2016 жыл №82 (8002) 18 Қазан сейсенбі нұрлат байгенже



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата22.02.2017
өлшемі11,79 Mb.
#4684
1   2   3   4   5

ТҮЙІН. Мен өзгелер емес, өз ұлтымның на-

мысы  аяқ  асты  болғанына  шыдай  алмас  едім. 

Етегі  ашылып,  шашы  жалбыраған  қазақ  қызын 

интернеттің  қай  түкпірінен  көрсем  де,  оны 

жоюға бар күшімді саламын.  Қазақ қызының ар-

намысы үшін керек болса әлі де күресе беремін!

ОҚШАУ

ОҚШАУ


ОЙ

ОЙ

   Мақпал МАРҚАБАЙ.



СЕЛЬФИ 

сергелдеңі

ру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты аянбай тер төгуге 

шақырды.  Әрбір  адамның  әлеуметтік  қорғалуына  күш  са-

лынды.  Осы  жұмыстардың  барлығында  халқының  қамы 

үшін қанатымен су сепкен қарлығаштай болып Әбіш аға да 

жүрді. 


Әдебиетті ғана емес, әлемдік деңгейдегі даму бағытына 

қарыштап  қадам  басқан  тәуелсіз  Қазақстанның  тағдыр-

тарихында  талантты  тұлға,  сұңғыла  саясаткер,  ұлтжанды 

азамат Әбіш Кекілбайұлының өзіндік қолтаңбасы айрықша 

деуімізге әбден болады. 

Тағдыр сыйға тартқан қасиеттің қадіріне жетіп, бойдағы 

қайнар бұлақтың көзін ашып, арнасын айқындауда жан ая-

майтын алапат жігер мен телегей-теңіз білімге суғарылған 

асқақ  қабілеттілік  қажет.  Менмін  деп  жүрген  қаламгердің 

екінің  бірінің  бойынан  табыла  бермес  еңбекқорлығы  жа-

сынан  жетімдік  көріп,  тауқыметке  жаншылып  өссе  де  та-

лабын  жоғалтпаған,    өз-өзін  қайрап,  өмірдің  небір  қатал 

сынағынан сүрінбей өткен сырмінез тұлғаның есімін айдай  

әлемге  паш  етті.  Қатарластары  арасында  жарқырап    та-

нылып,    көпті  мойындатқан  туындалары  орынды  бағасын 

алды.  «Үркер»  (1981),  «Елең-алаң»  (1984)  романдары 

қазақ әдебиетінің табысы  ретінде бағаланып, 1986 жылы 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. 

Әбіш  Кекілбайұлының  тарихи  танымдық  және  ауыл 

өмірінен  жазылған  көркем  шығармаларымен  қатар 

«Дәуірмен  бетпе-бет»  деп  аталатын  сыни  мақалалары 

жинағы,  «Маңғыстау  түбегінің  өткені  мен  болашағы  тура-

лы»  тарихи-танымдық  баян,  1982  жылы  «Шыңырау»  по-

вестер  жинағы  жарыққа  шықты.    1992-1993  жылдары 

Таңдамалы  екі  томдығы,  1995  жылы  «Заманмен  сұхбат», 

1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы» атты публицистикалық 

мақалалар топтамасы, 1999 жылы 12 томдық шығармалар 

жинағы жарыққа шықты. 2009 жылы «Сыр десте» деп ата-

латын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, 

сөйлеген сөздерінен бес томдық жинағы оқырман қолына 

тиді.

Парасатты, озық ойлы шығармашылдығымен де, зерек, 



алыстарды болжайтын кемеңгер қайраткерлігімен де туған 

отанына  сіңірген  қалтқысыз  қызметі  орынды  бағаланып, 

«Отан»  орденімен,  Қазақстан  Тұңғыш  Президенті 

«Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Аяулы  тұлға  өткен  жылдың  11  желтоқсанында  бақиға 

озып кете барды.

Тау  алыстаған  сайын  биіктейді.  Соңына  мол  мұра 

қалдырған  сұлу  сөз  зергерінің  әрбір  шығармасын  әдебиет 

сүйер қауым іздеп жүріп оқыса, қоғамдық құрылымның сан-

салалы өкілдері замана сарапшысының толғамды зерттеу-

еңбектерінен таусылмас тағылым алып, көзқарасын ұштап, 

түсінік  қалыптастырып  келеді.  Болашақты  көріпкелдікпен 

болжаған  көсемсөз  шеберінің  бойдағы  барын  сарқыған 

асыл қазынасы «Мәңгілік Елдің» ұлысты ұрпағына әлі талай 

азық болары ақиқат.     

                                         

ӘМИДА БИДАШ. БҰЛ ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖІГЕРЛІ ҚЫЗДЫҢ ЕСІМІ. ОЛ 

КЕНТТЕГІ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТІ. БОЛАШАҒЫН 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУДЫ КӨЗДЕГЕН 

ӘМИДАНЫҢ АРМАНЫ АСҚАҚ. МАҚСАТЫ – АЙҚЫН. ҚАШАНДА ОҚУ ОРНЫН-

ДА БАСТАМАШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ. БЕЛСЕНДІЛІГІ 

ТАҒЫ БАР. БҰРЫМДЫ ҚЫЗҒА МҰНДАЙ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ ӨМІР 

АТТЫ МЕКТЕП ҮЙРЕТТІ.

Иә, Әмида өзге қатарластарына 

қарағанда  ерте  есейді.  Өйткені, 

әкесінен 

бір, 

анасынан 



небәрі  үш  жасында  айрыл-

ды.  Анасының  бейнесі  еміс-

еміс  есінде  қалса  да,  суретіне 

қарап  сағынышын  басады. 

Бүгінде  Әмида  сіңілісі  екеуі 

тұрмысқа  шыққан  туған  әпкесі 

Гүлзаданың  үйінде  күнелтуде. 

Біз  онымен  аудандық  орталық 

мешітте  таныстық.  Бұл  күні 

имандылық  үйінде  қайырымдылық 

шарасы ұйымдастырылған еді. Ел ағасы 

Амангелді  Мүбаракұлы  өзінің  70  жасқа 

толған  мерейтойын  өзге  замандастары  сын-

ды  дүркіретіп  тойламады.  Керісінше,  сауапты 

амалдың бастамашысы болды. Яғни, ата-бабасы 

мен дүниеден өткен бауырларының рухына ар-

нап  ізгі  іс  жасады.  «Жетім  көрсең  жебей  жүр» 

демекші, тағдыр талқысына түскен жетім бала-

лар мен тұрмысы төмен және әлеуметтік жағынан 

аз  қамтылған  160  отбасыға  азық-түлік  өнімін 

үлестірді.  Олардың  тең  жартысы  25  ауылдық 

округтен  болса,  қалғаны  кент  орталығынан. 

Және  аграрлы-техникалық  колледжден  жеті 

тұл  жетім  бар.  Иә,  жомарттықтың  негізгі  өзегі 

– қайырымдылық. Ал, қайырымдылық істер бар 

мен  жоқтың  арасынан  жақындатары  айқын. 

Аудандық мешіт алдына жиылған зиялы қауымда 

осы  тақырыпта  насихат  өрбітті.  «Садақаны 

сауыңда бер» деп уағызын бастаған найб-имам 

Мейрамбек Баймұратов көпшілікке ой саларлық 

сөзімен түйіндеді. Яғни, қолыңда 50 мың теңге 

бар кезінде садақа бере алуың үшін, қалтаңда 

50 теңгең бар кезінде садақа беріп үйрен деді. 

Өз  кезегінде  аудандық  ардагерлер  Кеңесінің 

төрағасы  Зинабдин  Шермағамбетов  елдің  аты-

нан  Амангелді  Абдуллаевқа  алғысын  айтты. 

«Бұл  алғашқы  емес.  Бұған  дейінде  Әбекеңнің 

қайырымдылық  істерінің  куәсі  болып  жүрміз. 

Бұл  ізгі  бастама  халық  арасында  кеңінен  на-

сихатталып жалғасын табады деген сенім мол. 

Қашанда  жоқ-жітікке  жәрдемдесіп,  қиналғанға 

қол ұшын созатын жомарт жандардың қоғамда 

саны  арта  берсін.  Елдің  және  қариялар 

қауымының атынан Әбекеңе алғыс айтамын», – 

деді З.Шермағамбетов. 

Иә,  дана  қазақ  «жетімді  қуантсаң  жер-

де  жетпіс,  көкте  жетпіс  періште  қуанады»  де-

ген.  Аталы  сөзді  руханиятпен  сабақтастырған 

ауданның  бас  имамы  Сайдулла  қажы  Ома-

ров  асыл  дініміз  Исламдағы  қайырымдылық 

жасаудың  сауабы  жөнінде  аз-кем  насихат 

өрбітті. 

–  Сүйікті  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.) 

қадірлі  сахабаларынан  әрдайым:  «Бүгін  бір 

жетімнің басынан сипадыңдар ма? Бір аурудың 

көңілін  сұрап  бардыңдар  ма?»  –  деп  сұрайды 

екен.  Өйткені,  Пайғамбардың  (с.ғ.с.)  өзі  дүние 

есігін  ашпай  тұрып  әкеден,  алты  жасына  аяқ 

басқан шағында анадан айырылып, жетімдіктің 

дәмін тартқан. Сол үшін жетім балалардың ата-

анасының  қамқор  қанатының  аясындағы  бала-

лардан  кем  болмай,  қамқорлық  аясында  өссе 

екен деген мақсатта сахабаларын  жігерлендіріп: 

«Басынан еш сипалмаған бір жетімнің басын ер-

келете  сипаған  кісіге  қолының  тиген  жеріндегі 

шаштардың  санындай  сауап  жазылады»,-  де-

ген. Сондықтанда бүгінгі қайырымдылық іс–көп 

үлгі. Өйткені, Аманагелді ағамыз мерейтойында 

дүркіретіп  той  жасап,  бәйге  шаптырып,  салым 

салдыруға шамасы жетеді. Десе де, пайымға са-

лып,  оның  орнына  жоқ-жітікке  жәрдемдесейін 

деген ізгілік іске тоқтады. Құптарлық, қуанарлық 

амал.  Хадисте  айтылады:  «Егер  кімде-кім 

жақсы  амалдың  басталуына  себепкер  болса, 

кейін  сол  амалды  жалғастырғандардың  сауабы 

алғашқы бастаған кісігіде келіп тұрады» – деп, 

ауданның  бас  имамы  діндегі  қамқорлық  пен 

бауырмалдықтың ғибратын сөз етті. 

Жүз 

алпыс 


отбасына 

үлестірілген 

қайырымдылық  мәзірінде:  бір  қап  ұн,  күріш, 

құмшекер,  макарон,  өсімдік  майы,  шәй  секілді 

күнделікті тұтынатын азық-түлік бар. 

–  Ел  ағасының  елеп-ескеріп,  жасап  жатқан 

хайыр-садақасы  қабыл  болсын.  Бұл  азық-түлік 

бізге  бірнеше  айға  жетеді.  Осындай  үлкен 

жүректі жомарт ағаларға Жаратқан кәсібіне бе-

реке,  отбасына  амандық  берсін  –дейді,  кент 

тұрғыны Санакүл Көгенбаева. 

Иә,  қазақта  пейілі  дархан  даладай  кең, 

қайырымды,  жомарт,  өзгеде  асыл  қасиеттерді 

бойына  жиған  адамды  «үлкен  жүректі»  дейді. 

Осы  сөз  тегін  айтылмаса  керек-ті.  Өйткені, 

үлкен  жүректі  Амангелді  Мүбаракұлы  «туған 

жерге  туың  тік»  деген  аталы  сөзді  ұран  етіп, 

апта  ағымында  кіндік  қаны  тамған  Қыраш 

ауылындағы  тұрмысы  төмен  30  отбасына  ар-

найы  қайырымдылық  мәзірін  жасайтынын  жа-

сырып  қалмады.  Әрі  23  қазан  күні  өзінің  70 

жасқа  толуына  орай,  ата-баба  және  дүниеден 

өткен бауырларының рухына «Би-Бек» мейрам-

ханасында  ас  беретінін  мәлімдеді.  Оған  бар-

ша  бұқара  қауымды  шақырып,  Құран  ішінен 

табылуға үндеді. 

Сөз басында мақалаға арқау болған Әмида 

Бидаш  қайырымды  жандардың  қам-көңіл 

жандарға  қол  ұшын  созуы–баянды  болашаққа 

жігерлендіретін ізгі қасиет деп біледі. 

                                                                          

Әбдісамат ӘБДІШ. 

 жәрдемдеспегенді 

Жарлыға


бай деме

ЕЛ АҒАСЫ 

АМАНГЕЛДІ 

МҮБӘРАКҰЛЫ 23 ҚАЗАН 

КҮНІ САҒАТ 12:00-ДЕ «БИ-

БЕК» МЕЙРАМХАНАСЫНДА 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АС БЕРЕДІ. 

ОҒАН КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ 

ШЕК ҚОЙЫЛМАЙДЫ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет