2020 жылдың қыркүйек айында электронды БАҚ пен сайттарда және әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар бойынша
ШОЛУ АҚПАРАТ
1. Жалпы жинақталып, қаралған жарияланымдар саны: 1341
БАҚ бойынша - 1059
Өзектілігі бойынша - 339
Әлеуметтік желілер бойынша - 282 жарияланым
Өзектілігі бойынша - 115
2. Әлеуметтік желілерде көрініс тапқан өзекті жарияланым авторлары:
№
|
Автор
|
Жарияланым саны
|
1
|
Шыңғыс Беріш
|
13
|
2
|
Мұртаза Бұлұтай
|
11
|
3
|
Калила Умаров
|
5
|
4
|
Асқар Сабдин
|
4
|
5
|
Талғат Рысқұлбек
|
4
|
6
|
Досай Кенжетай
|
3
|
7
|
Құдияр біләл
|
3
|
8
|
«Али» студиясы
|
3
|
9
|
Шуылдақ Шадырман
|
3
|
10
|
Тоқтар Абыз
|
2
|
11
|
Малик Актобе
|
2
|
|
|
|
|
|
|
Әлеуметтік желілерде талқыланған негізгі мәселелер (тақырыптар):
1. Тәңіршілдердің әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізуі;
2. Араб есімдерінің қазақ балаларына көптеп қойылуы;
3. Тәңіршілдердің қазақ тіліндегі лексикологиялық мәселерді қозғауы;
4. 30 жыл шариғат заңын ұстанған Судан елінің зайырлы заң жүйесін қабылдағаны жайлы;
5. Еліміздегі дін саласы бойынша жауапты мемлекеттік органдардың белсенді әрекеттері;
6. Отандық телеарнаға Орал қаласы дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының «Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) медицинасы» тақырыбында берген сұхбаты;
7. Бекболат Тілеуханның тұлғасына қатысты пікірталастар;
8. «Сириялық содырдың» емделуге мұқтаждығын жариялауы турасында;
9. Тәңіршілердің «жаңаша» жаназа шығаруы жайлы жарияланым;
10. Бекболат Тілеухановтың қару-жарақ сатуға қатысының бары жайлы тараған ақпаратты қоғам белсенділерінің сатиралық жанрда бейнелеуі;
11. Мұсылмандық және тәңіршілдік ілім өкілдерінің арасындағы дау бойынша жарияланымдар;
12. Тәңіршілдік өкілдерінің ислам дінінің құндылықтарына ашық түрде тіл тигізетін жарияланымдар жасауы;
13. Францияда оңшыл және республикалық партияның парламентшілері хиджабтағы студенттің залда болғанына ашық наразылық білдіруі туралы;
14. Өзбекстан мемлекетінде «Хизбут-Тахрир» экстремистік ұйымы мүшелерінің құрықталуы;
15. Серікжан Біләш Қытайдағы қандастарымыз арасында "Жарқын 7" деген лақап атпен радикалды діни саяси уағыз жүргізгендігі турасында;
16. Атырау қаласындағы "Дина" базарында заңсыз діни әдебиет саудасы анықталды;
17. Орал қаласының 17 жастағы тұрғыны тыйым салынған кітаптарды сатқан;
18. "Мазар қиратушылар" туралы.
3. Электронды БАҚ пен сайттарда жарияланған негізгі мәселелер (тақырыптар):
1. Франциядағы "Шарли Эбдо" басылымының Мұхаммед пайғамбарға қатысты карикатура жариялауы;
2. «Әзірет сұлтан» мешітінде Президент жолдауының талқылануы;
3. Запорожьедегі Украина казактарының ЛГБТ шеруіне қарсы шығуы;
4. 2017 жылғы Стамбұлдағы террактіге қатысты Абдулкадир Машариповты 1368 жылға бас бостандығынан айырғаны жайлы ақпарат;
5. Қытай билігінің христиандық діндердің (бағыттардың) таралуына үкімет тарапынан кедергілер тудырып отырғаны жайлы ақпарат;
6. Еліміздегі «Мектепке жол» атты қайырымдылық іс шарасы жайлы ақпарат;
7. Швеция мемлекетіндегі Құран кітабінің өртелуі мен Норвегиядағы исламға қарсы әрекеттерден кейінгі оқиғалар;
8. Теміртаулық блогердің экстремистік материалдар үшін жазаға тартылуы;
9. Елімізде тірі адамның өзінің жерленетін жерін алдын ала дайындауы жағдайының көбеюі туралы;
10. Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі мұсылман дінін ұстанушы ұйғырлар мен қазақтардың әлі күнге билік тарапынан қысымға ұшырап жатуы;
11. Тәңіршілдік сенім өкілдері өткізген жаназа рәсімі жайында;
12. Отандық телеарналардың біріне қыз баласын зорлықшымен татуластыруға барған имам туралы ҚМДБ мәлімдемесі;
13. Үндістан мемлекетіндегі мұсылмандарға қатысты төзімсіздік турасында;
14. Өзбекстан мемлекетінде хиджаб киюге салынған тыйымның ресми түрде алынып тасталуы;
15. Орыс православ шіркеуі короновирусқа қарсы екпені салуға шақырғаны жайлы;
16. Әлем елдеріндегі террористік ұйымдардың белсенділігі және антитеррористік іс-қимылдар жайлы ақпараттар;
17. ҚМДБ-ның "Тәңіршілдердің мәйіті мұсылман зиратына қойылмайды!" деп жариялауы туралы;
18. Елімізде «Ата жолы» оккультті-мистикалық діни бағыт өкілдерінің құрықталуы турасында;
19. Ресей мемлекетінің өзгертуге ұсынылған заң жобасына барлық үлкен конфессия өкілдері наразылық білдіруде;
20. Ақтөбе облысында «хиджаб» киген местеп оқушысының өз қатарласына күш көрсету фактісі жайында;
21. Өзбекстан мемлекетінде сенім және дін бостандығы туралы заңына өзгерістер енгізуі турасында;
22. Рессейдің Ішкі істер министірлігі экстремисттік идеалогияға бейім жастарды аңықтауға арналған нұсқаулықты дайындағаны жайында;
23. Шри-Ланка мемлекетінде буддизмді ұстанушылар санының артуына байланысты елде сиыр союға тыйым салынбақ;
24. Германия мемлекетінің Ор-Эркеншвик қаласында мешіттегі азан шақыруға қатысты сот ісі турасында;
25. Украина мемлекетінің мектеп оқушыларына УПШ (Украин православие шіркеуі) тарихын оқыту мәселесі;
26. Парижде Charlie Hebdo журналының бұрынғы кеңсесіне шабуыл жасалуы;
27. Атырау облысында деструктивті діни ағымының ұстанушысы кәмелетке толмаған қызды зорлауы туралы;
28. Әлеуметтік желілер арқылы таралған әйелді интимді жолмен "емдейтін" молданың видеосы туралы.
4. Байқалған құбылыстар мен тенденциялар:
1. Пандемия кезінде ДАИШ мүшелерінің белсенділігінің артуы;
2. Қазақстанда жаңа туылған нәрестелерге арабша есімдердің көптеп қойылуы;
3. Белоруссиядағы жағдайға көптеген елдердің діни ұйымдары мен діни тұлғаларының "үн қосуының" белең алуы;
4. Еуропа елдеріндегі исламға қарсы қозғалыстар мен исламофобиялық көңіл-күйдің жаңа бір толқыны басталғаны байқалады;
5. Өңірлердегі дін мәселелерін зерттеу орталықтары тарапынан ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар барысында мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанымдары мен зайырлылық қағидаларының бұзылуы;
6. Жаңа оқу жылының басында өңірлерде ұйымдастырылып жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық шараларындағы ҚМДБ белсенділігі;
7. Тәңіршілдік өкілдерінің жариялы түрде жаназа шығарып, дәстүрлі мұсылман құндылықтарын жоққа шығаруы, ерекше белсенділігінің арта түсуі және нақты, жоспарлы қадамдарға баруы байқалады;
8. Қазақстан аумағында 2009 жылы заңмен тиым салынған «Ата жолы» оккультті-мистикалық бағытының қайта жандана бастағаны байқалады;
9. Соңғы уақытта деструктивті діни бағыт өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілерде, онлайн форматта жүзеге асырып жүргендіктері байқалады;
10. Украина мемлекетінде православиелік шіркеулерге қатысты халық таңдауы турасындағы талқылаулардің әлі де болса бәсеңдемеуі байқалады;
11. Ресей, Өзбекстан сынды көршілес мемлекеттердің дін саласындағы заңнамаларына өзгерістер енгізу құбылысы байқалады;
12. Антиисламистік көңіл-күйдің Еуропа мемлекеттерімен шектелмей, соңғы уақыттарда Шри-Ланка, Үндістан сынды мемлекеттерде көрініс табуы байқалады;
13. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысты саяси реттеуге шақыруы діннің халықаралық деңгейде саясилануын байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |