ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер Мәдени саналуандылық туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады: 2001 ж.
Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенция қабылданды: 1972 ж.
Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне қанша табиғи және мәдени нысандар кірген: 700-дей
1978 ж. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне қандай мәдени және табиғи нысандар енгізілетінін анықтайтын қанша талап анықталды: 6
Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне қандай мәдени және табиғи нысандар енгізілетінін анықтайтын қанша талап қойылады: 10 (2002 ж. толықтырылды)
Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізімінде қанша нысан бар: 1092 (845-і мәдени, 209-ы табиғи, 38-і аралас нысан)
ЮНЕСКО тізімінде Қазақстанның қанша нысаны бар: 5
Мұраны сақтауға қамқорлық жасайтын басты әлеуметтік-мәдени институттардың бірі: Мұражай
Мұражай сөзінің грекше мағынасы: Музалар храмы
Әлеуметтік функциясына қарай мұражайлар қалай бөлінеді: Академиялық, оқу, ағартушылық
Коллекциялардың тақырыбы мен құрамына қарай мұражайлар мынадай топтарға бөлінеді:
1. Көркемсурет
2. Этнографиялық
3. Тарихи
4. Мемориалдық
5. Салалық
6. Өлкетану
Жаратылыстану-ғылыми мұражайларының екі түрі: Биологиялық және геологиялық
Алғашқы жаратылыстану-ғылыми мұражайлары қай уақытта ашылды: XV ғ. соңы – XVI ғ. І жарт.
Алғашқы жаратылыстану-ғылыми мұражайлары қай елдерде ашылды: Франция, Швейцария, Германия, Италия
Ресейде табиғи заттарды мұражай жинақтамаларына пайдалану қай кезден басталды: XVIII ғ. 20 ж. (І Петр құрған Кунсткамера үшін)
Антикалық уақыттан бастап антикалық заттар жинақтарының бәрі қандай үш түрге бөлінеді: Өсімдік, жануарлар, минералдар
Мемлекеттік Эрмитаж Ресейдің қай қаласында орналасқан: Санкт-Петербург
Мемлекеттік Эрмитаж өз тарихын Ресейдің қай билеушісі кезінен бастайды: ІІ Екатерина (1764 ж.)
1771-1787 жж. Үлкен Эрмитаж ғимаратын салған сәулетші: Фельтен
Эрмитаж көпшілік үшін қай патша тұсында ашық болды: І Николай
Эрмитаж мұражайының негізгі экспозициялық бөлігі қай өзен бойында орналасқан: Нева
Эрмитаж мұражайында дүниежүзіінің қанша ескерткіштері мен өнер шығармалары бар: 3 млн-дай
Дүниежүзіндегі аса ірі және ең танымал көркемсурет мұражайы: Лувр
Лувр мұражайы қайда орналасқан: Париждің орталығында