Ньютонның бірінші заңын және инерция түсінігін түсіндіріңіз.
Бұл заңда барлық материалдық объектілерге ортақ қасиет - тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санау жүйесімен байланыстыратын бол- сақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және са- нау жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады. Денеге ешқандай күш әсер етпесе, онда дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Материалдық денелердің мұндай қасиетін инерциялық деп бірінші заңы, әдетте инерция заңы деп аталады. Инерция құбылысы бірден пайда болмай, әсер етуші күштің әсерінен белгілі бір уақыттан кейін пайда болады.
Егер денелерде инерциялық қасиет болмаса, онда оның қозғалысы үдеуді сипаттамай, тек сол уақыттағы жылдамдықтың шамасын ғана көрсетеді. Инерциялық қасиет микроскопиялық денелер сияқты макроскопиялық денелердің бөлшектеріне де тән. Сондықтан инерция - денелер қозғалысының түріне байланыссыз объективті түрде қалыптасқан және барлық физикалық денелерге тән қасиет.
Ньютонның екінші заңын түсіндіріңіз.
Ньютонның екінші заңы деп денелердің өзара әсерлесуі және ілгерілемелі қозғалысы кезінде оларда болатын өзгерістерінің байланысын сипаттайды. Сондықтан бұл заң ілгерілемелі қозғалыс динамикасының негізгі заңы бола отырып, былай тұжырымдалады: қозғалыс өзгерісі түсірілген күшке пропорционал және сол күшпен бағыттас болады. Ньютон қозғалыстың өзгерісін үдеудің өзгерісі деп ұқты. Олай болса, бұл заңдылық мына түрде жазылады: a = F/m
мұндағы: F-денеге әсер етуші күш,
m-дененің массасы,
а -үдеу.
Көптеген тәжірибелердің қорытындысы берілген дененің мас- сасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол денеге белгілі бір үдеу беру үшін көбірек күшпен әсер ету керек екендігін дәлелдеді. Екінші сөзбен айтқанда, дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым инертті деп есептеліп, оның қозғалыс күйін өзгерту үшін көбірек күш қажет болатындығы байқалды. Сонымен, масса дененің инерттік мөлшері болып, оның динамикалық сипатын білдіреді. Енді айтылған пікірлерді ескере отырып, Ньютонның екінші заңын былай тұжырымдауға болады: дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің багыты бойынша өзгереді.