Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «____»__________
Қазақстан РеспубликасыЭнергетика министрінің
2018 жылғы « »
№ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан РеспубликасыЭнергетика министрінің
2016 жылғы «20» мамырдағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің
нормативтік мәндері
Атауы
|
Нормативтік
мәні
|
Өлшем бірлігі
|
Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші (SAIFI)
|
3,7
|
жылына өшіру саны
|
Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI)
|
3,7
|
жылына сағат
|
Қазақстан РеспубликасыЭнергетика министрінің
2018 жылғы « »
№ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
2-қосымша
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 47-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
3. Электрмен жабдықтау қызметтерінің сенімділігін бағалау үшін пайдаланылатын электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері ретінде бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші және бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшірудің орташа ұзақтығының көрсеткіші пайдаланылады.
2-тарау. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібі
4. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің мәндерін анықтау үшін тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеп соққан өшірулердің есебін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өшірулер журналында электронды түрде жүргізеді.
Өшірулер журналын толтыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Өшірулер журналын толтыру бойынша нұсқаулық сәйкес жүргізіледі.
5. Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші (SAIFI) мына формула бойынша анықталады:
мұндағы:
Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі i өшірілу кезіндегі тұтынушылардың жалпы саны;
Cs – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың орташа жалпы саны;
n - тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеп соққан өшірулердің толық саны, жылына.
6. Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI) мына формула бойынша анықталады:
мұндағы:
Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі i өшірілу кезіндегі тұтынушылардың жалпы саны;
t(i) – i өшірілу кезіндегі электрмен жабдықтау үзілісінің ұзақтығы, сағат*;
Cs – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың орташа жалпы саны;
n – тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеп соққан өшірулердің толық саны, жылына.
* Үзілістің ұзақтығын анықтау кезінде электрмен жабдықтаудағы әр тұтынушының үзіліс ұзақтығы жеке ескеріледі.
7. Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерін есептеуде мыналар:
1) электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылық;
2) климаттық жағдайлар:
атмосфералық артық кернеу (найзағай);
желдің есептіктен артық жылдамдығы;
көктайғақтың (жабысқақ қар) есептіктен артық қалыңдығы;
көктайғақ;
су тасқыны, мұз кету;
жер сілкінісі, сел, көшкін, опырылу, шөгу, топырақтың кебуінен өшірілген жағдайлар ескерілмейді.
8. Энергия беруші ұйым жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кеш емес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері туралы ақпаратты және Өшірулер журналын электронды нысанда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға жолдайды.
Осы Қағиданың 7 тармағының 1) тармақшасына сәйкес электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылытар себебі бойынша тұтынушылардың электрмен жабдықтауының өшірілуі бар болған жағдайда, Өшірулер журналына Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілерінің және электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актілерінің көшірмелері қоса беру қажет.
9. Энергия беруші ұйымдардан Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері туралы ақпаратын және Өшірулер журналын алғаннан кейін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардан алынған ақпарат пен есептермен салыстырылады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган сенімсіз деректер анықтаған жағдайда энергияны беруші ұйымына Өшіру журналын және Электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпарат ескертулермен қайтарады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін энергия беруші ұйымы 10 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ескертулерін ескере отырып, жаңартылған мәліметтермен Өшірулер журналын және Электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпараттарын жібереді.
Электрмен жабдықтаудың
сенімділігі көрсеткіштерінің
нормативтік мәндерін
айқындау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |