2020 жыл Үлгілік оқу бағдарлама қазақ тілі мен әдебиеті


Ұлттық таным және мерекелер



бет9/30
Дата16.09.2023
өлшемі135,72 Kb.
#108117
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
ЖМБ.ҚГБ. Қазақ тілі мен әдебиеті. ТУП жоба

Ұлттық таным және мерекелер

Ұлттық мерекелер. Еліміздегі діни мерекелер. Діни мерекелердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Рождество мерекесі. Рамазан айы. Айт мерекесі. Айтта айтылатын тілектер.

Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдары.

«Халық жауы» аталған қазақ қайраткерлері. Жүсіпбек Аймауытов – көрнекті жазушы, драматург. «Әнші» әңгімесі. «Әнші» әңгімесінің сюжеті. Шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселе.

Тұрақты сөз тіркестері. Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері. Шығармада кездесетін тұрақты сөз тіркестері.



1)Прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.

1)Шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
2)Автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;
3)Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, интервью) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды.

2)Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету.



1)Мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрайды, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді;
2)Интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;
3)Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды.
4)Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

3)Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, интервью) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасау.

1)Мәтіндер бойынша жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы жағынан салыстырмалы талдау жасайды;
2)Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады;
3)Мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орын-
ды қолданады.

4)Тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу.

1)Публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазады;
2)Жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады.

5) Мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану.

1)Есімше сөздердің қызметін мысалдар келтіру арқылы нақтылайды.
2)Стильдік қызметіне қарай есімше сөздерге мысалдар келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет