2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет15/17
Дата24.05.2023
өлшемі32,78 Kb.
#96627
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Есеп №14

Қызметкер жұмыста дәлелсіз себеппен 2сағат бойы болмады. Жұмыс беруші ҚР Еңбек Кодексінің 54 бабының 1 тармағы 6 тармақшасы бойынша біржақты тәртіппен еңбек шартын бұзды.


Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма?


Есеп №15

Азамат Черенков 10 сәуірде маусымдық қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды. 16 шілде күні ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Әкімшілік шарт мерзімі аяқталғанша оны жұмыстан босатпайдындығын айтып, оның өтінішін қабылдаудан бас тартты.


Маусымдық қызметкер дегеніміз кімдер?
Маусымдық қызметкердің өз бастамасымен жұмыстан шығуға құқығы бар ма?

Есеп №16

Зығыр комбинаты директоры өндірістік қажетілікке байланысты сенбі күні (демалыс күні) барлық қызмткерлерге жұмысқа шығуға ұсыныс жасады. Осы үшін жыл сайынғы демалысқа қосымша күн беретіндігіне уәде берді. Қызметкерлерлің бірқатары директордың ұсынысымен келісті, бірақ көпшілігі сенбі күнгі жұмыс үшін екі есе төлеуді талап етті. Ал кейбіреулері демалыс күні жұмысқа тек үкіметтің қаулысы негізінде ғана жол берілетіндігін айтты.


Комбинат директорының әрекеті заңды ма?
Қызметкерді демалыс күндері жұмысқа тартуға жол беріле ме?
Есеп №17

Көп этажды объект құрылысында бетонды қоюды аяқтау үшін барлық бетоншыларға әкелінген бетонды толық қойып болғанша жұмыстан кетпеуге бұйрық берілді. Бұйрықты орындамағандарың жұмыстан шығарылатындығы ескертілді. Осыған байланысты барлық қызметкерлер күнделікті нормадан 4 сағат артық орындады. Өызметкерлер прорабтан бұл жұмыстарға ақы төлену тәртібін сұрады, ол бұл жұмыстардың олардың еңбек міндеттеріне жататындығын, сол себепті бұл жұмыстары үшін ешқандай ақы төленбейтінін айтты.


Әкімшілік әрекеті заңды ма? Қызметкерлерді үстеме жұмысқа тарту тәртібі қандай? Мерзімінен тыс жұмыстар үшін ақы қалай төленеді.
Есеп №18

Ауысым бойынша жұмыс жасайтын кәсіпорында түнгі ауысымда қосымша жұмыстарды орындауға қызметкерлер санының жетіспеуіне байланысты 18 жасқа толмаған қызметкерлер тартылды.


Кәсіпорын әкімшілігінің әрекеті заңды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет