20 балл
Материалдық нүктенің кинематикасы туралы түсінік беріңіз.
Механика – механикалық қозғалыс заңдылықтарын және осы қозғалысты тудыратын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін физиканың бір бөлімі.Механика 3 бөлімге бөлінеді:
Кинематиканың заңдылықтарын зерттеудің негізі- материалдық нүктенің қозғалысы. Механикада алдымен бір материалдық нүктенің қозғалысы зерттеледі, сосын материалдық нүктелер жүйесі қарастырылады.
Механикалық есептерді шешуді жеңілдету үшін көптеген жағдайларда зерттеліп отырған денелердің пішіндерімен мен өлшемдеріне назар аудармай, оларды материалдық нүкте ретінде қарастырады. Берілген есепте дененің массасы мен өлшемдері ескерілмесе, ондай денені материалдық нүкте деп атайды. Табиғатта материалдық нүктелер кездеспейтіндіктен, ол ойша алынған ұғым болып табылады.
Сонымен, материалдық нүкте дегеніміз массасы қарастырылып отырған дененің массасына тең геометриялық нүкте. Денені, егер оның бөлшектері бірдей және жүрген жолы дененің өлшемімен салыстырғанда айтарлықтай үлкен болғанда ғана, материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады.
Денелердің қозғалысы кеңістікте және уақыт бойынша өтеді. Сондықтан материалдық нүктенің қозғалысын сипаттау үшін осы нүктенің кеңістіктігі орнын және қозғалыс уақытын білу қажет.
Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.
Санақ денесі –қандай да бір таңдап алынған дене, оған қатысты басқа (қозғалатын) денелердің орны анықталады.
Координаталар жүйесі – санақ денесіне байланысты жүйе, мысалы, xyzтік бұрышты декарттық жүйе
Қарастырылып отырған материалдық нүктенің қозғалыс кезінде із қалдыруын оның траекториясы дейді. Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы.
Орын ауыстыру – қозғалыс траекториясының бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді.Траекторияның формасына қарай, қозғалыс түзусызықты және қисықсызықты деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |