2021 жылғы «31» тамыздағы № 444бұйрығына қосымша.
4-тарау. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру 18. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін негізгі критерийлер:
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша білік пен оқу-танымдық қызмет дағдыларының қалыптаспауы;
2) білім алушы оқу тапсырмаларын орындай алмайды немесе орындауға қиналады;
3) табысты оқыту үшін қажетті жеке қасиеттердің даму деңгейінің жеткіліксіздігі, дербестік, ұйымшылдық көріністері;
4) білім алушының білім олқылықтарына байланысты эмоциялық жайсыздығы.
1. Педагог:
1) білім алушылардың қиындықтарын, оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтайды;
2) жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделейді;
3) сараланған тапсырмаларды таңдай отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізеді;
4) тұрақты кері байланыс жүргізеді;
1. Педагогикалық ұжым (әдістемелік бірлестіктер) іске асырады:
1) педагогтердің сабақтарды бірлесіп жоспарлауы, олқылықтарды есепке ала отырып, сабақта білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру (оқу материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу қызметін алгоритмдеу және т. б.);
2) оқу қызметі барысында сүйемелдеу және кеңес беру;
3) сабақта психологиялық бейімделуді қамтамасыз ету;
4) оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табыс жағдайларын жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т. б.);
5) білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім алушылармен тұрақты сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру және т. б.);
6) қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру;
7) білім алушыларға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс
2. Педагогтарға арналған ұсыныстар:
1) оқу мақсаттарын, өткен және ағымдағы оқу жылындағы сабақтардың тақырыптарын интеграциялау;
2) өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне пәндер бойынша бөлу;
3) жаңа тақырыпты/оқу мақсатын түсіндіргенге дейін оқу материалын қайталап шығу;
4) білім алушыларда қиындық тудырған тақырыптар бойынша сабақтар өткізу;
5) күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша білім алушылармен жеке және топтық жұмыс жүргізу;
6) формативті бағалау жүргізу кезінде өткен бағдарлама бойынша оқу тапсырмаларын енгізу.
2022-2023 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру.
- 2022-2023 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
- Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді.
- Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.
- Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізіледі.
- Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы алгоритмінің үлгісі ұсынылады (www.nao.kz).