5.«Тыңдаушы жұптар» жаттығуы Ойыншыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз. Жұпта бір ойыншы екіншісіне бақытты сәтін суреттеп беру керек. Тыңдаушы ештеңе айтпау шарт, тек айтылып жатқанға мұқият көңіл бөлу қажет. Бірнеше минуттан кейін тыңдаушылар естуін доғаруын сұраңыз. Бұл кезеңде айтушы өз оқиғасын жалғастыра береді, бірақ тыңдаушы оған көңіл бөлмей ғана тыңдайды. Оған есінеуге, бұрылуға немесе ысқыруға болмайды. Маңыздысы оның жұбы айтып жатқанын тыңдаушы естімейді. Бірнеше минуттан кейін оларды тоқтатыңыз. Содан соң тыңдаушы мен айтушы орындарын ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Ойын аяқталған соң ойыншылардан қызықтырған және қызықтырылған тыңдаушылардың айырмашылықтары өзгерді ме? Жаттығуды талқылаңыз. 6.«Қағаздарды жинақтау» жаттығуы Мақсаты: Қарым-қатынас және қабылдау дағдысын дамыту Барлық ойыншылардан көздерін жұмуды сұраңыз. Оларды қарамауға бұйырыңыз! Жүргізуші барлығына қағаз таратады. Ойыншыларды қағазды екі бүктеуге және бүктелген қағаздың оң жақ бұрышын жыртып алуды сұраңыз. Кейін тағы бір рет екі бүктеуге және сол жақтағы бұрышын жыртып алсын. Қарауға болмайтынын ескертіңіз! Енді көздерін және қағазды ашып қалған ойыншыларға көрсетсін. Қағаздың парақтары әртүрлі кесіледі. Ойыншылардан бұл жаттығу не байқатқанын сұраңыз. Біріншіден, ең жеңіл нұсқауларды да әркім әртүрлі түсінеді. Біз жиі ойлаймыз, айтылған нәрсеміз басқаларға түсінікті болатындығы, тек кейін айтылған нәрсемізді әркім басқаша қабылдайтынын аңғарамыз. Барлығы нұсқауды дұрыс орындады, бірақ қорытынды әртүрлі. 7.«Кеден» жаттығуы Ойыншылар ішінен екі «кеден қызметшісі» және екі «шетелдік» таңдалынып алынады. «Екі кеден қызметкерінің» міндеті «шетелдіктермен» сөйлесу барысында олардың қайсысы «контрабанда» алып өткізгісі келгенін анықтау. «Багаж» ретінде «кеденшілерге» «шетелдіктер» алып келген екі кітап болуы мүмкін, ал «контрабанда» ретінде біреуінің ішіне салынған бір парақ қағаз болуы мүмкін. «Кеденшілер багажды» тексеруге құқығы жоқ. Ол өздерінің байқағыштығы мен сезімталдығына сүйеніп өз мақсаттарына жетуге тиіс. «Шетелдіктер» сыртта өздерінің қай елден, қандай мақсатта келгендігі жайлы аңыз ойлап шығарып жатыр. «Шетелдердің» негізгі мақсаты «кеденшілермен» әңгіме барысында күдік тудырмайтындай аңыз ойлап шығарып, кеденшілердің көңілін аулау. Әңгіме «кеденшілердің», «шетелдіктердің» қайсысында «контрабанда» жасырылғанын анықтауға дейін жалғасады. Жауап алынғаннан кейін басқа ойыншылар өздерінің шешімдерін айтады. Тек содан кейін ғана «шетелдер» мойындайды. Ойын соңында ортақ пікірлесу болады, пікірлесу барысында топ мүшелері қай жауап және неліктен дұрыстығын сұрыптайды. «Кеденшілер» мен көрермендердің қандай белгілер арқылы «шетелдіктер» «контрабанда» жасырынғаны және қайсысында екендігі анықтағаны белгілі болады.