20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы



бет17/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
20 Т Дисперсті жүйелер Попков

20.9. Пептизация

Бұл пептизация терминін коллоидтық химияға Т. Грэм енгізген болатын, өйткені бұл үдеріс тұнған ақуыздардың пепсиннің әсерінен ыдырауы нәтижесінде ерітіндіге өту үдерісіне ұқсас келеді. Сонымен, пептизация деп коагуляция кезіңде жаңадан алынған тұнбаның пептизаторлар деп аталатын заттардың әсерінен зольдерге өтуін айтады. Пептизация коагуляцияға кері үдеріс болып табылады, ол тұнба бөлшектерінің жекелеген коллоидық бөлшектерге дейін дезагрегациялануы нәтижесінде орын алады (20.16- сур.).



.16-сур. Пептизация механизмі
Жүйеде фаза бөлшектерінің арасында агрегациялану және дезагрегациялану үдерістерінің арасында тепе-теңдік орнауы мүмкін. Бұл күйге тұнбаға қатысты тепе-теңдікте болатын босдисперсті жүйедегі бөлшектердің белгілі бір концентрациясы сәйкес келеді. Коагуляциялану сәтінен бастап уақыт аз өткен сайын пептизацияның жүру мүмкіндігі де жоғары болады, себебі уақыт өткен сайын коагулятта фаза бөлшектерінің бірігуі орын ала бастайды, және бұл кезде коагуляция қайтымсыз сипатқа ие болады. Коагуляцияны болдырған электролиттерден коагулятты сумен жуу арқылы (электролиттің концентрациясы сшект шамасынан төмен болады) немесе потенциал анықтағыш иондары бар электролит қосу арқылы пептизацияны жүзеге асыруға болады. Пептизацияның механизмі диффузиялық қабаттың кеңеюі және ξ-потенциалдың өсуі есебінен бөлшектердің арасындағы тебіліс күштерінің артуынша байланысты, бұл кезде дезагрегациялану жүреді.

Пептизаторлар ретінде электролиттер де, бейэлектролиттер де бола алады. Пептизаторлардың иондары мен молекулалары тұнбаның коллоидтық бөлшектерінің бетіне адсорбцияланып, қос электрлік қабат немесе бөлшектердің айналасында сольват қабығын түзеді, бұл олардың арасындағы молекулааралық тартылыс күштерін жеңуге мүмкіндік береді. Пептизацияның адсорбциялык және химиялық түрлері болады.

Адсорбциялық пептизацияға мысал ретінде жаңадан алынған және сумен жуылған темір(ІІІ) гидроксиді тұнбасына аздаған мөлшерде темір(ІІІ) хлоридін қоскан кезде оның зольге өтуін келтіруге болады. Бұл кезде Ғе(ОН)з тұнбасының бөлшектері Ғе3+ иондарын талғамды адсорбциялайды. Олар бөлшектерге оң заряд береді. Осының салдарынан бөлшектердің арасында электрстатикалық тебіліс күштері пайда болады да, тұнба қалқыған жағдайға — зольге өтеді:

{mҒе(ОН)3nҒе3+  3(n-х)СІ-}3х+3хСІ-

Химиялық пептизацияның механизмі мынада: электролитті қосқан кезде оның тұнбаның бір бөлігімен әрекеттесуі жүреді, осының нәтижесінде пептизатор түзіледі, оның иондары бөлшектердің бетіне адсорбцияланып, оларға заряд береді. Химиялық пептизацияға мысал ретінде темір(ІІІ) гидроксиді тұнбасының тұз қышқылымен пептизациялануын келтіруге болады. Тұнбаның бір бөлігімен HC1 химиялық реакцияға түседі:

Ғе(ОН)з + Н+ → Ғе(ОН)2+ + Н2О Ғе(ОН)2+ → ҒеО+ + Н2О

Сонан соң пептизатордың иондары тұнбаның бөлшектеріне адсорбцияланады. Алынған зольдің мүмкін формуласын былайша жазуға болады:

{mҒе(ОН)3nҒеО+(n-х)СІ-}х+хСІ-

Пептизацияны сонымен қатар ББЗ ерітінділерімен де жүргізуге болады. ББЗ молекулалары тұнбаның бөлшектеріне адсорбцияланып, олардың дисперстік фазаларының дисперсиялық ортаға деген ынтықтығын арттырады, бұл Ребиндердің полюстікті теңестіру ережесіне сәйкес жүреді, яғни белгілі бір дәрежеде лиофобты зольдің лиофилдігі артады.

Пептизация үдерісін температураны көтеріп, араластыру арқылы тездетуге болады.

Электролиттердің қоспаларымен коагуляциялаған кезде аддитивтіліктің бұзылуы, және сонымен қатар зольдердің бой үйрену кұбылысын золь коагулят тепе-теңдігіне жүйеде пайда болатын басқа тепе-теңдіктерінің әсерімен, мысалы лиганда алмасумен түсіндіруге болады. Тепе-теңдіктерді ығыстыру үдерістердің бәсекесіне соқтыратыны белгілі. Антагонизм және зольдердің бой үйренуі кезінде тепе-тендік жағдайы золь бағытына қарай біршама ығысады, яғни пептизациялық үдерістер коагуляциялық үдерістермен бәсекеде болады. Синергизм кезінде тепе-теңдік коагуляттың түзілу бағытына қарай ығысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет