Энергия беруші ұйымның және аудандық электр желілер атауы
Электр қондырғының диспетчерлік атауы
Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшу уақыты мен күні
Тұтынушыларды электрмен жабдықтау қайта қосу уақыты мен күні
Өшіру себебі (1; 2; 3)
Өшіру себептерін сипаттау
Электрмен жабдықтау үзілісінің жалпы ұзақтығы t(i), сағат
Электрмен жабдықтау жүйесінде өшірілген тұтынушылардың саны Ca(i)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Барлығы
х
- 7 баған 1 тармақ бойынша
х
- 7 баған 2 тармақ бойынша
х
- 7 баған 3 тармақ бойынша
х
Ескертпе.
Өшірулер журналында тұтынушыларды электрмен жабдықтауды өшіру және қалпына келтіру туралы ақпарат тұтынушы тоқтаған және іс жүзінде электрмен жабдықтау қалпына келтірілген сәттен бастап толтырылады.
Тұтынушыларда электрмен жабдықтау кезең-кезеңмен өшірілген және/немесе қалпына келтірілген жағдайда электр энергиясын беруші ұйым сенімділік көрсеткіштерін есептеу мақсатында Өшірулер журналында жекелеген жазбалар жүргізуге құқылы. Бұл жағдайларда электр қондырғыларының атауы (4-баған), электрмен жабдықтаудың өшу және/немесе қалпына келу уақыты (5- және 6- бағандар), өшу ұзақтығы (9-баған) және тұтынушылардың саны (10-баған) жазбаларындағы айырмашылық рұқсат етіледі, басқа барлық жазбалар қайталануы керек (1, 2, 3, 7, 8-бағандар).
1-бағанда тұтынушыларда электрмен жабдықтаудық өшірілуінің ретік нөмірі көрсетеді. Көрсетілген нөмір жыл басынан бастап, нөмірлеу тәртібін сақтай отырып, хронологиялық тәртіппен жазылады.
2-бағанда өшірілген тұтынушы орналасқан жердің атауы көрсетіледі.
3-бағанда энергия беруші ұйымның атауы және аймақтық электр желілерінің атауы көрсетіледі
4-бағанда жұмысының бұзылуы тұтынушылардың электрмен жабдықтауның өшуіне әкелген электр қондырғының диспетчерлік атауы көрсетіледі.
5-бағанда тұтынушылардың электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшуінің басталу уақыты мен күні «сағат.минут және КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі..
6-бағанда тұтынушылардың электрмен жабдықтауын қалпына келтіру уақыты мен күні «сағат.минут және КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі.
7-бағанда тұтынушылардың электр жабдықтауының өшірілу себептері көрсетіледі:
1 - электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылық;
2 - климаттық жағдайлар;
3 - тұтынушылардың электрмен жабдықтауының өшіруіне әкеліп соқтырған электр қуатын өшірудің басқа себептері.
8-бағанда, 7-бағаннан 1-тармақты таңдау кезінде, технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісінің нөмірі және/немесе электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актілерінде көрсетілген тұлғаның атауы жазылады; 7-бағаннан 2 тармақты таңдағанда, климаттық жағдайлар сипатталады; 7-бағаннан 3-тармақты таңдағанда, тұтынушылардың электрмен жабдықтауының өшуіне әкеліп соқтырған электрмен жабдықтауды өшіруінің басқа себептері сипатталады.
9-бағанда тұтынушыға тұтынушының электрмен жабдықтаудың өшуі мен қалпына келтіру арасындағы уақыт пен күн айырмашылығымен анықталған бір тұтынушыға арналған өшірілу ұзақтығы көрсетіледі.
10-бағанда электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны көрсетіледі
Жиынтық кестелерде өшіру себептерінің, үзілістердің ұзақтығы, электрмен жабдықтаудың ажыратылған тұтынушыларының жалпы сандары көрсетіледі:
- электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылықтар себінен болған барлық өшірулер 7-бағанның 1 тармағы бойынша;
- климаттық жағдайлар оның ішінде атмосфералық артық кернеу (найзағай), желдің есептіктен артық жылдамдығы, көктайғақтың (жабысқақ қар) есептіктен артық қалыңдығы, көктайғақ, су тасқыны, мұз кету, жер сілкінісі, сел, көшкін, опырылу, шөгу, топырақтың кебуі себебінен болған өшіріулер 7-бағанның 2 тармағы бойынша;
- тұтынушылардың электрмен жабдықтауының өшіруіне әкеліп соқтырған электр қуатын өшірудің басқа себептерінен болған 7-бағанның 2 тармағы бойынша көрсетіледі.
Электрмен жабдықтаудың
сенімділігі көрсеткіштерінің
нормативтік мәндерін
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Нысан