2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет17/17
Дата24.05.2023
өлшемі32,78 Kb.
#96627
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Есеп №24

ҚР-да қандай күндер мереке күндері болып есептеледі? Құрбан айттың алғашқы күні және Рождество мерекесі (православное Рождество) демалыс күні ме, әлде мереке күні болып есептеле ме?




Есеп №25

Жұмыс беруші еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жүкті әйелді жұмыстан шығара ала ма? Әйелдерге және отбасылық міндеттері бар өзге адамдарға жұмыс режтимі мен демалыс уақытын белгілеудің қандай ерекшеліктері бар?



Есеп №26

Ұйымның меншік иесі заң кеңесшісінен кеңес сұрады. Ол кәсіпорынның меншік иесінің өзгергенін, сол себепті ұжымдық шартты қайта жасаудың қажеттігі бар ма деп сұрады.


Қойылған сұраққа жауап беріңіз?
Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі және тоқтатылуы туралы не білесіз?

Есеп №27

Жұмыс беруші жергілікті өзін-өзі басқару органына өзінің ұйымында құрылған кәсіптік одақтардың қызметіне тиым салу туралы өтінішпен барды. Ол кәсіптік одақтардың оның шешімдеріне араласатындығын және ұжымдық шарт жасасу үшін әрекет жасап жүргенін айтып шағымданды.


Оның талабы орынды ма?
Кәсіптік одақтар қандай қызметтер атқарады?
Ұжымдық шарт мазмұнына қандай ережелер енгізілуі мүмкін?
Есеп №28

Жұмыс беруші ұжымдық шарт бойынша келіссөздерге қатысушыларға келіссөздер жүргізу кезеңіне орташа жалақысын төлеуге міндетті ме?




Есеп №29

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері бар?


Есеп №30


Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органдардан ақпараттар мен консультациялар алуға құқығы бар ма? Қандай нормативтік актілерге сүйене отырып жауап бересіз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет