1.3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Басқарма басшысының өкілеттігі: Басқарманың жұмысына басшылық етуді жүзеге асырады; Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершіліктерінің деңгейін белгілейді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынасындағы мәселелері оның құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады; Өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады; Өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді; Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді; Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке жауапкершілік белгілей отырып, ол үшін әрекет етеді; Өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
2." Ақтөбе қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасы " мемлекеттік мекеменің бюджетін қарастыру.
2.1. Бюджет атқарылуының негізгі рәсімдері
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы: түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды; түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді; бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған бюджет қаражатын Бюджеттік Кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуі мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде бірыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды. Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті. Қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Ақтөбе әкімдігі қоғамдық кеңестің отырысында астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді. Ақтөбе әкімдігі есепті қаржы жылындағы астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге: ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей астананың тексеру комиссиясына; ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей астананың мәслихатына ұсынады. Мәслихат өткен қаржы жылындағы астана бюджетінің атқарылуы туралы астана әкімдігінің жылдық есебін астана бюджетінің атқарылуы туралы астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды. Қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Жалпы өңірлік өнім 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айылары бойынша (шұғыл деректер бойынша) 5823,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,0% артық. Адам басына шаққандағы ЖӨӨ 5522,5 мың теңгені құрайды, бұл көрсеткіш республика бойынша орташа көрсеткіштен 1,7 есе артық (3261,8 мың теңге). Өнеркәсіп кәсіпорындары 2018 жылдың қаңтар-желтоқсаны бойнша 601,7 млрд. теңгеге өнім өндірді, НҚИ – 106,7%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 108,8%, электрмен қамту саласында 108,7% құрады. Қала экономикасына 1 056,7 млрд.теңге инвестицияланды,НҚИ – 100,7%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 506,0 млрд.теңгені құрады, НҚИ – 79,4%. 2 378,1 мың ш.м. тұрғын үй енгізілді, 100,8 % жоғарылады. ШОБ саласында әрекет етуші субъектілердің саны 28,2%-ға, 124,7 мың бірлікке ұлғайды. Бөлшек тауар айналымының көлемі 5%-ға, 1 171,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Жыл басынан бастап 22 000 жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың ішінде шамамен 77% немесе 17 000 орын – ШОБ саласында. Жұмыссыздық деңгейі 2018 жылда 4,5% құрады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға орта айлық көлемі 5,6%- ға өсіп, 237,5 мың теңгені құрады. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы Ақтөбе қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері Ақтөбе қаласы бюджетінің негізгі параметрлері Ақтөбе қаласының бюджетіне келіп түскен түсімдер 429 989,8 млн. теңге құрады немесе 3 992,9 млн.теңгеге асыра орындалды. Шығыстар 431 070,9 млн.теңге немесе жоспарға қатысты 99,8% құрады. Қала бюджетін орындау барысында 4 бюджеттік түсініктеме және 9 түзету жүргізілді.
2019 жылға арналған Ақтөбе қаласы бюджетінің атқарылуы. 2019 жылға Ақтөбе қаласының бюджетіне келіп түскен түсімдер 429 989,8 млн. теңге құрады және 425 996,9 млн. теңге сомасындағы есепті кезеңдегі жоспарға қатысты 100,9 %-ға атқарылды. Ақтөбе қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылға арналған бюджетін орындау туралы есебіне ұсыныстары: Барлық жауапты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың салықтық түсімдер мен жергілікті бюджетке төлемдерді арттыру жөніндегі тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; Даму бағдарламаларын жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін құрылымдық бөлімшелердің жауапкершілігін күшейту және «Ақтөбе қаласын дамыту» бағдарламасының үйлестірушісімен өзара іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қабылдау; Қаланы дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді көрсететін жоспарлау нысаналы көрсеткіштерінің сапасын арттыру;
Бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыру мақсатында, сондай-ақ үкіметтің әр деңгейінде бюджеттік шешімдерді теңдестіру, бюджеттік мүмкіндіктерді есепке ала отырып, жобаны іске асыруды басымдықты ету тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет; Ақтөбе қаласы бюджетінің - 2019 жылдың қорытындысы бойынша астанада 9,8% жалпы ішкі өнім өңдірілді, мемлекеттік бюджеттің 8,7% табысы қалыптастырылды және елдің негізгі капиталына 9,5% инвестиция тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат finreview.info-ға сілтеме жасап. Ақтөбе қаласы заманауи ұлттық экономиканың дамуында ерекше рөл ойнайды. Қала аймағы 801,5 шаршы шақырымды құрайды, онда республиканың 5,9% халқы тұрады (2019 жылғы I тоқсанының соңында - 1,1 млн адам). 2018 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 5,8 трлн теңгеге жетті, 1 жылдағы өсім ақшалай баламасында 3,7% құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша халыққа шаққандағы ЖӨӨ 16 мың АҚШ долл. (5,5 млн тг) құрады, сол арада мемлекет бойынша орташа көрсеткіш - 9,5 мың АҚШ долл (3,3 млн теңге) құраған 2019 жылдан бастап өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 еседен астам көрсеткішке өсті - 146,8 млрд-тан 340 млрд теңгеге дейін артты. Аталмыш уақыт аралығында ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің үлес салмағы пайыздық қатынас бойынша есептегенде 3,7%-дан 5,8%-ға өсті. ЖӨӨ-нің (41,1%) негізгі көлемін қалыптастыратын салалар - бөлшек және көтерме сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (1,1 трлн теңге); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (672,5 млрд теңге) және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар (637,5 млрд теңге) Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін инновациялық жобаларды жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймақтың аумағына инвесторларды тарту бойынша жұмыстар СЭЗ 153 қатысушыларының арасында жалпы құны 2 трлн теңгені құрайтын 393 жобаны іске қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, № 1 Индустриалды саябақта 71 жоба жүзеге асырылып жатыр, оған 143,2 млрд теңге тартылды және қазірдің өзінде 1,1 млрд теңгеден артық сомаға өнім өндірілді. Бүгінгі таңда, Ақтөбе қаласы инвестицияның өңірлік орталығы болып табылады. 2018 жылы қала экономикасына капитал салу көлемі 1,1 трлн теңгені құрады - бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,9% -ға артық және 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2 есе көп. 2019 жылдың 5 айы ішінде астананың негізгі капиталына инвестиция 189,2 млрд тг. құрады. Кірістер 412 481,0 млн. теңге немесе 101,0 %-ға атқарылған, оның ішінде салық түсімдері 248 290,0 млн. теңге немесе 100,8 % құрады, салықтан тыс түсімдер – 7 427,7 млн. теңге немесе 115,6 %, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 12 226,0 млн. теңге немесе 109,3 %, трансферттердің түсімдері – 144 537,2 млн. теңге немесе 100 %. Салық түсімдері 246 366,5 млн. теңге жоспар кезінде 248 290,0 млн. теңге (100,8 %) құрады немесе 1 923,5 млн. теңгеге асыра орындалды. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспар – 11 185,4 млн. теңге, келіп түсті – 12 226,0 млн. теңге (109,3 %), немесе 1 040,6 млн. теңгеге асыра орындалды, оның ішінде келесі бағыттарда: мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату бойынша – 412,5 млн. теңге (жоспар – 9 152,2 млн. теңге, келіп түсті – 9 564,7 млн. теңге немесе 104,5 %-ға); Жердi және материалдық емес активтердi сату бойынша– 628,1 млн. теңге (жоспар – 2 033,2 млн. теңге, келіп түсті – 2 661,3 млн. теңге немесе 130,9%). Республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер 144 537,2 млн. теңге құрады немесе жоспарға қатысты 100,0 %, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер – 32 620,1 млн. теңге; нысаналы даму трансферттері – 111 917,1 млн. теңге. 2020 жылғы жағдай бойынша, шығыстардың орындалуы 431 070,9 млн. теңге құрады немесе есепті кезеңге арналған жоспарға қатысты 99,8 %, оның ішінде шығындар – тиісінше 398 085,4 млн. теңге немесе 99,8%. 2020 жылға арналған Ақтөбе қаласы бюджет шығыстарының орындалуы(функционалдық топтар бөлінісінде) Шығыстардың орындалу құрылымында ең көп үлес салмағын тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық шығыстары – 25,2%, білім беру – 18,0 % , көлік және коммуникация – 18,2%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 7,1 %, отын-энергетикалық кешен шығыстары – 7,7 %, трансферттер – 5,5 %, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік – 2,7%, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 2,7 %, денсаулық сақтау – 2,7 % құрайды, басқалары – 4,5% 2.32020 жылдың 9 айының қорытындысы Ақтөбе қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент қызметінің нәтижелері туралы ақпарат. Аудиттелген қаражаттың жалпы көлемі 172,3 млрд. теңге болды. Жүзеге асырылған іс-шаралар нәтижесінде 86,8 млрд. теңге немесе 50,4% аудитпен қамтылған жалпы сомасынан құралады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 18,9 млрд. теңгеден астам соманы немесе 21,7 % құрайды, 11 ал процессуалдық бұзушылықтар саны – 20,8 млрд. теңгеге немесе 23,9 % – ға ие болды, мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылықтар жалпы сомасының 47,1 млрд.теңге немесе 54,4 % анықталды.Сонымен қатар, өзара іс-қимыл шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган прокурорлары мен қылмыстық қудалау қызметекерлерімен бірлесе Департамент мамандары 56 тексеруге қатысты, тексеру барысында шамамен 7,1 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу 2,4 млрд. теңгені құрады.
Қаржылық бақылау шаралары жоғарыда аталған Заңның 5- бабы 2-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою үшін барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырыстар үшін міндетті болып табылады және жауапты адамдарды қарау, олар жасаған. бұзушылықтардың жалпы сомасының 18,9 миллиард өтемақы / оңалту жатады, бүгінгі күнге дейін бюджет кiрiсiне өтелуге, ал жұмыстар мен қызметтерді орындау қалпына ол туралы, тауарларды жеткізу астам 5,1 млрд. теңге.Бюджетке өтеу және қалпына келтіру үшін қалған сомалар үшін жұмыстар мен қызметтерді орындау арқылы қылмыстық, соттық және талапқа байланысты жұмыстар жүргізіледі.Жасалған бұзушылықтар үшін 65 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Сондай-ақ, жауап шараларының бірі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдерге құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғау және (немесе) қарауға уәкiлеттi органдарға беру болып табылады.
Мәселен, есепті кезеңде әкімшілік лауазымды және әкімшілік лауазымды тұлғаларға қатысты 52 шешім бойынша жалпы сомасы 5,4 млн. теңге салынды, оның ішінде 4,3 млн. теңгені немесе 79,6 % -ды құрады.Рәсімдік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 24 аудиторлық материалдары берілді.Аудиттің нәтижесінде белгілі бір нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жасалды.Департаменттің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің сақталуы жөніндегі іс-шаралары құқық қорғау органдары мен Этика Кеңесінің өкілдерімен бірлесіп әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мақсатында, Департаменттің қызметкерлерімен жеке жоспар бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша әрбір маманның назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, этикалық және кәсіптік мінез-құлық нормаларының қатаң сақталуына назар аудару бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Аудиторлық объектіге мамандарды жіберген кезде дайындық жұмыстары, аудиттің сапасы жөніндегі нұсқаулық, мемлекеттік аудит стандарттары мен қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу міндетті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |