ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ И ТЕХНОЛОГИИ
269
түсуіне әкеледі. Активті қуат бойынша жетімсіз
энергожүйелерде кернеу шамасы номиналды
шамадан төмен. Тепе-теңдікті орындау үшін жет-
кіліксіз активті қуат көршілес энергожүйелердегі
өндірілетін қуаты артық жүйелерге беріледі. Бі-
рақ реактивті қуатты берілген энергожүйеде ор-
натылған теңгеру құрылғыларында генерациялау
тиімдірек болады. Активті қуатпен салыстырған-
да, реактивті қуат генераторлармен ғана емес,
сондай-ақ теңгеру құрылғыларымен де өндірі-
леді. Бұл конденсаторлар, синхрондық теңге-р-
гіштер және реактивтік қуаттың статикалық көз-
дері, оларды кез келген желілерде орнатуға
мүмкіндік бар.
Реактивті қуатты теңгеру бүгінгі уақытта
энергияны үнемдеу және электр желісіне жүкте-
мені азайту мәселелерін шешуге мүмкіндік бере-
тін маңызды факторға жатады. Отандық және
шетелдік мамандардың бағалауынша, энергия
қорларының, соның ішінде электр энергиясының
үлесі өнімнің өзіндік бағасының маңызды бөлігін
құрайды. Бұл жай кәсіпорынның энергияны пай-
далануының аудитіне және саралауына ашық
көзбен қарауға, реактивті қуатты теңгеру үшін
әдістер әзірлеп, тәсілдер іздестіруге жеткілікті се-
беп болып табылады.
Электр тұтынушыларының әрекеттерімен
туындайтын индуктивтік реактивті жүктемеге
сыйымдылықты жүктеме көмегімен, нақты есеп-
телген конденсаторды қосу арқылы қарсы тұруға
болады. Бұл әрекет желіден тұтынылатын реак-
тивті қуатты төмендетуге мүмкіндік береді және
қуат коэффициентін түзеу немесе реактивті қуат-
ты теңгеру деп аталады.
Реактивті қуатты теңгеруге арналған құрал
ретінде қолданылатын конденсаторлық қондыр-
ғылардың қасиеттері:
1) Активтік қуаттың аз меншікті шығында-
ры (заманауи төменгі вольтті косинустық конден-
са-торлардың өзіндік шығындары 1000 ВАр-ге
0,5 Вт-тан аспайды;
2) Айналмалы бөліктердің болмауы;
3) Орнату және қолдану қарапайымдылы-
ғы (фундаментті қажет етпейді);
4) Қаражат
салымдарын
көп
қажет
етпейді;
5) Теңгерудің кез келген қажетті қуатын
таңдау мүмкіндігі;
6) Электр желісінің кез келген көзіне орна-
тып, қосу мүмкіндігі;
7) Шусыз жұмыс істеу;
8) Аз эксплуатациялық шығындар.
Конденсаторлық қондырғының қосылу түрі-
не байланысты теңгерімнің келесі түрлері болуы
мүмкін:
1. Дербес немесе тұрақты теңгеру, бұл жер-
де индуктивтік реактивтік қуат оның пайда болу
орнында теңгеріледі, соның арқасында өткізгіш
сымдардың жүктемесі азаяды (тұрақты немесе
үлкен қуатпен ұзақ уақыт бойы жеке жұмыс істей-
тін тұтынушылар үшін – асинхрондық қозғалт-
қыштар, трансформаторлар, дәнекерлеу аппа-
раттары, разрядтық лампалар және басқа).
2.
Топтық теңгеру, бұл жерде бір уақытта
жұмыс істейтін бірнеше индуктивтік тұтынушы-
ларға арналған дара теңгерімге ұқсас жалпы тұ-
рақты конденсатор қосылады (бір-біріне жақын
орналасқан электр қозғалтқыштары үшін, разряд-
тық лампалар тобы үшін).
3. Шоғырландырылған теңгеу, бұл жерде
белгілі конденсаторлар саны басты немесе топ-
тық үлестіргіш шкафқа қосылады. Бұндай теңге-
рімді, көбінесе айнымалы жүктемесі бар үлкен
электр жүйелерінде қолданады. Осындай кон-
денсаторлық қондырғыны электрондық реттегіш
– контроллер басқарады, ол реактивтік қуаттың
желіден тұтынылуына үнемі талдау жасап отыра-
ды. Ондай реттегіштер конденсаторларды іске
қосып, сөндіріп отырады, оның көмегімен жалпы
жүктеменің лездік реактивтік қуаты теңгеріледі,
осылайша желіден тұтынылатын толық қуат тө-
мендейді
Топтық теңгеру
Дербес теңгеру
Шоғырландырылған теңгеру
Реактивті
қуатты
теңгеру
қондырғысы
конденсаторлық
тармақтардың
белгілі
бір
санынан тұрады.
Автоматтық конденсаторлық қондырғыны енгізу-
дің экономикалық тиімділігі келесіден құралады:
1. Реактивтік энергияның төлемінде үнем-
деу. Ресейдің әртүрлі аймақтарында реактивтік
энергияның төлемі активтік энергияның төлемінің
12% - 50% дейін құрайды. Тәжірибе көрсеткен-
дей, реактивті қуатты теңгерудің конденсаторлық
қондырғысының құны енгізілуден кейін жарты
жыл-бір жыл ішінде өзін-өзі өтейді.
2. Істегі нысандар үшін желілердегі электр
қуатының шығындары ток мәндерінің төмендеуі
арқылы азаяды.
3. Жобалаудағы нысандар үшін конденса-
торлық қондырғыны жобалау кезеңінде енгізу
электр тораптарының құнын олардың көлденең
қимасын азайту арқылы үнемдеуге мүмкіндік бе-
реді.