2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет16/20
Дата24.05.2023
өлшемі38,44 Kb.
#96626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Есеп №17

72 жасар Үсенова Нояновпен жасасқан өмір бойы күту мен асырау шартын бұзу жөніндегі талап арызын сотқа ұсынады. Талап арызында Үсенова жеке меншік құқығындағы тұрғын үйін ешкімнің меншігіне бермейтінін, өйткені оны тұрғын үйі жоқ немере қызына өсиет бойынша беруге ниеті барын көрсетеді. Ал өмір бойы күту мен асырау шартына қатысты болса, оны жиені Оспанов оған айтпастан жасасқан. Үйді сатып алушы Ноянов талап арызға қарсылық білдіре отырып, шынымен Оспановпен шарт жасасқанын, бірақ соңғысының қолында тиісті түрде жасалынған Үсенованың мүлігін басқару жөнінде бас сенімхаты бар екенін түсіндіреді. Сондықтан да, оның ойынша, шартты жарамсыз деп танудың негізі жоқ. Ол өз мойнына алған міндеттемелерді тиісті түрде орындап отыратынын және шын мәнінде қаржыға және қосымша күтімге мұқтаж болған Үсенованың мүддесі ешбір түрде қысылмайтынын айтып, сотты сендіреді. Осыған қарамастан Үсенова шартты бұзуды талап етеді.

Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?


Есеп №18

Күмісбаев пен Арынбеков арасында 2001 ж 14 қыркүйегінде автокөлік сату жөнінде шарт жасалады. Келісім бойынша Арынбеков шартта көзделген бағаның тек жартысын төлейді, қалғанын 2001 ж 31 желтоқсанынан кеш қалдырмай өтеу міндеттемесін қарыздық қолхат береді. 2002 ж ақпанында Күмісбаев қатты ауырып, 2002 ж 20 ақпанында мезгілсіз қайтыс болады. Мұрагерлік құқыққа ие қызы Шораева басқа қалада тұрып жатты және қарыз туралы ешнәрсе білген жоқ. Тек 2004 ж шілде айында әкесінің қағазын реттестіру кезінде қарыздық қолхатты кездейсоқ байқап қалып, Арынбековтен қарызды қайтаруды талап етеді. Арынбеков сатып алған көлігінің 1 айдан пайдаланудан соң кемшіліктері шыға бастағанын айтып, қарызды қайтарудан бас тартады.


2005 ж 15 қаңтарда Шораева сотқа Арынбековтан қарыз ақшаны алып беру жөнінде талап арызын ұсынады. Талап арызға берген жауабында Арынбеков арыз берушінің талап қою мерзімін өткізіп алғандығын, сонымен қатар автокөліктің анықталған кемшіліктеріне байланысты талаптың шын мәнінде негізсіз екендігін айтып сотты талап арызды қабылдамаудан бас тартуын сұрайды.

Шораеваның талабы қанағаттандырылуы тиіс пе? Талап қою мерзімі дегеніміз не? Берілген жағдайда талап қою мерзімінің өтуі қай уақыттан басталады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет