суспензияларды айыру үрдістерiн­де оның негiзгi сипаттамасы ретiнде тұндыру жылдамдығы Wт санала­ды.
Ауырлық күшi әсерiмен өтетiн тұндыру жылдамдығын анықтап есептеу үшiн, тұндырудың барлық кезеңдерiне келетiн, мынадай жалпы байланыстылықты қолдануға болады:


(3.1)

Кедергi коэффициентi V-ны анықтауда, Рейнольдс санына байла­нысты, оның үш түрлi кезеңге сәйкес мәндерi тәжiрибе жүзiнде анықталған. Бiрiншi ламинарлық кезең үшiн, яғни Reт<2 кезiнде:


V=24 / Reт (3.2)
өтпелi кезеңде, яғни 2 < Reт < 500 кезiнде:
V=18, 5· Reт0, 6 (3.3)
Ал, үшiншi дамыған турбуленттi кезеңде, яғни Рейнольдс саны 500-20000 аралығында болса, онда V=0, 44 болады.
Бұл байланыс, диаметрi dk болатын бiр ғана дөңгелек бөлшекке тура.
Ламинарлық кезеңде ( Reт<2) , бiр ғана дөңгелек бөлшек үшiн тұну жылдамдығы мына теңдеумен өрнектеледi:
(3.4)
Мұнда диаметрлерi dk< 0, 1 мм болатын бөлшектердiң қозғалысы бiр­келкi деп есептелiнедi де, осы (3.4) теңдеу Стокс теңдеуi деп аталынады. Бұл теңдеу Рейнольдс саны 10-4Егер бөлшектердiң пiшiнi домалақ болмаса, онда есептеу кезінде (3.4)-теңдеу­дi қолдануға болмайды.
Жалпы жағдайда мынадай шектiк байланысты қолдануға бо­лады:

Re=(Ar, z) (3.5)

мұндағы Ar-Архимед критерийi:


Аr=dк3rо2g(rк-rо) / mо2rо
Егер (3.2)-байланысты ескерсе (3.5)-байланыс мына күйге келедi:

Re=Ar/18 (3.6)
Бұл ретте, Архимед санының критерийлiк шамасы, басқаша айтқанда ла­минарлық кезеңнiң болуын шектеу мүмкiндiгi мынаған тең, яғни ArЈ36.
өтпелi кезеңде (3.5)-байланыс мынадай түрде болады:
Re=0, 152· Ar0, 715 (3.7)
өтпелi кезеңдегi Архимед критерийiнiң өзгеру шамасы 368,3·104 сандарының аралығында жатады.
Дамыған турбуленттi тұндыруда:
Re=1,74· Ar0, 5 (3.8)
Егер тұну жылдамдығы берiлсе немесе ол белгiлi болса, онда тұнды­рылатын бөлшектердiң диаметрлерiн есептеу үшiн, Ly=(Ar) түрiнде­гi графикалық тәуелдiлiктi пайдаланған қолайлы (3.1−сурет).
Ly=(Ar) тәуелдiлiгiнде кедергi коэффициентi V алынып тасталынған, өйткенi ол домалақ емес бөлшектер үшiн, олардың пiшiндерiне тәуелдi болады (домалақ, бұрыштық, пластинкалық және т. б.).
Тұндырудың Кез келген кезеңi үшiн dк белгiлi болса, онда есептеудi 3.1-суреттегi график бойынша жүргiзуге болады. Графикалық түрде есептелiнген тұну жылдамдығы бiр ғана бөлшек үшiн тәжiрибе жүзiнде анықталған мәнмен жақсы сәйкес келедi. Пiшiнi дұрыс емес бөлшектер үшiн, тұну жылдамдығы әдетте төмендеу, сондықтан да мұндағы домалақ бөлшектерге арналған жылдамдықты, пiшiн түзету коэффициен­тi Y-ға көбейту керек. Wт=YWт.д.. Мұндағы Y=Vшар/Vзат.
Пiшiн факторы (коэффициентi) Y-ың кейбiр геометриялық дене­лерге сәйкес мәндерi мынадай:

бөлшек пiшiнi

Y

бөлшек пiшiнi

Y

куб
цилиндр(h=3r)

0, 806
0, 860

цилиндр (h=10r)
цилиндр (h=20r)

0, 691
0, 580

мұндағы h-биiктiк; r-радиус.
Бөлшектердiң қысылып тұнған қозғалысы кезiндегi жылдамдықты есептеу үшiн, Стокс теңдеуiне суспензияның концентрациясын және оның басқа да қасиеттерiн ескеретiн түзету көбейткiшiн енгiзедi.
Ал, критерий Лященко бұл ретте мынаған тең:
Ly=Re3/Ar = Wт3rо2 / mо(rк-rо)g (3.9)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет