56.«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?
Олай болса, біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.
57«Менің есімім» атты жаттығу
Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.
58.«Карусель» жаттығуы
Ішкі және сыртқы шеңбер құрып бір шеңбер айнала отырып бірі-бірін қысқаша таныстырады.
59.«Менің сүйікті ісім» жаттығуы
Әркім өздерінің істейтін сүйікті істерін айта отырып, бір-бірімен топтасады.
60.«Айна» жаттығуы
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
61.«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» жаттығуы
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |