2016 жыл №81 (8001) 15 Қазан сенбі қаныбек Әбдуов, Әбдісамат Әбдіш



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата27.01.2017
өлшемі12,57 Mb.
#2819
1   2   3   4

Ұйымдастыру комитеті.

БАЙҚАУ


ТУҒАН ӨЛКЕ КЕЛБЕТІ

(Жалғасы. Басы 1-бетте)



15 қазан, 2016 жыл

3

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жаңақорған  ауданы  әкімінің  ап-

параты»  коммуналдық  мемлекеттік 

мекемесі  2016  жылғы  12  қазан 

күні 

Қазақстан 



Республикасының 

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 

«kuzmet.gov.kz»  және  аудан  әкімдігінің 

«zhanakorgan.gov.kz» 

интернет-

ресурстарына  бос  әкімшілік  лауазымға 

жалпы конкурс мәтінін жариялады.

Жалпы  конкурстың  құжаттарын 

қабылдау 

kuzmet.gov.kz 

және 

zhanakorgan.gov.kz 



интернет-

ресурстарына 

соңғы 

жарияланған 



күнінен  бастап  жеті  жұмыс  күні  ішінде 

жүргізілетінін хабарлайды.

Конкурс  комиссиясының  отырысы-

на  байқаушылар  ретінде  Қазақстан  Ре-

спубликасы Парламентінің және барлық 

деңгейдегі  мәслихат  депутаттарының, 

Қазақстан  Республикасы  заңнамасында 

белгіленген 

тәртіпте 

аккредиттел-

ген  бұқаралық  ақпарат  құралдарының, 

басқа 


мемлекеттік 

органдардың, 

қоғамдық  бірлестіктердің  (үкіметтік 

емес 


ұйымдардың) 

коммерциялық 

ұйымдардың  және  саяси  партиялардың 

өкілдері, 

уәкілетті 

органның 

қызметкерлері қатыса алады.

Ескерту:  kuzmet.gov.kz  сайтын  ашу 

реттілігі: «Басты бет», «бос орынға кон-

курстар», «өңірлік деңгейдегі бос лауа-

зымдар»,  «Қызылорда  облысы»,  «Жал-

пы конкурст».



Аудан әкімі аппаратының 

бірыңғай конкурстық 

комиссиясы.

***

Қазақстан  Республикасы  Үкіметі 

жанындағы  жер  реформасы  бойын-

ша  комиссия  жұмысын  аяқтауына  бай-

ланысты 

Қазақстан 

Республикасы 

Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  Саll-

орталықтың  жұмысын  тоқтату  жөнінде 

хабарлайды.

Қазақстан  Республикасы  Бас 

прокуратурасымен 

республика 

көлемінде үлескерлердің қаражатын 

заңсыз  тарту  фактілерінің  алдын 

алу  мақсатында  «Алдаусыз  үлестік 

тұрғын үй» жобасы іске асырылуда.

Жобаны іске асыру мақсатында 

жасалған  іс-шаралар  жоспары-

на  сәйкес,  10.10.2016ж.  бастап 

қолданысқа  енгізілетін  «Тұрғын 

үй  құрылысына  үлестік  қатысу  ту-

ралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңын  халық  арасында  түсіндіру 

жұмыстарын өткізу көзделген.

Бұл мақсаттарда облыстық про-

куратурамен  халық  үшін  түсінікті, 

заңның негізгі талаптарын (құрылыс 

салушылардың  құқықтары  мен 

міндеттері, заң талаптарын бұзудың 

құқықтық  салдары  және  т.б.) 

қамтитын жадынамалар мен бейне-

ролик әзірленген.

Оларды 


жергілікті 

БАҚ-да  (телеарналар,  ба-

спа  басылымдары,  ра-

дио),  ведомстволық  веб-

сайттарда, 

әлеуметтік 

желілерде,  кинотеатрлар-

да,  LED-экрандарда,  адам-

дар  көп  шоғырланатын 

орындарда (ХҚКО-тар, вок-

залдар  және  т.б.)  тара-

тылуын  қамтамасыз  ету 

қажет.

Сондықтан,  аталған  іс-



шаралардың  іске  асырылу-

ына  ықпал  жасауыңызды 

сұраймын.

Нәтижесі 

18.10.2016 

жылға күтіледі.



ЕСКЕ АЛЫП, АСҚА ШАҚЫРАМЫЗ!

Ажал  неткен  мейірімсіз  едің.  Күні 

кеше ғана ортамызда жарқылдап жүрген 

ұлымыз Жасұлан Бейсенбайұлы Әлібаев 

не  бары  30  жастан  енді  асқан  еді.  Ар-

маны асқақ жан бір сәтте бақилық бо-

лып кетті.

Жасұлан 1986 жылдың 14 сәуірінде 

кент орталығында дүниеге келді. Мек-

тептен  соң  кәсіптік  мектепке  түсіп, 

оны дәнекерлеуші мамандығы бойын-

ша бітіріп шықты. Шамалы уақыт түрлі 

жұмыстар  атқара  келіп,  2007  жылы 

Астана қаласына ауысты. Отау көтеріп, 

Жаңагүл  Жанболатқызына  үйленіп,  үш 

ұл-қызды  өсіріп,  тәрбиелеуде  болатын. 

Қайтейік,  Алланың  жазуы  осылай  болса. 

Артыңда қалған үш перзентіңнің және жарың 

Жаңагүлдің жетімдік көрмеуіне көмек Алладан болсын.

Тағдыр айтса не амал бар, келісемін,

Бұл өмірдің ерте жаптың есігін.

Осы сәби алға апарар атыңды,

Ұрпағыңмен ұмытылмас есімің.

Мәңгі тыныш ұйықта балам, құлыным,

Өтер қайғы қуанышын жалғап күн.

Жарқыраған алдыңнан нұр шашылып,

Болғай жайың ортасынан жаннаттың.

Енді  27  қазан  2016  жылы  Жасұланның  40  күндік  асын  (26 

қазан  қонақасы)  Жаңақорған  кенті  Абай  көшесі  №51  үйде 

өтетіндігін  хабарлай  отырып,  барша  ағайын,  жекжат  пен 

жамағатты Құран ішінде болуға шақырамыз.

Асқа шақырушылар: Әлібаевтар әулеті.

Үлкенге  іні,    кішіге  аға  бола 

білген, 

дос-жаранына 

сыйлы, 

ағайынның ардақтысы абзал әкеміз 



Кенжебаев  Серік  Шерубайұлының  

дүниеден озғанына бір жыл толды. 

Қоғамның қай саласында болмасын, 

өзіндік  орны  қалыптастыра  білген, 

әкеміздің  ерен  еңбектері  ешқашан  

ұмытылмайды.  Өнегелі  өмір  жолы 

мен  азаматтық  адами  болмысы-

мен,  қарапайымдылығымен,  шы-

найы  жанашырлығымен  өзінен 

кейінгілерге  үлгі  өнеге  көрсете 

білді.  Алла  әкеміздің    алдынан  

жарылқасын, 

иманын 

жолдас, 


жәннаттың төрін нәсіп етсін.

Бір  жыл  өтті-ау  сырғып  ағып, 

білінбей,

Жүруші едің, арамызда күлімдей.

Түсімізде сырласамыз өзіңмен,

Көзді ашсам қаласыз-ау көрінбей.

Ұл-қызың, ұрпақтарың артыңызда, 

Жиі Құран бағыштаймыз басыңызға.

Топырағың торқа болғай, әкешім,

Еске алып, шақырамыз асыңызға!

Ардақты ағайын,  құда-жегжаттар, тума-туыстар!

Сіздерді ардақты әкеміздің рухына арналған қонақасы 22 

қазаны күні кешкі сағат 17.00-де, жылдық асы 23 қазан күні 

сағат 11.00-де Әбдіғаппар ауылы, Тәшібай көшесі №17 үйде 

беріледі.  

Еске алып, асқа шақырушылар: ұл-қыздары, 

Шерубаевтар әулеті.

Алланың  сүйген  құлы, 

әулетіміздің 

асыл 

ана-


сы,  достыққа  адал,  мінезі 

жарқын, еңбекке бекем, Жай-

ылма  ауылында  дүниеге  кел-

ген Райхан Базарбайқызының 

қаралы  қазасы  бәріміздің 

қабырғамызды  қайыстырып, 

жан-жүрегімізді 

жара-


лап  кетті.  Қапыда  айрылып 

қалған    жанның  қазасына 

бүгін міне жыл толды. Марқұм 

анамыздың  мейірімді  жүрегі, 

көңілді 

шуаққа 


бөлейтін 

жылы  сөздері  мен  шы-

найы  күлкісі  күн  өткен  сай-

ын  сағынышымызды  ұлғайта 

түсті.

«Алдың  пейіш,  артың  кеніш  болғай!»  дей  отырып, 



21-қазан  қонақ  асы,  22-қазанда  сағат  12.00-де  «Орда» 

мейрамханасында Жылдық асы өтетінін хабарлаймыз.

Сенің қазаң баршамызды жүдетті,

Сені ойласам, пәк жүрегім дір етті.

Бүгін сенсіз жыл менен ай, күн өтті,

Жұбата алмай жаралы мынау жүректі.

Аңсатты ғой, сенің нұрлы дидарың,

«Сені өлді» деуге еш қимадым.

Ол жақта да мекен-жайың жұмақ боп,

Мәңгілік жолдас болсын иманың!



Еске алып, асқа шақырушы: ұлы мен келіні –

Үйсінбаев Ғабит – Шәркүл.

Алдымен  елді  мекен  тұрғындары  мен 

қонақтары №224 орта мектепке жиналды. Білім 

ордасында  32  жыл  еңбек  етіп,  оның  27  жылы 

директор  болған  Нұралы  Әбілқасымовтың 

ізгі  істерін  жастардың  жадында  қалдыру 

мақсатында  «Қалдырған  ізің  мәңгілік»  атты 

шара өткізілді. 

Салтанатты шара мектептегі қазақ тілі және 

әдебиеті пәні кабинетін Нұралі Әбілқасымовтың 

есімі  берілуімен  басталды.  Кабинеттің  тұсау 

кесерінде  сөз  алған  Қыдырқожа  Үсенов:  – 

«Өлді  деуге  болама  айтыңдаршы,  өлмейтұғын 

артына  із  қалдырған»  деген  ұлағатты  Нұралы 

Әбілқасымовқа 

байланысты 

айтылғандай. 

Ол  кісінің  басшылық  жасаған  кезде  атқарған 

игілікті  істерін  әлі  күнге  дейін  көзін  көрген 

әріптестері  айтып  жүреді.  Міне,  осындай  арда 

азаматтың  азаматтық  қасиеттерін  жастардың 

бойына сіңіру үшін мектеп ұжымы өзі сабақ бер-

ген қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне ұлғатты 

ұстаздың  есімін  беру  туралы  шешім  шығарған 

еді. Қазір осы салтанатты шараның куәсі болып 

тұрсыздар, – деді.

Қадірлі 


қонақтар 

одан 


кейін 

мек-


теп  мұражайында  болып,  ондағы  құнды 

жәдігерлермен  танысты.  Мұражайда  Өзгент 

қаласы  орнынан  табылған  заттар  және  осы 

аймақтан шыққан айтулы азаматтарға арналған 

бұрыштар  жасалыпты.  Мұражайда  Нұралы 

Әбілқасымовтің  тұтынған  заттары  қойылған 

бұрышқа да көз түсті. 

Талғымды  шараның  соңы  ауылдық  клуб 

үйінде  жалғасын  тапты.  Мәдениет  ошағының 

сахна  төріне  аудан  әкімінің  орынбасары 

Ғалымжан Сопбеков, аудандық мәслихат депу-

таты  Нарымбет  Көлжанов,  тарихшы  Шайдар-

бек Әшімов, білім саласы ардагері Ермағамбет 

Құлымбетов,  Қожакент  ауылдық  округі  әкімі 

Асылбек  Айтжанов,  құрдасы  Айсара  Парме-

нова  ауыл  әкімі  Нұрғали  Оспанов  және  бауы-

ры Әлима Әбілқасымова  ардақты тұлға жайлы 

естеліктерімен бөлісті.



ҚОС ТОЙЫҢ ҚАБАТ БОЛСЫН

Одан  өзгенттіктер  жылдағы  дәстүр  бой-

ынша  «Алтын  күзге»  «Ауыл  күнін»  қоса  той-

лады.  Халықтық  мерекеге  келген  елді  мекен 

тұрғындары көңілді, әрі сергек жүрді. Мерекелік 

шара аясында ауыл әкімдігі, №224 және №245 

орта  мектеп  ұжымы,  спорт  ардагерлері  мен 

ауыл жастары және №16 «Жадыра» мен «Гүл 

арман»  бақшасының  біріккен  командалар 

спорттық шараларда мықтыны анықтады. 

Ауылдағы  білім  мекемелері  дайындаған 

концерттік бағдарлама мерекенін мерейі асыр-

ды.  Қатысушы  топтар  Қазақстанның  25  жыл-

да жеткен жетістіктерін баяндайтын көріністер 

көрсетіп, патриоттық тақыпта ән орындады. 

Салтанатты  жиын  барысында  ауыл  әкімі 

Н.Оспанов ауылдастарын мерекемен құттықтап, 

ауылдастары  шараға  ауызбіршілікпен  атсалы-

сып отырғанына алғысын айтты. 

–  Өзгент  ауылының  ауызбіршіліге  мен 

татулығының  арқасында  «Ауыл  күнін»  атап 

өтуді  дәстүрге  айналдырдық.  Берекелі  күзде 

мерекеленетін айтулы күннің өзіндік сыры бар. 

Балапанды күзде санайды демекші, атқарылған 

ерен  еңбектің  нәтижесін  саралап,  үздіктерді 

анықтап,  марапаттайтын  қолайлы  мезгіл. 

Сондықтан,  биылғы  атқарылған  жұмыстар 

қорытындыланып,  келер  жылғы  жұмыстар 

межелейтін  «Ауыл  күні»  құтты  болсын!  –  деді 

ауыл басшысы.

Сондай-ақ,  Н.Оспанов  биылғы  жылы 

егіс  науқанында  үздік  нәтиже  көрсеткен 

ауылшаруашылық  еңбеккерлерін  марапатта-

ды.  Сонымен  «Үздік  бригадир»  номинация-

сы  Р.Құрбанқожаевқа  табысталса,  «Үздік  жат-

кашы»  атауымен  Ә.Әлібеков,  «Үздік  астық  ба-

стырушы»  номинациясымен  Ж.Әлібеков  ма-

рапатталды.  Сондай-ақ,  «Үздік  комбайын-

шы»  А.Досанов,  «Үздік  күрішші»  С.Шаменов, 

«Үздік 


жылқышы» 

Р.Иманбеков, 

«Үздік 

диірменші» Б.Тілеубергенов, «Үздік жұмысшы» 



А.Тілеубергенов, 

«Үздік 


механизатор» 

Р.Рахманов және «Үздік астық тасымалдаушы» 

номинациясы Е.Палмановқа тапсырылды.

Ауыл  әкімдігі  мен  ауылдық  ардагерлер 

кеңесі  бірлесіп  тағайындаған  «Таза  көше» 

құрметіне  М.Әуезов  көшесіне  лайықты  болды. 

«Үлгілі  аула»  және  «Үздік  мекеме»  жеңімпазы 

ретінде М.Сүлейменовтің шаңырағы мен №245 

мектеп ұжымы марапатталды. 

Мерекелік 

шарада 

ауыл 


ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Қ.Әбдікәрімов  сөз  алып, 

құттықтауын  жеткізді.  «Ауыл  күні»  мазмұнды 

әрі мәнді өтуі үшін әр жылы туылған азаматтар 

қаржылай  қолдау  көрсетіп,  мерекелік  дастар-

хан жайып, жиналған қауымға ас берді. 



ТҮЙІН.  Өзгент  ауылдық  округінде  өткен 

халықтық  мерекені  көріп,  ой  түйдік.  Әсілі, 

берекелі  күзде  малшылар  мен  егіншілер  ала 

жаздайғы  еңбегінің,  маңдай  терінің  нәтижесін 

күтіп,  табысын  санап,  қуанышқа  кеңелетін 

кезде  ауыл  тұрғындарының  ауызбіршілігі 

мен 

татулығын 



арттыратын 

шаралар 


ұйымдастырылса  артықтық  етпейді.  Олай 

болса,  ауыл  әкімдері  түрлі  форматта,  түрлі 

деңгейде халықтық шараларды өткізгендері аб-

зал емес пе?! 



Ерубай ҚАЛДЫБЕК, 

Жаңақорған-Өзгент-Жаңақорған.

ХАЛЫҚТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТОЙЛА-

НАТЫН «АСТАНА КҮНІ» СЕКІЛДІ 

«ӨЗГЕНТ КҮНІ» ДЕ ЕЛДІ МЕ-

КЕН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БА-

СЫН КЕЗЕКТІ РЕТ ЖИДЫ. АЙТУ-

ЛЫ КҮНІ ӨЗГЕНТТІКТЕР БІР-БІРІН 

МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП, МӘЗ-

МАЙРАМ, ЖҮР. ОСЫ КҮНДІ АУЫЛ 

ТҰРҒЫНДАРЫ ҰЗАҚ КҮТКЕНДЕРІ 

СЫРТ КӨЗГЕ КӨРІП-АҚ ТҰР. ӨТКЕН 

ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 

ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА МЕРЕКЕ-

ЛЕНГЕН ХАЛЫҚТЫҚ ТОЙ, БИЫЛ 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА 

АРНАЛЫПТЫ. 

ӨЗГЕНТТІҢ ӨНЕГЕСІ

Содан  бері  бір  жыл  өтті.  Тау  алыстаған  сайын 

асқақтай  түседі  деген  ақиқат.  Ол  жиі  сағынатын 

болыпты.  Жақында  тағы  жолықтық.  Бұл  жолы 

көңілдегі сырын терең ақтарды.

Мәрзия  апа  дегенде  аспанның  асты  ашылып, 

күн күлгендей көрініс келді көз алдыма. Шіркін, ау-

ырмай, жер басып жүргенде дәл бұлай көңіл жарым 

болмай,  бала өзекте өкініш шоғы тұтанбас еді-ау. 

Алланың ісі десек те, адамның асылына аяушылық 

неге болмады дейсің. Иә, пәниде адамзат атаулының 

асқақ адамы ана ғой.  Ананың аяулы алақаны мен 

мейірбан  жүрегі,  нұрлы  жүзі  мен  шуақ  күлкісіне 

жететін  жұмсақ,  жылы,  жазира  пейіл  жоқ.  Қасиет 

те ананың ақ сүтімен дариды, бұл табиғи теорема. 

Тал бесіктен аяққа тұрғанша жетектеп, одан саналы 

болғанша  тәрбиелеп,  жаңа  өмірге  жігерлендіретін 

де ана емес пе? Ананың ақылымен қанаттанып, биік 

мақсаттарды бағындыруға талпынатын арманның да 

алғашқы ұстазы ана еді ғой. Жылағанда жанардың 

жасын сүртіп, құлағанда ауырған жеріңмен бірге ау-

ыратын, қиналғанда жұбататын тағы ана ғой. Сон-

да ол құдірет иесі емес пе? Өмір өткелдерінде ана 

деген  абыройлы атқа титімдей қара дақ түсірмей,  

ибалы келіміне именбеген кісі некен-саяқ тұғын. Ая-

дай  Машбек  ауылының  үлкен-кішісі  Мәрзия  деген-

де  мойынұсынбай  қалған  емес.  Алдын  кесіп  өтуге 

келіндер  келіспейтін,  ер  адам  тартынып  тұратын. 

Сол ардақты жан құдайға да керек болды.

Хауа Анадан кейінгі Домалақ Ана, Ұлпан, Ұмай, 

Зере сынды тарихтан қайталанбас тұлғалардың әз 

жолын жалғап, бір отбасының емес, ауылдың аты-

на кір келтірмеуге тырысатын ақ пейілін нағыз па-

расат  десе  жарасады.  «Қыз  жат  жұрттық»  деп, 

төркін  Жаңарықтан  қайын  жұртқа  келгенде  та-

стай  батып,  судай  сіңген  көпшілдігі  көптің  жады-

нан  шыға  қоймады.  Ол  қарапайымдылығымен-ақ 

алқалы  қауымның  құрметтісіне  айналған  қазақтың 

келісті келіні болды. Сөйткен келін келмеске кетті, 

Қарашаңырақтың қоламтасын сөндірмеуді ұрпағына 

қалдырды.

Мақтаулы  Мәрзия  Мырзакамалова  1950  жылы 

Жаңарық  кеңшарында  ұстаздар  әулетінде  дүниеге 

келді. Осында өсіп, бойын тіктеді. Қыз жетілсе көз 

көп, талдырмаш аруды таңдаған жігіт те жоқ емес. 

Осылай  он  сегізге  жаңа  толған  өрімдей  бойжет-

кен  Жарқынбекке  жар  болды.  Бұл  1968  жыл  еді, 

бірге  отбасының  отын  тұтатты.  Жаңа  ортаға  келін 

түскен соң қолынан шәй ішсем деген кейуана мен 

ақсақалдар  жарқын  жүзіне,  дархан  пейіліне  риза 

болысып,  батасын  беріп  жатты.  Ол  сол  қалпынан 

аумай,  Сопбековтер  әулетінің  сәнін  келтірді, 

ұрпағымен мың жасайтын жолды жалғады.

Мұғалімдер әулетінің мәуесі оқығысы да келген. 

Қызмет істеуге де қызығушылығы бар еді. Бірақ жол-

дасы  Жарқынбекке  жалтақтап,  оның  қас-қабағына 

қарады,  ерін  сыйлаған  етекте  қалмайтынын  білді. 

Еңбек  –  жақсы-жаман,  ауыр-жеңіл  деп  бөлінбейді, 

құрмет  алам  деген  адамның  қара  жұмыстан  да 

қадірі артады. Ол ылғи совхоздың қара жұмысында 

жүрді. Егістіктегі бригада жұмысшыларына нан десе 

нан,  тамақ  десе  тамақ  әзірлеу  Мәрзияның  міндеті 

еді. Арқалап отын тасып, шелектеп су әкеліп, қара 

қазанның қамы үшін қандай бейнет кешті. Қолы қалт 

етсе жеті күлшесін пісіріп, көшеден өткен балаларға 

«айналайын бауырсақ же, қарның ашып қалмасын» 

дейтін бауырмал болмысы ше? Отбасының, ағайын-

туыстың  тілекшісі болған тақуалығына тіл жетпейді.  

Сөйткен  анамызды  қара  жер  жатсынбай,  алып 

кетті.  

Мәрзия  мен  Жарқынбек  1969  жылы  тұңғыш 

төлін  сүйді.  Аппақ  Ақмарал  дүниеге  келді.  «Ақ 

сүтіме  лайық  қыз  болсын»  деп  арқасынан  таста-

май  арқалады,  «тіні  таза  болсын»  деп  тәрбиеледі. 

Себебі,  алдыңғы  арбаға  қарап,  іні  мен  сіңлі  өседі, 

үлкеннен  үлгі  алады.  Сол  айтқандай,  Ақмарал, 

Қайрат,  Нұрымжан,  Ғалымжан,  Жомарт  сынды 

перзенттері  ел  сүйсінетіндей  ұл-қыз  болып  өсті. 

«Өзім  үйдемін  ғой,  бір  болса  балаларға  болсын» 

деумен тапқан-таянғанын солардың аузына тосып, 

киімін  бүтіндеп,  бейнеттен  тайынбады.  Шетінен 

оқытты, бір-бір үйдің тізгінін ұстауға сеп болды. 

Енді олар сол оң ниеттің нәтижесін көріп отыр. 

Айталық,  Ақмарал  №51  мектепте  ұлағатты  ұстаз 

болса,  Қайрат  пен  Нұрымжан  Алматы,  Қызылорда 

қаласында  кәсіпкер.  Ғалымжаны  –  аудан  әкімінің 

орынбасары, Жомарты – Қызылордада есепші, оса-

лы жоқ. 

Міне, тірлігі ауыр татымы тәтті тіршілікте Мәрзия 

апаның артындағы ізгі ізі осылай. Бүгінде  17 неме-

ре өсіп келеді. Әжесінің әлдиі, ботақандары кейде 

«Енді әжем қашан келеді» деп қалады. Бала тілі бал 

ғой, періште көңілге «жоқ» деп кім айта алады? 

Мәрзия ананың ішінде бір арман айтылмай бірге 

кетті.  Ол:  «бес  айынан  бауырына  басып,  баққан 

тұңғыш  немересі  Көкентайының  үйлену  тойын 

көрсем» деген үмітіне қол созым уақыт қалып еді, 

жете  алмады.  Анда-санда  «той  төрінде  қасқайып 

отырып, елмен бірге қызықшылықты атқарсам» деп 

қоятыны еске түскенде, егіле жаздайсың.  

Қадірлі жанды халық та қимайды екен. Мәрзия 

апа туралы олардың толғанысы бөлек.  Соның бірі 

Қалдыгүл абысыны:

– 

Мәрзия  марқұм  ешқашан  үлкеннің  ал-



дын  кеспейтін,  үлкеннің  сөзін  бөлмейтін.  Өзі  келін 

болып  түскенде  бес  қайынсіңлісі  бар  еді.  Өзі  бо-

санып,  бала  тәрбиелеп  жүріп,  тары  түйіп,  сөк  са-

тып,  жұбайының  қабағына  қарап,  бес  қызды  да 

құтты  жерге  қондырды.  Абысын-ажынның  ара-

сын  мызғымас  татулықта  ұстап,  ынтымақтастықты 

қалдырды.  Айта  берсем  таусылмастай  жақсылығы 

көп еді-ау. Несін айтайын, Мәрзия өмірден өткенде 

қарашаңырақ  бір  жылдай  бос  тұрды.  Мұны  көріп, 

күрсіне  қиналатынбыз.  Ал,  бүгін  мың  жасағыр 

Ғалымжан сол шаңырақтың тіршілігін жалғастырып 

жатыр. Анадан көрген көрегенділігінің арқасы ғой, – 

деді.

Көзі  тірісінде  бір  әулеттің  бағы  болған,  ба-



уыры  бүтін  ағайынның  тілекшісі  болған  Мәрзия 

Мүбаракқызы  небәрі  66  жыл  ғұмыр  кешті.  Биыл 

марқұмның  өмірден  өткеніне  бір  жыл  толды. 

Сағыныш сезім қарашаңырақта отырған Ғалымжанға 

көп сезіле ме, ол ішкі мұңын осылай жеткізді.  

Жаныңа  жақын  адамның  жылығы  жүректе 

қалады,  сірә  ұмытылмайды.  Әрине,  басқа-басқа, 

ананың орнын ешкім толтыра алмайды. Өйткені ол 

Ана!

Ханым ТӨРЕХАН.

Анашым

№51  М.Қаратаев  атындағы  орта  мектебінің  дирекциясы  мен 

педагогикалық ұжымы осы мектептің мұғалімі Бейсенбаева Маржанға 

әкесі


Гастеллоның 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.



КӨҢІЛ АЙТУ

Жуырда Құттықожа ауылында тұрғындардың қатысуымен әкімшілік 

жанындағы қоғамдастық жиыны болып өтті. Алқалы жиынға Шалқия 

кенті  әкімінің  уақытша  міндетін  атқарушы  Еркін  Болғанбаев,  кенттің 

ақсақалдар  кеңесінің  мүшелері,  Қоғамдастық  мүшелері  қатысты. 

Күн  тәртібінде  ең  бірінші    медицина  саласының  ардагері,  «Құрмет 

белгісі»  орденінің,  «Еңбек  ардагері»  медалінің,  «Социалистік  жарыс 

жеңімпазы»  белгісінің  иесі,  «СССРО  Денсаулық  сақтау  ісінің  үздігі» 

Абил Нұрбаевтың есімін ауылдағы «Диірмен» көшесіне беру ұсынысы 

қаралды.  Жиын  барысында  Қоғамдастық  кеңес  мүшесі  Омар  Абдра-

манов ұсыныс жасады. Өз сөзінде ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару 

және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23-қаңтардағы №148 Заңға 

байланысты жиналыс төрағасы етіп Қоғамдық кеңес төрағасы  Махан 

Қошқаровты,  хатшы етіп Қоғамдық кеңестің хатшысы Құнанбай Абжа-

ловты ұсынды. Келесі кезекте жиын төрағасы президиумға шығып, күн 

тәртібіндегі мәселеге сәйкес, көшеге ат беру тәртібімен таныстырды. 

Сонымен қатар, еңбек ардагерінің айшықты өмір жолы, ерен еңбегі на-

сихатталды. Шара барысында ауданның бас дәрігері Сәулебек Ысқақов, 

«Ардагер»  Қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы  Серік  Төрежанов,  Ұлы 

Отан  соғысының  ерен  еңбегі  үшін 

1941-1945  жж  медальінің  иегері 

Әкбар  Құрбанбаев    бірауыздан 

Абил Нұрбаевтың есімін «Диірмен» 

көшесіне  беруді  қолдап,  ұсыныс-

пікір  білдірді.  Тұрғындардың  32-сі  

ұсынысты қолдады. Ал, қарсы пікір 

қаралмады.

ауыл күнін айшықтай түсті

Бұл  өмірде  ең  жақсы  адам 

кім?  Бақсақ,  баладан  білгір 

«дана»  жоқ. 

Әрине, ана! Өйткені дүниеде 

ананың мейірімі мен махаббаты 

теңдесіз. Оған 

жететін жақсылық атаулы 

жоқтың қасы екен. Мұхаммед 

пайғамбардан бір 

кісі сұраған дейді: – Кімге жақсылық жасауым керек? –деп. 

– Анаңа, – депті. 

– Келесі жақсылықты кімге жасайын, – дейді ол.

– Оны да анаңа жаса, –дейді пайғамбар.

– Үшінші рет кімге жақсылық жасаған дұрыс?

– Анаңа. Тек төртінші игілік әкеңе болсын, — депті пайғамбар.

Осыдан ой түйеміз, ана деген 

ардақты есім әрбір перзенттің 

жүрегінде 

жатталған ұлық жан  екен-ау 

деп. Шынында солай ғой, 

ол қадірлі орнымен 

құрметке ие. Өткен жылы 

Ғалымжан бауырымның анасы 

қайтыс болғанда 

оның қимастық сезімін, толғанысын 

қабағынан танып едім. Кейіннен 

ол: —

Бәріміз осы анамыздың арқасында 



жетілдік. Еңбектеніп, түн ұйқысын 

төрт 


бөліп жеткізді, – деген-ді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет