20 беттің беті



бет2/8
Дата14.02.2023
өлшемі263 Kb.
#67743
1   2   3   4   5   6   7   8
3.6. Реквизитке дейінгі: биологиялық химия, микробиология, физиология анатомия негіздерімен, латын тілі
3.7. Реквизиттен кейінгі: фармакотерапия, дәрілік заттарды тиімді қолдану


3.8. Пәннің қысқаша мазмұны.
Фармакологияның анықтамасы, оның басқа медициналық және биологиялық ғылымдарыдың арасындағы орны. Фармакология дамуының негізгі этаптары. Қазақстанда дамуы. Негізгі ғылыми мектептері. Жаңа дәрілік құралдардың жасалуы принциптері. Жалпы рецептура. Дәрілік құралдардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасының жеке ерекшеліктері. Дәрілік құралдардың жіктелуі, фармакологиялық қасиеттері, механизмінің әсері, қолдану көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштері, жанама және жағымсыз әсерлер. Дәрілік құралдармен улану және олардың жою шаралары. Жоғары фармацевтикалық білім беру жүйесінде фармакология, фундаменталды ғылымдардың бірі болып табылады және медициналық тәжірибеде дәрілерді тиімді пайдалану үшін теориялық базаны құрайды. Қалыпты және паталогиялық физиология, биохимия курстарының базасына негізделе отырып, фармакология медико-биологиялық және клиникалық пәндердің байланыстырушы тізбегі ролін атқарады. Теориялық және клиникалық пәндердің арасындағы байланыс қызметін атқару көптеген ғылыми бағыттардың дамуын қамтамасыз етеді. Фармакология облысындағы жаңа бағыттар жаңа препараттарды алу мен оларды медициналық тәжірибеге енгізумен байланысты қолданбалы аспектілерді, сонымен қатар фундаменталды мәселелерді де қамтиды.


3.9. Тақырыптық жоспар:

3.9.1. Аудиториялық сабақ тақырыптары және мазмұны







Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Кредит 1

1

Кіріспе. Жалпы рецептура. Дәрілік түрлер.

Дәрілік түрлер: қатты, жұмсақ және сұйық. Мемлекеттік фармакопея. Рецепт. Рецептің жазылу және босатылу ережелері.

2

2

Жалпы фармакология.
Дәрі- дәрмектердің фармакокинетикасы. Дәрі- дәрмектердің фармакодинамикасы.

Ағзаға дәрілерді енгізу жолдары. Дәрілік заттардың сіңірілу механизмдері. Таралуы. Биотрансформациясы. Шығарылу жолдары. Фармакологиялық әсер. Әсер ету механизмі.

2

3

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар.

Құрамында галогені бар антисептиктер. Тотықтырғыштар.Ауыр металл тұздары. Альдегидтер мен спирттер. Фенол және оның туындылары.

2

4

Антибиотиктер.

Антибиотиктер. Бета-лактамды антибиотиктер. Макролидтер. Тетрациклиндер.Левомицетин тобы. Аминогликозидтер. Полимиксиндер. Әртүрлі топтағы антибиотиктер.

2

5

Микробтарға, вирустарға және паразиттерге қарсы дәрілер.
Синтетикалық антибактериальды дәрілік заттар.

Сульфаниламидті препараттар. Туберкулезге қарсы дәрілер.
Мерезге қарсы дәрілер.Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер. Вирусқа қарсы дәрілер. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер.

2

6

Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер.

Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер. Дофаминергиялық дәрілер.

2

7

Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.

Наркозға арналған дәрілер.Этил спирті. Ұйықтатын дәрілер. Эпилепсияға қарсы дәрілер. Паркинсонизмге қарсы дәрілер.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет